Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әлемдегі ең таңғаларлық 15 жер

Адамзат тарихта Жер бетіндегі көптеген құпияларды аша алғанымен, жауабы табылмаған сұрақтар әлі де баршылық.

1. Тяньцзи таулары, Қытай

Таңғаларлық әктасты мұнаралар қаулап өскен жасыл ормандармен көмкерілген және көбіне-көп олар мұнарланып тұрады. Тауға фуникулермен көтерілуге болады және жергілікті ауылда таңғажайып көріністі тамашалауға мүмкіндік бар. Бұл көріністер тіпті «Аватар» фильмін түсірушілерді шабыттандырған.

2. Споттед-Лейк, Канада

«Ала көл» Британиялық Колумбияда орналасқан және импрессионистің қылқаламынан туған сурет сияқты көрінеді. Көл суы ішуге жарамайды және ода микроағзалардың кейбір түрлері ғана мекендейді. Температура 43 градусқа жеткенде бетінде тура 365 — бір жыл ішіндегі күн санына сәйкес шалшық су пайда болады.

3. Алыптардың төсемелі жолы, Солтүстік Ирландия

Шамамен 60 миллион жыл бұрын алып жанартаудың атқылауы жер бетіне еріген базальт шоғырын тастады. Ол қатайып, осындай әлем-жәлем пішінге ие болды. Жергілікті аңыз бойынша, 37 000 геометриялық пішінді бағананы алыптар жасаған.

4. Тор құдығы, Орегон штаты, АҚШ

Қатаң дауылды ауа райы жағдайларында соқпа толқын зор күшпен үңірейген ойпатқа барып соғылады. Ерекше табиғат бедерлерін шайып жататын атқылаған фонтандарға, тонналаған судың шашырауына Перпетуа мүйісінен куә болуға болады, бірақ қолайсыз ауа райында бұл өмірге қауіпті.

5. Памуккале, Түркия

Иераполис қаласына жақын маңдағы әк тасты террасалар мен қираған үйінділер ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміне кірген. Памуккаленің табиғи баспалдақтарында табиғи бұлақтардан су жиналады. Олардың саны шамамен 17 және әрқайсындағы су температурасы 35-тен 100 градус аралығында.

6. Хиллиер көлі, Австралия

Бұл бірегей көл Батыс Австралияның аралдарының ең ірісінде 1802 жылы табылған. Жыл бойы ол ащысулы Дуналиелла мен микроағзалардың кейбір түрлері келтіретін қаныққан алқызыл түсте болады.

7. Бадаб-э Сурт, Иран

Иранның солтүстігіндегі травертиндік террасалар — бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасып келе жатқан ерекше табиғи құбылыс. Травертин — бұл кальций депозиті мен ағынды судан құралатын әктастың бір түрі. Темір оксидінің жоғары концентрациясынан тұратын екі ыстық бұлақтан террасалар қызғылт түске боялған.

8. Сокотра аралы, Йемен

Африкадан 6 миллионнан астам жыл бұрын бөлініп шыққан бұл арал ғылыми-фантастикалық фильмдерді түсіруге арналған алаң сияқты көрінеді. Сокотрада өзіндік экожүйе қалыптасқан, сондықтан мұнда өсетін өсімдіктер мен ағаштар әлемнің ешбір жерінде өспейді. Олардың қатарына ежелгі діңі иірімді драценалар мен баданалы бөтелкелік ағаштар кіреді.

9. Шөлдала қолы, Чили

Атакама шөлінің құмында осы нысанның пайда болуына чилиялық мүсінші Марио Ираррасабаль жауапты. Суретші адамзаттың қайғысына арналған жұмыстарымен танымал, сондықтан қол — әлемнің алыс аймағында үдей түсетін жалғыздық сезімін білдіреді.

10. Шоколад төбелер, Филиппин

Бохоль провинциясында аралдың ортасында 1700 ерекше төмпешіктер шашылған. Олардың биіктігі әртүрлі болғанымен, бәрінің пішіні бір, құдды бір адамдардың өздері жасағандай. Дегенмен бұл адамның қолынан шықпаған: ЮНЕСКО бойынша, олар маржан депозиттерінен құралған және ағынды жаңбыр суынан пайда болған. «Шоколад төбелер» атауын олар жылдың құрғақ мезгілінде алған. Сол мезетте қалың орманмен жабылған бөктері қоңыр түске боялады.

11. Құмыралар алқабы, Лаос

Аңыздарға толы және алып құмыра сияқты көрінетін бұл мегалиттер Сиангкхуанг провинциясында жүздеп орналасқан. Бұл ерекше сауыттардың пайда болуының негізгі теориясы, олардың ежелде жерлеу рәсімі кезінде қолданылуы. Жергілікті аңыз бойынша, құмыраларда алыптарға шарап қайнататын болған.

12. Гоблиндер алқабы, Юта штаты, АҚШ

Жоқ, бұл Марс беті емес — бұл Солт-Лейк-Ситиден оңтүстікке қарай 216 мильде орналасқан елсіз аймақ. Жұмсақ аралдық тас шампан мұнараларына ұқсас пішінге айналу үшін ұзақ жылдар бойы жел, жаңбырмен ұшталып келген. Алайда жұрт бұларды гоблиндер құрастырған дегенге сенеді.

13. Әйнек жағажайы, Калифорния штаты, АҚШ

Жарқыраған әйнек тастар теңіз толқынының жылдар бойғы өңдеуінен пайда болған. Өткен ғасырдың ортасында суда көп қоқыс жиналып қалды, оның ішінде шағылған әйнектер де бар. Қызық болғанда, табиғатпен өңделген әйнектің сынықтары туристерді еліте бастады. Қазірде жарқылдаған тастарды естелікке алуға тыйым салынған.

14. Флай, Невада штаты, АҚШ

Жат планеталыққа ұқсас гейзер Блэк-Рок шөлінің шеткері аймағында жеке территорияда орналасқан. Ол 1964 жылы энергетикалық компанияның геотермалды суларға ұңғыма бұрғылау кезінде пайда болған. Гейзер су құрамындағы минералдардан тасқын болып атқылайды. Оның биіктігі жыл сайын бірнеше сантиметрге артып келеді.

15. Тасиро мысықтар аралы, Жапония

Ежелде бұл аралда мысықтарға ерешке құрмет көрсетілген, себебі олар жібек өндірісіне кедергі келтіретін егеуқұйрықтарды аулайтын болған. Аралға ит әкелуге тыйым салынған, және қазір жабайы мысықтардың саны жергілікті тұрғындардан асып кетті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама