Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 52 минут бұрын)
Қызылордада жоғалған 6 жастағы Медина: Көріпкелдің болжамы жұртты дүрліктірді

Қызылорда облысында 5 маусым күні жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратбекқызын іздеу жұмыстары үшінші тәулікке жалғасуда. Бүлдіршінді табуға мыңдаған адам мен арнайы техника жұмылдырылған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, Медина 5 маусым күні сағат 18:30 шамасында Сырдария өзенінің жағалауындағы бөгетке жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен ойнауға шығып, қайта оралмаған. Жоғалған кезде қыз бала гүлді суреті бар ашық жасыл түсті футболка, ақ шолақ шалбар және көк түсті аяқкиім киген.

Іздеу жұмыстарына мыңдаған адам жұмылдырылды

Қызды іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар мамандары, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, еріктілер, туыстары мен жергілікті тұрғындар қатысуда. Іздеу жұмыстары жер үстінде, су айдындарында және әуеден қатар жүргізіліп жатыр.

Көріпкелдің болжамы жұртты дүрліктірді

Осы орайда, Алисия есімді көріпкел қыздың қайда екенін болжап, айтқан сөздері жұртшылықты алаңдатты. Ол: "Ертерек тауып алса, тыныс алуы қиын болып тұр. Энергиясы әлсіз. Кішкентай балада қорқыныш өте көп. Ер адамның энергиясы оны қолынан ұстап алып кеткен. Жанында су бар екенін көрсетіп тұр. Мен суды көріп тұрмын", - деп мәлімдеген.

Жаңалықтар

Жарнама