Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Ауру қалса да, әдет қалмайды

Қазақ халқында «ауру қалса да, әдет қалмайды» деген жақсы мақал бар. Әдет— адамның күнделікті тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі болып табылады. “Ауру қалса да әдет қалмайды” деу, әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің де ұнамды, ұнамсыз түрлері болады.

Осы сөзіме дәлел ретінде мына бір игі жақсы әдетке айналған дәстүрді айтқым келеді. Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде осы оқиғаға аса мән бермеппін. Қазір ойланып отырсам үлгі аралықтай жағдай екен. Мектебіміз Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атында болғандықтан, мектепте 12 қаңтар күні атамыздың туған күніне орай арнайы шара өткізіліп, жеті шелпек таратылады. Димаш атамыздың әруағына құран бағышталады.

Бұны мектебіміздың дәстүрі деп қарасақ та болар еді. Бірақ, дәл осы жағдайды адам бойында қалыптасқан жақсы бір әдет дер едім. Бұны көріп өскен әрбір өскелең ұрпақ тап сол сәтте ұғына алмаса да, мен секілді ес біле келе өзіне жақсы бір әдет етері сөзсіз.

Бұл мақаланы жазуға себеп: инстаграмм әлеуметтік желісін ақтарып отырып, мектебіміздің әлеуметтік парақшасында осы бір көріністен үзінділер көріп қалдым. Ал, сол фотосуреттерді қарап отырған мен мектеп қабырғасында өткен бал-балалық шаққа саяхат жасап қана қоймай, мектебімдегі әр ұрпақтың бойында осындай мақтан тұтарлық әдет қалыптасып жатқанына сүйсіне қарадым. Және де болашақ педаогог ретінде осы әдетті өз шәкіртерімнің бойына сіңіремін деп ниет еттім.

«Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген мәтелді біз күнделікті өмірде, баспасөз беттерінде жиі қолданамыз. Бірақ осы сөзді көбінесе қоғамның не  адамның теріс мінездерін ақтау үшін қолданатымызды байқаймыз ба? Әр нәрсені жақсы етуде, жаман ету де, сондай-ақ жақсы сөйлеу мен қабылдауда біздің еншіміздегі дүние.

Сондықтан, жақсылыққа бастар, өнегелі үлгі болар әдеттеріміз көп болғай!

Нүсіпбәлі Дариға Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джолдыбаева У.М.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама