Астана – елімнің құт мекені
Тақырыбы: Астана – елімнің құт мекені
Мақсаты: Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу.
Астана туралы деректермен білімін дамыту. Отанға деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: Н. Назарбаевтың портреті, Бәйтерек бейнесі, интерактивті тақта /слайд - шоу/
Барысы:
I. Кіріспе
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы - «Астана – елімнің құт мекені». Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана - Тәуелсіздік перзенті, Астана - жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
2 - жүргізуші: Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!
1 - жүргізуші: Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт - дәстүріңді, әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін - еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.
2 - жүргізуші: Ендеше, құрметі ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейлі тойымен
Екеуі бірге: шын жүректен құттықтаймыз!
1 - жүргізуші: Олай болса, «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» – 20 жұлдызды күн деп аталатын іс – шара аясында 7 «в» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Жұлдызы қала — Астана» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші: Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
1 - оқушы: Отан деген от басынан басталар,
Отбасыма от салмасын басқалар.
Отан деген қасиетті, киелі,
Отан десем оянады асқақ ар!
2 - оқушы: Отансыздар мына өмірде бос қалар,
Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.
Отанымды күзетеді адалдық,
Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.
3 - оқушы: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі.
4 - оқушы: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
Бәрі: Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
Хор: «Егеменді Қазақстан»
Оқушы: Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден - ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады. Археологтар бүгінгі «Ақорда» резиденциясының маңынан ХІ ғасырдың Бозоқ қалашығының орнын тапты. Бірнеше ғасыр бойы бұл жерде Қараөткел транзиттік және сауда - айырбас орталығы орын алды. Уақыт өте келе ол Ақмола елді мекеніне айналды. 1832 жылы бұл жерде Ақмола приказы мен сыртқы округі ашылып, 1862 жылы округтік қала мәртебесіне ие болды. 1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді және ол республикамыздың бірнеше ірі облыстары кірген Тың өлкесінің орталығына айналды.
Оқушы: Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы қайтарылып берілді. Бес жыл өткен соң, яғни 1997 жыл 10 желтоқсанда бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды.
Оқушы: Бірақ Ақмола атауы ұзақ тұрмады, 1998 жылы 6 — мамырда Ақмола Астана болып қайта аталды. Міне осындай әдемі, әуезді әрі ауқымды атау — Астана атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді.
«Жасауы ғасыр жарасып»
1 - оқушы: Айқындар небір өткелін,
Кеңейтіп тарих беттерін.
Сенімін саған тапсырған,
Тәуелсіз елдің, текті елдің.
2 - оқушы: Мұздақпен жапқан жотасын,
Алатау - саған ата шын.
«Астана – кіші інім»,- деп,
Алматы берген батасын.
3 - оқушы: Қастерлей тыңдап осы үнді,
Құлақтан еміп Есілді.
Қанатын жайып, көкке өрлеп,
Астана кеңге көсілді.
4 - оқушы: Қазақтың үлкен үйісің,
Шежіре, аңыз күйісің,
Әділдік жақтап наркескен,
Дуалы сөздің биісің.
5 - оқушы: Өсірер әлі - ақ тербетіп.
Болшаққа ұл - қыз бесігін.
Астана таңы арайлы,
Әлемге барша қарайды.
Бәрі бірге: Шығармай жұртты қақпадан,
Басылар соқса ақ боран.
Ортаймас ырыс - құттары,
Астана жайна, баққа оран.
1 - жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!
Хор: «Астана»
1 - жүргізуші: Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.
2 - жүргізуші: Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан.
1 - жүргізуші: Ендеше, бәріміз бірге Астана қаласының көрнекі жерлерін аралап, олармен таныс болайық.
Көрініс: «Астана – Бәйтерек» монументі
Атасы мен немересі шай ішіп отырады. Немересі Бәйтеректің бейнесін ұстап отырып, атасына былай деп сұрақ қояды.
Немересі: Ата, Осы Бәйтерек қандай мағына береді, оған неге Бәйтерек деп ат қойған?
Атасы: Ой, балам - ай, Бәйтеректің шығу тарихы, мағынасы өте тереңде жатыр.
Немересі: Ата, маған Бәйтерек туралы айтып беріңізші. Менің білгім келеді.
Атасы: Онда тыңда, балам.
Ол бірінші — “Астана — Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген, балам. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын - қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң - тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты – баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана - Бәйтерек» үш бөліктен – тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылылыс, балам! Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады
Немересі: Ата, барлық нәрсе тарихқа байланысты құрылады екен ғой. Енді менің есімде Бәйтеректің шығу тарихы әрқашан сақталып қалады.
Атасы: Иә, еліңнің, жеріңнің тарихын білу, әрі оны қорғау сендердің парыздарың, балам.
Немересі: Ата, мен сізге өзімнің Бәйтерек туралы жаттаған өлеңімді айтып берсем бола ма?
Атасы: Айта ғой, балам, айта ғой.
Немересі: (өлеңін оқып береді)
Астана – елімнің құт мекені. жүктеу