Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Ұлы кемеңгер естелігі

Димаш ата. Қазақтың күллі жұртқа белгілі ірі, кесек тұлғасына биыл 110 жыл. Қатігездік пен зұлымдықтың билік құрған заманында суда жүзген балықтай, алға ұмтылып, шыншылдық пен мейрімділікті ту еткен біртуар азамат екені шүбәсіз. Өзге ұлттың майталмандары Дінмұхамед Қонаевты қайталанбас тұлға ретінде танып, мұрасына қызыға қараған тұста, көкейімде үлкен сауал туындады... Қаным, жаным, рухым қазақ бола тұра, неге маған Димаш ата туралы ізденбеске?! Ойландырарлық мәселе...

  Дәл осы леппен менің ойыма сап еткені, ең алдымен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың музей-үйіне сапар болатын. Әуелден қозғағым келген дүние де осы еді. Мен сол сапардан не сезіндім? Ал онда бастайын. Мен бірде Д.А.Қонаевтың музей-үйіне ат басын тіреп, ғажайыпты өз көзіммен көріп шыққан болатынмын. Табалдырықтан қадам басып кіре салысымен мені бір ерекше эстетика баурап алды. Ең бірінші көзім түскен дүние, атамыздың жеке кабинетінің төрінде тұрған үстел еді. Жоо, жай ғана үстел емес, сол үстелдің бөлек атмосферасы еді. Қараңғы бөлмеге тыстан түскен кішкене ғана сәуле секілді, сол мезетте менің көзімнің көргені осы бір ғажайып болатын. Жақындай бердім... Өз аяқтарым емес, бойымдағы рух жақындатқан секілді болды, тіпті. Үстел, оның үстінде аяқталмай қалған туынды, қалам, көзілдірік. Құдай-ау, осы бір сезімді айтып жеткізе алсам ғой, шіркін! Кенеттен Димаш ата кіріп келіп, жұмыс үстеліне отырып, қайтадан ісін жалғастыратын секілді. Аяқталмай қалған туынды Д.А.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабының екінші бөлімі болатын. Ұзақ қарадым... Сондай алапат сезіммен, леппен басқа жаққа бет бұрдым. Күнделікті өмірде көріп жүрген нәрселерге деген алғашқы таңғалысты, музей-үйден көрген нәрселеріме деген таңғалыс жеңіп кеткендей болды, расында да! Себебі, әр затқа қарап тұрып ұзақ ойланасын, тарихына сүңгисің, аң-таң боласын. Мәселен, кез-келген жанның назарын аудартпай қоймайтын заттың бірі оттықтар еді. Неге? Себебі, Димаш атаның үйінде 500-ге таяу, нақтысына көшсек, 467 оттық бар. Сол күні Құдай оның салдыма, білмедім атамыздың қарындасының қызымен бетпе-бет келіп, өз аузынан Димаш ата туралы мәлімет біліп қайттым. Мәселен, оттықтарды көбінесе өзге елдің ірі тұлғалары сиға тартып отырған екен. Басында шылым шеккен, дегенмен кейіннен бас тартты деседі. Алайда, өзгелерге қанша бұл туралы ескертіп отырса да, оттықтарды сиға тартудан жалықпапты. Бұдан бөлек, кемеңгер кісінің сөрелерінде орналасқан кітаптар саны адам баласын таңқалдырмай қоймас. Осы тұста ұлы тұлғаның үнемі ізденісте жүретіндігін байқай аламыз. Және Ш.Аймановтың сиға тартқан сағаты адамға ой саларлықтай, «...сағат тілі мәңгі соқса да, сенің өмірін мәңгі емес. Осындай жылдам арада өтіп жатқан өмірде, халқына пайдан тисің...». Жәә, оны қоя бер, өзгелер сыйға тартқан сыйлықтардың көбісі дерлік «темір ағаш» деп аталатын ағаш түрінен жасалған. Мағынасының астары да өте тереңде, тұңғиықта... Одан бөлек, жатын бөлмеде ілініп тұрған «костюм» мені ерекше сезімге бөледі. Айта берсен өте көп сезімдер, жай ғана сезім емес, бір-бірімен арпалысып, бірде астасып, бірде тоғысып жатқан сезімдер...

Бұл менің рухани жан дүниеме сақтайтындай қор, қазына болғаны сөзсіз. Сіздерді де, осындай алтын мұрамызбен танысып, ол туралы ізденуге шақырамын!

Автор: Жансерік Нурдана 

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джолдыбаева У.М 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама