- 05 нау. 2024 04:35
- 404
Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев
Ерекше дарын иесі, өз заманының қайталанбас ақыны, елдің есінде ерекше есіммен қалған - Мұқағали Мақатаев жас кезінен бастап талай қиындықтарды көрсе де, еш мойымай өлең жырға әуес болған. Алғашқы туындыларын он жасынан бастап қағаз бетіне түсіре бастаған. Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген талантты ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде халқымыздың жүрегінен орын алып, қайғысы мен қуанышында да бірге болуда. Ақын өзінің көптеген өлеңдерін махаббат тақырыбында кеңінен суреттеген. Мұқағали атамыздың өлеңдері адамды өзіне шынайылығымен, тазалығымен, өзіндік ерекше мағынасымен өзіне баурап алып, адамға терең ой салады. Биыл Мұқағали атамыздың 90 жылдығы. Өмірінің соңына дейін шығармашылықпен айналысып, қазақтың қара өлең құдіретінің терең сырына қаныққан ақын. Осынау құдіретің мән мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі кестелейтін Мұқағали атамыздай ақын әлі өмірге келмеген.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - қазақтың бір туар ақыны 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты - Мұхаммедқали. Қарапайым отбасынан шыққан. Мұқағали үйінің тұңғыш перзенті болған Мұқағали әжесі Тиынның қолында өскен. Балалық шағы соғыспен қатар болғандықтан болар тағдырдың ащы дәмін ерте татқан.
Мұқағали Мақатаев шығармашылығы кең ауқымды қамтиды. Мұқағали атамыз қазақ халқының қара сөзінің рухын ұстанып, оны түрлендіріп қалың халқының жүрегінен орын таба білді. Сонымен қатар туған жерінің суретін ерекше бейнелеп, өзіндік өрнектермен танытып өзгеше әлемге жол ашқандай еді. Ақын қай тақырыпта жазса да, жалған сезімді емес тек шынайылықты сүйген. Ол туралы «Мен жырламаймын, Сырласамын... Сыры бір замандаспен мұңдасамын.. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым» дей отырып «Тіпті де мен емес-ті «Мен» дегенім.. Өзгенің жаны - сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін» деген екен. Мұқағали атамыздың шығармашылығы негізінен «өзін - өзі» зерттеуден тұрған. Ақынның халықтық дәстүрлерін көре білуі, оны ақын жанымен сезіне біліп оны өзгеге жеткізе білу шын дегендегі таланты болған. Сонымен қатар өз өмірінде көрген білгенін ой елегінен терең өткізген. Себебі, ол халық өмірін азаттық пен ар намыс, рух пен нәпсі арасындығы толасыз күреске толы болған өмірді көрген.. Оған «Бүкіл менің жазғаным бар жоғы бір ғана бүтін поэма Ақынның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма» дейді ақын. Бұл ақынның адамзат тағдыры мен әлем сырын жыр еткендігі және де, қазақ әдебиетіне өшпес мұра болғандығының дәлелі секілді.
«Өлмес мәңгі сапарға жаңа аттадың.
Әрине, суық қайғы, суық қайғы.
Көңілін халқың бірақ суытпайды.
Егерде халық өзін ұмытпаса,
Батыл бол, халқың сені ұмытпайды!»
Осы өлең жолдарын оқығанда, Мұқағали атамыздың өлең жырлары осы өмірде өзінің ойып тұрар орны бар екендігін ұғындырғандай болады. Осы себептен де, Мұқағали атамыздың кейінгі ұрпаққа деген мұрасы мен сенімі, біз жастарды жарқын болашаққа апарар жолдың түп нұсқасы екендігі білдіреді.