dalanews.kz
- 07 мау. 2026 17:30
- 30
Айман Талғатқызы бренд киімдерге қатысты пікірін айтты
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзіне айтылған сынға жауап берді. Ол бренд киімге қатысты көзқарасын ашық білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушыларының бірі Айман Талғатқызының киім үлгісін сынап, "үстіңізден брендтің біреуін көрмедім, базар ғой" деп пікір қалдырған болатын. Алайда, Айман Талғатқызы бұл пікірге сабырмен жауап беріп, адам міндетті түрде қымбат бренд киюі керек деген түсінікпен келіспейтінін жеткізді.
Киім бағасы емес, жарасымдылығы маңызды
«Енді кәдімгі адам емеспіз бе? Неге бренд киюім керек? Маған ол мақтаныш немесе дәреже емес», - деп жазды ол.
Айман Талғатқызының айтуынша, адамның стилі киімнің бағасымен немесе танымал белгісімен ғана өлшенбейді. Ең бастысы – киімнің жарасуы, жинақылық және адамның өз талғамы.
«Бренд шығаратындардың өзі сол брендті кимейтінін білесіз бе? Сен не кисең де үйлесе кетсе, демек, сен брендсің!» - деді ол.
Желі қолданушыларының бір бөлігі оның бұл жауабын қолдап, қарапайымдылық пен талғам қымбат киімнен маңызды екенін атап өтті.