Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Аяз ата маған Ана сыйлашы

Ертең жаңа жыл, тағы да бір жансыз өткізгелі отырмыз. Былтырғыша шырша шамдары жарқырағанымен, ана сіздің күлкіңіздей үй іші жарқырар емес...өкінішті. Анашым осы жылы дәл осы күні сіз, әкем, қарындасым, інім және мен бесеуіміз, орталық алаңдағы шыршаға барып, түрлі ойындар ойнап, ертегі кейіпкерлерімен суретке түсіп көңілді қайтушы едік! Шіркін сол күндер оралса екен...  Ана кеше інімнің Аяз атаға жазған хатын оқыдым. Оқып отырып жанарыма жас толып, жүрегім езіліп кетті. Ол былай баяндапты:

Құрметті Аяз ата! Мен сізден өзге балалар секілді ойыншық та, тәтті кәмпитте сұрамаймын. Досым Айдардай үлкен автоматта сұрағым келмейді. Аяз ата саған бүкіл балалар хат жазады, сені орындайды дейді ғой, сол шын болса менің бір арманым бар. Маған АНА сыйлашы!  Білесіз бе, мен анамның мейріміне көпте бөленген емеспін.  Ақ сүтім аузымнан арылмаған шақта анам аурып қайтыс болыпты. Кеше мектепте жаңа жыл мерекесі өтті, бәрі анасына жаңа жылдық тілек жазған ашық хаттарын берді.  Ал мен көп баланың ішінде кімге ұсынарымды білмей шетте қалып қойдым. Әкем де мені көре алмады. Неге дейсіз бе? Оның жұмысы көп... оның үстіне мейрамға дайындық үшін дастарқанға азық-түлік алу үшін күндіз түні базарда біздің қамымыз үшін аяғынан сыз өтіп арба айдап жүр.  Аяз ата, өтініш осы арманымды орындашы...
С/н Берік 

Деп астына қолын қойып почта жәшігіне салып кетіпті. 
Иә, Анашым біз сізді қатты сағындық! Бүгінгі кештің түк қызығы қалмаған сықылды. Мына шырша ойыншығына қарап отырып, сіздің жымиған жанарыңыз есіме түсіп кетті. Әкем келіп қалып, мені бірден түсіне қойып, үнсіз қалды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама