Орманға көмек берейік. (Экологиялық ертегі – қойылым)
Орманға көмек берейік.
(Экологиялық ертегі – қойылым)
Авторы: Джуматаева Ақмарал Бөлегеновна және 3 сынып оқушылары.
Қатысатындар:
Қасқыр - Саян
Қоян анасы - Мерей -
Құндыз - Алишер
Түлкі - Назира
Кірпі - Саржан
Сауысқан - Аннура -
Санжар
Аяулым
Мұғалім
Орманшы ағай - Нариман
1-қойылым
Алаңқайға орман тұрғындары жиналды. Олар өзара бірдеңеге наразылық білдіре сөйлесіп тұр.
Қасқыр (ашулана). Осы адамдарды ма! Келіп, барлығын қорқытып, қоқыс тастап кетті! Тіпті жинамаған!
Қоян ана. Ал менің көжегім шыныға аяғын тіліп алды. Енді жүре алмай жатыр.
Құндыз. Аяғын тіліп алғаны ештеңе етпес. А менің кішкентай, сүйкімді балам бір пакетке оранып қалып, тұншыға қала жаздады.
Түлкі. (ойлана). Иә, жағдайымыз нашар! Өмір сүру қиынға соқты. Ал мына қоқыстың барлығын жинай алмаймыз.
Кірпі. Неге жинай алмаймыз?
Түлкі. Біз тырысып едік қой. Бәрі зая кетті. Келесі күні тағы да қоқыстап, ластайды..
Қасқыр. Мүмкін, оларды ондап тұрып қорқыту керек шығар. Маңайдағы қасқыр достарымды шақырайын....
Қоянның анасы.(сөзін бөліп). Жоқ - жоқ, Қасеке, одан кейін бұл адамдар мылтықпен келуі мүмкін. Онда жағдайымыз мүлдем нашарлайды.
Кірпі. Бізге бір шешімін табу керек. Былай өмір сүруге болмайды. Адамдар өз қателіктерін түсінетіндей бірдеңе істеу керек..
Құндыз.. Иә, орман - біздің тек үйіміз ғана емес.
Түлкі. Әрине. Егер орман құрыса, онда адамдар да жидек, саңырауқұлақ, жаңғақ, дәрілік өсімдіктерді жинай алмайды. Олар ешқашан да қызғалдақ пен қалампырдың жайқалғанын көре алмайды, құстардың әнін естімейтін болады. Тіпті, жай таза ауа жұтып, орманда серуендей алмайды.
Сауысқан. Мүмкін, мен адамдарға барып, біздің үйімізді, біздің орманымызды ластамасын деп түсіндіріп келемін.?
Қасқыр. Сен барып ұшқанмен, пайда жоқ. Адамдар жануарлар мен құстардың тілін түсінбейді ғой.
Сауысқан. (ойлана). Иә, рас. Дегенмен, бір ғажайып болып, айтқанымның бәрін түсінетін адам табылатын шығар!
Қасқыр. Жарайд, дегенің болсын, ұш.
Сауысқан ұшып кетеді. Орман тұрғындары тарайды.
2-көрініс
Сауысқан мектеп қасына ұшып келеді. Оны балалар байқап қалады.
Аяулым. Ой, қараңдар, қараңдар, құс!
Санжар. Бұл - ала сауысқан ғой!
Сауысқан (Үрейлене)
О, адамдар, адамдар!
Маған құлақ салыңдар!
Орман біздің панамыз,
Үйімізді ластамаңыз!.
Жақсылықпен келіңіз,
Баламызға тимеңіз.
Өзен, орман, жайлаудың
Кереметін жоймаңыз!
Гүлдерді де жұлмаңыз,
Орманда от жақпаңыз.
Орманды қадірлеңіз!
Оның көзін құртпаңыз!
Аяулым. Санжар, мына сауысқанның саңқылдаған үні мұңды секілді.
Санжар. Иә, мен де соны байқадым. Бірақ оның не айтқысы кеп тұрғанын қайдан білеміз?
Аяулым. Мүмкін мұғалімнен сұрармыз
Мұғалімі кіріп келеді.
Аяулым. Ақмарал Болегеновна мына сауысқанды тыңдап, оның не айтып тұрғанын түсініп көріңізші.
Сауысқан ( соңғы шумақты қайталайды).
Гүлдерді де жұлмаңыз,
Орманда от жақпаңыз.
Орманды қадірлеңіз!
Оның көзін құртпаңыз!
Мұғалім. Иә, сауысқан көмек сұрап тұр. Өкінішке орай мен құстар тілін түсінбеймін. Бірақ, құстардың тілін түсінетін бір орманшы атаны білемін. Сол атаға барып келейік.
Барлығы кетеді.
3-көрініс
Бағанағы алаңқайда томаршада(ойыншық) көжекті сипап орманшы ата отыр.
Орманшы ата. (күрсініп) Еее, сорлы көжегім - ай! Аяғың жазылып кетеді, уайымдама. Эй, адамдар - ай, бәрін қоқыстапты. Қалай ұрынбассың!
Сауысқан ұшып кіреді. (Фонограмма қойылады) Өз әнін айта жөнеледі.
Орманшы. Міне, сауысқан да шағымданып жатыр, байғұсым - ай!
Мұғалім мен оқушылар кіреді.
Мұғалім. Сәлеметсіз бе, ата! Бізге мына сауысқанды түсінуге көмектесіңізші. Ол бізге бірдеңе айтқысы келеді..
Орманшы (қабағын түйе) Түсінетіні несі бар? Сіздер айналаға қараңыздаршы, сонда бәрін түсінесіздер. Сіздерден барлығы көмек сұрап жатыр.
Мұғалім. Рас - ау, балалар. Айналаға қараңдаршы, қанша көп қоқыс жатыр.
Санжар. Апай, бұл жерді жинауға көмек керек. Мен мектептегі балаларды шақырып келейін.(жүгіріп кетеді)
Аяулым. Жинап алғасын, орманның тазалығын қадағалап жүреміз. Барлығына табиғатта өзін қалай ұстау керектігін түсіндіретін боламыз.
Мұғалім. Үнқағаз саламыз, адамдар орманды ластамай оған көмек қажет екенін түсінеді. Орманға дәл қазір көмектесе бастайық.
Жинай бастайды. Әуен ойнап тұрады. Оларға Санжар мен басқа да балалар қосыла кетеді. «Орманды сақтаңдар!» деген табличка қояды. Орман тұрғындары жиналады.
Қасқыр. Айнала тазарды, көңілім ағарды!
Түлкі. Орманымыз жайнай түсті!
Қоян ана. Көжегім де жылауын қойды. Жазылғасын, секіріп жүгірер әлі!
Құндыз.(бобер) Бұлағымыз тазарды, көңіліміз жақсарды.
Кірпі. Жақсылықпен келіңіздер адамдар, баламызға тимеңіздер ешқашан!
Барлығы бірге.
Орман біздің үйіміз!
Қадірлеп оны сүйіңіз!