Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 48 минут бұрын)
Ресейге кірудің жаңа ережелері: Қазақстандықтарға 1 шілдеден бастап қосымша талаптар қойылады

1 шілдеден бастап Ресейге жұмыс істеу немесе оқу үшін баратын қазақстандықтарға қосымша талаптар енгізіледі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа ереже бойынша, Ресейге жұмысқа немесе оқуға баратын қазақстандық азаматтар «ruID» мобильді қосымшасын пайдалануы тиіс. Шетел азаматтары белгіленген тәртіппен қосымшада жеке профиль жасап, Ресейге кіруге электронды өтініш беруі қажет.

Бұл әрекетті мемлекеттік шекараны кесіп өтуге дейін кем дегенде 72 сағат бұрын жасау керек. Өтініш қаралғаннан кейін, қосымшада кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптасады.

«Аталған QR-код өтініш берілген күннен бастап 90 күн бойы жарамды болады», - деп хабарлады министрлік.

Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарға жаңа талаптармен алдын ала танысып, Ресейге сапарды жоспарлағанда осы өзгерістерді ескеруді ұсынады.

Жаңалықтар

Жарнама