- 05 нау. 2024 04:14
- 185
Аспан әлемі мен табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар
Аспан әлемі мен табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(Күн)
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
(Су)
Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң, құшағың тек толмайды.
(Ауа)
Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң – жаның рахат табады.
(Ағаш)
Ылғалды тартып бойына,
Өсімдіктерге нәр берген.
Тармақталып тереңде,
Тірек боп оған сән берген.
(Тамыр)
Орақ болып тұрады,
Табақ болып тынады
(Ай)
Жылт - жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.
(Жұлдыз)
Жазда тұрып жоғары
Күзде жерге қонады.
(Жапырақ)
Көлігі жоқ – көшеді,
Өзін кезбе деседі.
(Бұлт)
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын,
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.
(Жаңбыр)
Жөңкілді бұлттар дүркіреп,
Жауады жауын күркіреп.
Аспанның жүзі жарқ етті,
Ақ найза жерге сарт етті.
(Найзағай)
Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң қолың тонады.
(Қыс)
Қойным толы жеміске,
Көк майсалы егісте.
Көбелек қуып ойнайтын,
Бұл қай мезгіл деп ойлайсың?
(Жаз)
Қақпаны тарс - тарс жабады,
Терезені қағады.
Уілдейді ысқырып,
Қорқытады баланы.
(Жел)
Аспаннан домалап.
Көп моншақ төгілді.
Бусанды бар алып,
Терілді, керілді.
(Жаңбыр)
Ұстасаң қолды қариды,
Оты жоқ оның бірақ та.
Бәрі де жұрттың таниды,
Өседі ойда, қыратта.
(Қалақай)
Қараңыздар бәріңіз,
Әне ақшыл сары қыз,
Суда тұрып билейді.
(Қамыс)
Ешкім де қалауынша жая алмаған,
Ешкім де өзге орынға қоя алмаған.
(Жер шары)
Күнді жабады,
Жаңбыр болып жауады.
(Бұлт)
Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең - көлбең етеді,
Көкке қолы жетеді.
(Түтін)
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
(Найзағай)
Көкжиегі тұйық дөң,
Шатыр тіккен биік кең.
(Аспан)
Жайғаным түкті кілем,
Ілгенім – тықыр кілем.
(Жер мен Аспан)
Қос алып көз,
Бірі – жарықта көреді,
Бірі қараңғыда көреді.
(Күн мен Ай)
Айналада көк шатыр,
Көк шатырда
Қызыл көзді шал жатыр.
(Аспан мен Күн)
Екі доп ауысты,
Бір шеңберді тауысты.
(Күн, Ай, Тәулік)
Жартысы
Жадыратып нұр себеді,
Қалғаны
Қара мақпал бүркенеді.
(Тәулік)
Мөлдір көкте бір ғана,
Шоқтай жайнап тұр дара.
(Шолпан)
Терезеден есіледі,
Қараңғыны көшіреді.
(Сәуле)
Күн көзінен құйылады,
Жер бетіне жиылады.
Құшақ ашып барша тірлік,
Қуанады, сыйынады.
(Нұр)
Ештеңеден қаймықпай,
Көзді арбаған өрнекпен.
Сурет салар айнытпай,
Шебер еді ол неткен?
(Аяз)
Күндіз шырақтай,
Тұрады түгел жадырап.
Түнде, бірақ та,
Түндігі жабық шаңырақ.
(Жарық пен Қараңғы)
Зәулімде тұрағы,
Тіреусіз тұрады.
(Бұлт)
Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат!
(Кемпірқосақ)
Дауысыңды қайталап жырақта,
Айнытпай жеткізер құлаққа.
(Жаңғырық)
Аспан түйді қабағын,
Сұр пердесін керді де,
Жапты жердің танабын.
(Тұман)
Деп – демде
Шытынап шынысы
Төменге ағылды.
(Сел)
Күннің көзі түйілді,
Көкте бұлт үйірілді.
Сұйық моншақ шашылып,
Жерге нәр боп құйылды.
(Тамшы)
Шөпті жапырып,
Құмды сапырып,
Қоқысты үйіріп,
Әкеткен не шүйіріп?
(Құйын)
Көрінбейді өзі,
Терезені ұрады.
Айтатын жоқ сөзі,
Ысқырып тұрады,
Болмаса да аяқ – көзі,
Серуен де құрады.
Бұл не?
(Боран)
Өртесең де ерімейді,
Не тот басып шірімейді,
Өн бойына су сіңбейді,
Ылғал тартып, ірімейді.
