Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Отбасы қоғамның құрамдас бөлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Психология 4 курс Турсуматова Фариза Бекмурот кизи
Ғылыми жетекшісі:психол. ғ. к, аға оқытушы Садыкова Н. М.

Аннотация: Қазіргі таңда отбасында әсіресе жас жұбайлар арасындағыбір-біріне бейімделу мәселелері күрделі мәселелердің бірі болып келеді. Осы тұрғыда автор жас жұбайлар арасында туындаған мәселелерді, отбасындағы кикілжіңдердің шешілу жолдарына талдау жасауға тырысады. Заманауи жахандық проблемалардың бірі осы тақырып, бұл мақалада күрделі мәселелерді терең зерттеу талап етеді.

Кілт сөздер: отбасы, жас жұбайлар, ата-ана, бала, қарым-қатынас, бейімделу, күйзеліс, дағдары, неке.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – отбасынан басталады.

Елбасымыздың жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп жарияланды. Оның мақсаты-жанұялық құндылықтарды нығайту.

ХХІ ғасырда тек қана психолог мамандары ғана емес, басқада көпетеген ғалымдар осы отбасы, неке, жас жұбайлар тақырыптарына назар аударып еді. Олардың қызушылығын ажырасудың көптігі, туудың төмендеуі, ерлер мен әйелдердің жалғыздығы, отбасындағы тұлға аралық қарым қатынастардың бұзылуы, ата-ана және көптеген өзекті тақырыптар қызықтырып келеді. Міне осы тақырыптардың ішінде бүгінгі біздің қарастыратын тақырыбымыз «Отбасындағы жас жұбайлардың бір-біріне бейімделу ерекшеліктер».

Жоғарыда айтылған мәлеслелер қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси, демографиялық, экономикалық процестердің салдарынан туындап отырған мәселе болып табылады. Олар отбасылық өмірге тікелей және жанама түрде әсер етпей, жеке адамның психологиялық сипаттамаларына, жеке көзқарастардың, идеялардың, құндылықтар арқылы әсер етіп отырады. Отбасылық өмірдің сапасына, берік болуына неке мен ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделуі болып табылады. Ерлі-зайыптылық және ата-ана, бала қарым-қатынасы «Отбасы» психологиялық жүйесінің күрделі және өзара байланысты ішкі жүйелері.

Отбасы – ол ең маңызды феномендердің бірі, өмір бойы адаммен бірге жүреді. Оның жеке тұлғаға әсер етуінің маңыздылығы оның күрделілігі, жан-жақтылығы, мәселелік сипаты, отбасын зерттеудің көптеген түрлі тәсілдерін, сондай ақ ғылыми әдебиеттердегі кездесулері анықтамаларын анықтайды. Отбасы әлеуметтік институт, шағын топ және өзара қатынастар жүйесі.

Белгілі Ресейлік әлеуметтік психолог және әлеуметтанушы А. И. Антонов :«Неке еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынасты, бірге өмір сүру формаларын заңды түрде тануға айналады, бұл балалардың тууылуымен жүретін процес». А. И. Антоновтың пікірі бойынша, отбасы бұл-біртұтас отбасылық қызметке негізделген. Ерлі зайыптылардың, ата-ана, туыстық қарым-қатынастармен байланысты адамдардың ортақтығы, осылайша отбасылық өмірдің сабақтастығы, отбасы мүшелерінің өмір сүруін қолдауды жүзеге асырады.

Отбасылық өмірде жас жұбайлардың қарым-қатынасын жақсарту және теориялық талдау – мақаланың негізгі мақсаты болып табылады.
Дана халқымызда «Бүгін бала-ертең ата-ана деген» жақсы нақыл сөз бар. Бұл сөздің асында астарлы ақиқат жатыр. Қазіргі уақытта отбасы үлкен қиындықтарды басынан өткеріп жатыр. Моральдық құндылықтардың материалдық құндылықтарынан кемшін бола бастауы, жастардың отбасылық-некелік өмір туралы психологиялық даярлығының төмен болуы, ата-ананың бала тәрбиесіне, жас жұбайлардың бір-біріне бейімделуі, көнігуіні ұқпаудың нәтижесінде психологиялық білімінің жетіспеуі. Сәбидің дүниеге келуінің төмендеуімен, ажырасу санының көбеюімен және осыған байланысты баланың панасыздығының, қараусыздығының өсуімен қатар, жалпы айтқанда, отбасына әлеуметтік қаражаттардың жетіспеушіліктерінен туындаған мәселелер. Баланың психикасы, мінез-құлық үлгісі, адамгершілік және әлеуметтік қағидалары отбасында қалыптасатыны белгілі. Ал ізгі, үйлесімді, мәдениетті, сабырлы, болашаққа ұмтылатын ұрпақ, болашақ отбасы иелерін тек отбасы мен қоғам бірігіп қана тәрбиелей аламыз.

