Абай Құнанбайұлы «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдері
5 сынып
І. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдер.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығын оқыту. Абайдың қысқаша өмірімен таныстыру. Абайдың шыққан ортасы, тегі туралы айту. «Қыс» өлеңінің тілдік ерекшелігін оқыту. «Қыс» өлеңінің көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу.
- Өлеңдегі табиғат суреті
- Адамның табиғатпен байланысы
- Адамға қатты қыстың қаупі
Тәрбиелік: оқушыларды қыстыгүні құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, еркін, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын тәсілдер: «Топтастыру», дамытпалы технология
Көрнекіліктер: Абай портреті, жыл мезгілдері суреті, эвристикалық тапсырмалар.
ІІІ. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Үй жұмысын қорытып, жаңа сабақ түсіндіремін. Абай Құнанбаев жайлы интерактивті тақта арқылы балалық шағынан бастап, жазған шығармалары жайлы, туған жері, мұражайдағы сақталған заттары жайлы айтып өтемін.
Абай 1845 жылы туған. Абай 10 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды.
1904 жылы ескіше 23 маусымда Шыңғыстау сыртындағы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған Абай Құнанбаевтың сүйегі Жидебайға жеткізіліп, сол жерге қойылды.
Абай ескерткіші Алматы қаласындағы Абай атындағы алаңға 1960 жылы
Орнатылған. Жалпы биіктігі 13, 7 м. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған.
Оқушыларға алдын - ала берілген тапсырма бойынша Абай Құнанбаев жайлы шығарған өлеңдерін оқытамын.
Абай ақын ер еді,
Абай дана, сері еді.
Абайдың рухын өлтірмей,
Асқақтатқан елі еді,
Аспандатқан жері еді.
Ақын жаны кең еді,
Ойлағаны ел еді.
«Халқым, жұртым» дегенде
Талай шабыт кеп еді,
Дара ақын өр еді,
Жүрген жері төр еді.
Жұртына өлең қалдырған
Абай неге өледі?!
Абай неге сөнеді?!
Ақын дауыл, сел еді,
Жазира, дархан бел еді.
Мыңмен жалғыз алысқан,
Арыстандай ер еді.
Дана Абай тәлім жолын салалады
Саңлақ сала сабырмен саралады.
Шәкәрімнен бастаған шәкірттері,
Өлеңде өз орнын даралады.
Аты өшпейді Абайдың мұным анық,
Ар - ұжданын намысқа жанып алып.
«Қалың елім - қазағым» деп жырлады,
Зередей әжесінен тәлім алып.
Ұлы Абайды ұлы пірім санаймын
Қателессем, өлеңіне қараймын
Ақ әулием періштесі болған соң,
Біз үнемі қасындамыз арайдың.
Дана Абайға тең келмес ешбір ақын
Танытты ол адамзаттың асыл затын.
Қырық бес қара сөзді жазып кетті
Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.
Әр сөзінде астарлы ой тұрады,
Оқысаң, ашылады ой тұманы
Сүрініп, жығылмауға абайды оқы
Абай сөзі – қазақтың бой тұмары.
«Қыс» өлеңі
Алдымен «Қыс» өлеңін әуезді деңгейде үнтаспа арқылы тыңдатамын.
Оқушылардан төменгі сыныпта өткен Абай Құнанбаевтың жыл мезгіліне арнаған тағы қандай өлеңдері бар екенін естеріне түсіремін. Екі шумақтан жатқа айтқызамын.
КҮЗ
ЖАЗ
ЖАЗҒЫТҰРЫМ
«Қыс» өлеңін талдау
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды
Бурадай бұрқ - сарқ етіп долданғанда
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Тақтаға эвристикалық тапсырмалар ілінеді. Бұл эвристикалық тапсырманың әр оқушының дербес оқу еңбегінің дамуына ықпалы зор.
- Өлең неше бунақтан тұрады?
- Өлең неше тармақтан тұрады?
- Ұйқасы біріңғай дыбыстармен аяқтала ма?
- Қыстың сипатын қай шумаққа дейін аңғардыңдар?
- Балаларға қыстың қандай әсері бар екен? (Ақын сөзімен айтқанда)
- Үлкендерге қыстың қандай әсері бар? (Ақын сөзімен айтқанда)
- Қыс малдың қай түріне жайсыз? (Ақын сөзімен айтқанда)
- Қыспен бірге қандай жыртқыш келеді? (Ақын сөзімен айтқанда)
- Лирикалық қаһарманның қандай қамқор сөзін байқадыңдар? (Ақын сөзімен айтқанда)
«Топтастыру» стратегиясы бойынша Абай Құнанбаев туралы білетіндерін, естігендерін жинақтау
ІV. Сабақты қорытып, үйге тапсырма беремін.
1 – ші қатарға «Қыс» тақырыбына сурет салу
2 – ші қатарға «Жаз» немесе «Қыс» тақырыптарының біріне шығарма жазып келу
3 – ші қатарға қысқа, жазға байланысты мақал - мәтелдер, жұмбақ жазып келу.
V. Бағалау
Абай Құнанбайұлы «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдері. жүктеу