(Тас)
Әртүрлі жұмбақтар қарау
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(Күн)
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
(Су)
Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң, құшағың тек толмайды.
(Ауа)
Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң – жаның рахат табады.
(Ағаш)
Ылғалды тартып бойына,
Өсімдіктерге нәр берген.
Тармақталып тереңде,
Тірек боп оған сән берген.
(Тамыр)
Орақ болып тұрады,
Табақ болып тынады
(Ай)
Жылт - жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.
(Жұлдыз)
Жазда тұрып жоғары
Күзде жерге қонады.
(Жапырақ)
Көлігі жоқ – көшеді,
Өзін кезбе деседі.
(Бұлт)
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын,
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.
(Жаңбыр)
Жөңкілді бұлттар дүркіреп,
Жауады жауын күркіреп.
Аспанның жүзі жарқ етті,
Ақ найза жерге сарт етті.
(Найзағай)
Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң қолың тонады.
(Қыс)
Қойным толы жеміске,
Көк майсалы егісте.
Көбелек қуып ойнайтын,
Бұл қай мезгіл деп ойлайсың?
(Жаз)
Қақпаны тарс - тарс жабады,
Терезені қағады.
Уілдейді ысқырып,
Қорқытады баланы.
(Жел)
Аспаннан домалап.
Көп моншақ төгілді.
Бусанды бар алып,
Терілді, керілді.
(Жаңбыр)
Ұстасаң қолды қариды,
Оты жоқ оның бірақ та.
Бәрі де жұрттың таниды,
Өседі ойда, қыратта.
(Қалақай)
Қараңыздар бәріңіз,
Әне ақшыл сары қыз,
Суда тұрып билейді.
(Қамыс)
Ешкім де қалауынша жая алмаған,
Ешкім де өзге орынға қоя алмаған.
(Жер шары)
Күнді жабады,
Жаңбыр болып жауады.
(Бұлт)
Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең - көлбең етеді,
Көкке қолы жетеді.
(Түтін)
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
(Найзағай)
Көкжиегі тұйық дөң,
Шатыр тіккен биік кең.
(Аспан)
Жайғаным түкті кілем,
Ілгенім – тықыр кілем.
(Жер мен Аспан)
Қос алып көз,
Бірі – жарықта көреді,
Бірі қараңғыда көреді.
(Күн мен Ай)
Айналада көк шатыр,
Көк шатырда
Қызыл көзді шал жатыр.
(Аспан мен Күн)
Екі доп ауысты,
Бір шеңберді тауысты.
(Күн, Ай, Тәулік)
Жартысы
Жадыратып нұр себеді,
Қалғаны
Қара мақпал бүркенеді.
(Тәулік)
Мөлдір көкте бір ғана,
Шоқтай жайнап тұр дара.
(Шолпан)
Терезеден есіледі,
Қараңғыны көшіреді.
(Сәуле)
Күн көзінен құйылады,
Жер бетіне жиылады.
Құшақ ашып барша тірлік,
Қуанады, сыйынады.
(Нұр)
Ештеңеден қаймықпай,
Көзді арбаған өрнекпен.
Сурет салар айнытпай,
Шебер еді ол неткен?
(Аяз)
Күндіз шырақтай,
Тұрады түгел жадырап.
Түнде, бірақ та,
Түндігі жабық шаңырақ.
(Жарық пен Қараңғы)
Зәулімде тұрағы,
Тіреусіз тұрады.
(Бұлт)
Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат!
(Кемпірқосақ)
Дауысыңды қайталап жырақта,
Айнытпай жеткізер құлаққа.
(Жаңғырық)
Аспан түйді қабағын,
Сұр пердесін керді де,
Жапты жердің танабын.
(Тұман)
Деп – демде
Шытынап шынысы
Төменге ағылды.
(Сел)
Күннің көзі түйілді,
Көкте бұлт үйірілді.
Сұйық моншақ шашылып,
Жерге нәр боп құйылды.
(Тамшы)
Шөпті жапырып,
Құмды сапырып,
Қоқысты үйіріп,
Әкеткен не шүйіріп?
(Құйын)
Көрінбейді өзі,
Терезені ұрады.
Айтатын жоқ сөзі,
Ысқырып тұрады,
Болмаса да аяқ – көзі,
Серуен де құрады.
Бұл не?
(Боран)
Өртесең де ерімейді,
Не тот басып шірімейді,
Өн бойына су сіңбейді,
Ылғал тартып, ірімейді.
(Тас)
Әртүрлі жұмбақтар қарау