1940-1960 жылдар арасында ерлі-зайыпты жұптарға психологиялық көмек көрсету қарқынды дамыды. Мұнда көрініп тұрғандай  отбасына деген көңіл бөлу бұрынғы заманнан келе жатқан үрдіс десекте болады. Отбасының берік болуы ол-жас жұбайлардың бір-біріне деген сенімінен туындайды. Отбасының мықты, қандай сынық болсада берік болып қалуы үшін көптеген ғалымдар диагностикалық әдістемелерді жүргізіп, зерттеп көрген еді. Сол ғалымдардың бірі М. П. Кабакова. Ол ғылыми зерттеулерінің көбін осы тақырыпқа бағыштап, зерттеу әдістемелері мен сауалнамаларын жүргізген болатын. «Жүйелік отбасы» әдістемесін сіздерге ұсынамыз.

Әдістеменің мақсаты-әр түрлі жағдайларда олардың отбасылық қатынасын реттейтін құрылымдарды отбасы мүшелерінің жеке және топтық қабылдауы(бағалауы) туралы сандық және сапалық деректерді алу болып табылады.

Өздерінің отбасылық қарым-қатынастарының құрылымын таныстыру әдісі, оның негізгі параметрлері осы параметрлердің бірлігі, ирархиясы, икмділігі сондай-ақ отбасындағы шекаралар болып табылады.

Ұйымшылдық (байланыс, бірігу, эмоцияналдық жақындық) отбасы мүшелер арасындағы психологиялық қашықтық.

Ирерхия отбасындағы үстемдік – бағыну қатынастарын сипаттайды. «иерархия» термині отбасылық қатынастардың әртүрлі аспектілерін сипаттайды:билік, үстемдік, отбасындағы бір мүшенің басқаларға әсер ету дәрежесі, шешім қабылдау күші.

Икемділік – отбасы жүйесінің отбасы ішіндегі өзгерістерді олардың мінез-құлқын тұрақты сақтау қабілетімен үйлестіру қабілеті, отбасылық жүйенің икемділігі ұйымшылдық пен иерархияны өзгертетін ситуациялық талаптар мен стрестерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Шекара термині – отбасылар мен олардың әлеуметтік ортасы арасындағы қатынастарды сипаттау үшін, сондай-ақ отбасылар арасындағы әр түрлі ішкі жүйелер арасындағы қатынастарды сипаттау үшін қолданылады.

Сыртқы шекара-отбасы мүшелерінің бір-біріне және отбасына жатпайтын адамдарға қатысты мінез-құлқындағы айырмашылықтар арқылы көрінеді. Отбасылық терапевттер шекаралардың дамуын отбасы құрылымын бағалаудағы маңызды параметр ретінде қарастырады. Ұрпақтар арасындағы шекараларды талдау нақты құрылымдарды анықтау үшін қажет.

Міне осылай «Жүйелік отбасы» әдіснамасы көрсетілген яғни теориялық тұрғыда жүйелеп көрсетілген. Ғалымның пайымдауынша біз отбасында осы жүйелерді дұрыс орындай білсек немесе дұрыс қолдана білсек, кикілжіңдердің болу ықтималы пайыздық көрсеткіште төмендейді.

Әрбір адамда алдын-ала сүю және сүйікті болу қажеттілігі болады, әркім өзінің қайталанбас және жалғызын кездестіріп, онымен қайғы мен мұңын бөлісіп балалар тәрбиелеп өмір бойы бақытты өмір бойы бақытты өмір сүргісі келеді. Алайда, өкінішке орай, бұл тілектерді жүзеге асыру барлық кезде қолдан келе бермейді. Біреулерге танысудың өзі тіптен қиын, өзгелері отбасын құруға шешім қабылдай алмайды, ал үшіншілері бір-бірін сүйетін секілді, бірақ бірге тұра алмайды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. М. П. Кабакова  Психология семьи и брака  Алматы «Қазақ университеті» 2014
2. М. П. Кабакова  Психологические методы исследования семьи  Алматы 2007
3. Л. Б. Шнейдер Психология семейных отношений ЭКСМО-Пресс 2000
4. Л. Б. Шнейдер Семейная психология   Москва Академический Проект 201


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама