Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 минут бұрын)
"Хан" тамаданың тағы бір видеосы желіде шу тудырды

Бұған дейін отбасылық интимді видеосымен елді дүрліктірген "Хан" тамаданың блогер Салтанат Аманқосовамен түсірілген жаңа видеосы жұртшылықтың қызу талқысына түсті. Видеода тамада Салтанатты құшақтап, бетінен сүйіп тұр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желідегі пікірлер

Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосованың бұл әрекетіне қатысты әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіруде. Кейбірі "бұл Салтанатпен де жүрген бе?", "Салатанат білген екен ғой" деп таңғалса, енді бірі "Малдар атуға ұқсат берсе осыларға бірінші барып атар едім", "Кайда акша бар деп сумендеп журген еркек кой", "жиіркенішті" деп ашу-ызасын білдіруде.

Блогердің бұрынғы жағдайлары

Салтанат Аманқосова бұған дейін күйеуін басқа әйелмен ұстап алып, ажырасып, ұлына өз атын бергенімен ел есінде қалған болатын. Енді міне, "Хан" тамадамен бірге түскен видеосы қоғамда жаңа пікірталас тудырды.

Жаңалықтар

Жарнама