Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Айтылған сөз желісі

Бүгін (1965 ж. 8 июль) сағат 14-тен 16-ға дейін Имашевта болдым.

— Орталық Комитеттің хатшыcы болып сайланғаныңызбен құттықтаймын! Сізге бұл үлкен сенім, — деп қол алысып амандасып, ол кісінің ұсынған орындығына отырдым.

Саттар әдеп ретінде менің хал-жайымды сұрады да:

— Ал, енді Бәуке, бұйымтайыңызды айта отырыңыз, — деді.

— Мені тыңдау үшін қанша уақыт бөлесіз?

— Уақыт жағынан қысылмаңыз. Күнде келіп жүрген жоқсыз ғой.

— Мен үлкендердің алдарына келе бермеймін (мысалы Қонаевтың алдына бармағаныма он жылдан асып барады. Нұрымбетпен сіздей беттесіп сөйлескен емеспін, Тәшеновпен ол орнынан түскеннен кейін ғана, біреулердің үйлерінде кездестім...) Неге десеңіз, олардың уақтыларын алғым келмейді; оларға айтар өз жеке басымның шаруасы жоқ; мен ешқандай жікке жатпаймын; «ағайын арасындағы көже өкпелерге» араласпаймын; мен туралы сөздер аз емес, естіп те жүрген боларсыз.

— Я, ел құлағы елу емес пе?!

— Солай. Мені мақтаса да, жамандаса да, өте көпіртіп айтады. Кейбіреулер мақтаймын деп, жамандағанын білмей қалады. Я не располагаю временем опровергать эти вздоры или полувздоры...

— Елдің барлы6ы сіздей болса, бізге жұмыс істеу оңай болар еді. Өсек пен арыздарға уақыттың көп кететіні рас.

— Мен сізбенен бірінші рет кездесіп отырмын. Ашық сөйлескім келеді. Бірінші кездесуде бірін-бірі іштен сынап отыру заңды. Сіз мені, мен сізді сынап отырмыз. Мен ашық айтайын. Мен сізді хатшы деп келіп отырмын. Түспейтін хатшы болмайды...

— Я, ол дұрыс қой...

— Сіздің қызмет жағынан тағы да жоғарылай беруіңізге шын тілектеспін.

Мәселе хатшы түсуде емес — оның ісінде. Темірбек Жүргенов аз уақыт қана нарком болған... «Жүргеновтің кезінде» деп, ол кісіні мәдени, әдеби қайраткерлер әлі ауыздарынан тастамайды. Демек, ол кісі партияның, халықтың сенімдерін ақтап, артына жақсы із қалдырып кетті... Қай хатшының халық аузында қалай қалғандарын өзіңіз де білесіз. Кімдердің өрге, кімдердің көрге тартып өткендері де іс жемістерінен, нәтижелерінен халыққа, тарихқа мәлім... Сіздің участогіңіз өте ауыр участок...

— Я, солай.

— Жазушылар, журналистер, ғалымдар, суретшілер, өнер адамдары, ұйымдары. Әрқайсыларының ерекшеліктері бар... Мен сізге лекция оқып отырғаным жоқ па?

— Жоқ. Әңгімелесіп отырмыз. Мен тыңдап, кей пікірлеріңізді естелік ретінде қағазға түртіп отырмын. Айта беріңіз.

— Жазушылар туралы: «Это беспартийная организация. Притом там писателей мало, а желающих быть писателями много. Не так-то легко иметь партийное влияние на эту организацию. Если Союз писателей работает плохо, в этом прежде всего виноват ЦК. Вам известно выражение Энгельса: «Если рабочий класс не понимает нас, в этом виноваты прежде всего мы».

Творческие люди по команде и по приказу не вдохновляются. Под видом выполнения социального заказа пишутся всякие «времянки», они слишком легковесны, поверхностны.

В чем же причины?

Дело прежде всего в правильной, продуманной организации и в умелом руководстве.

Наши писатели делятся на три поколения — старшие, средние и младшие. У каждого поколения свое достоинство и недостатки, присущие только им в отдельности связанные временем, их школой, окружением и возрастным индексом.

Время, люди и события для трех поколении представлены и пережиты по разному.

Феодальные устои, Царизм, Революция, гражданская война, НЭП, начальные училища, семинария, гимназия — жизненно известны первому поколению;

НЭП, детдома-интернаты, семилетки, техникумы, ликбезы, коллективизация, ВОВ — жизненно пережиты вторым поколением.

Молодое поколение — Вузовцы. В течение сорока лет руководство Союзом писателей целиком и полностью доверено старшему поколению: Сабита сменяет Габиден, Габидена сменяет Габит, снова Сабит, снова Габит, снова Габиден, снова Габит, они незаменимы, лишь происходят смены одного другим. Они сделали немало хорошего, но и много плохого. Это вам известно больше чем мне.

— В частности?...

— Беспринципная группировщина со всеми ее отрицательными последствиями. Злоупотребление доверием (властью, именем) в своих личных выгодах. Вовлечение в сферу беспринципной группировки молодежь...Это для вас не открытие, это давно известный факт...

— Да, к сожалению, так...

— Экспериментирование в руководстве СПК старшего поколения, как видите, продолжалось довольно длительное время... Мне кажется, СПК нужно нейтральное — партийное руководство, умеющее организовать правильное взаимодействие трех поколений, восполняя недостатки одних достоинствами других, ради общей цели и задачи правильного развития казахской литературы и выращивания кадров. Старикам надо передать эстафету руководства более молодому поколению.

Писателей часто, очень часто упрекают, что они мало пишут о современности. Тема современности связана с жизнью народа, безусловно является актуальной. На всех собраниях, совещаниях говорят по этому поводу и принимаются клятвенные постановления писать на современную тему, а на деле получается «А воз и поныне там».

В чем же дело?

Надо определенно понять — что следует понимать под современностью. Надо строго разграничить понятия злободневность и современность. Правомерность малых жанров нельзя навязывать большим жанрам. Последние требуют глубокого изучения, осмысливания и обобщения.

У нас бытуют крайности: охаивание прошлого, восхваление настоящего, (перспектива будущего), пророчествование на райские блага будущего.

Настоящее большое полотно должно объективна дать их единство как наследственное развитие, взаимосвязь, взаимообогащение, взаимозависимость. «Объективно-правильное знание прошлого, есть признак просвещенности», — писал Энгельс. У нас не хватает просвещенности.

«Көзің желкеңе біткен бе? Неге артыңа қарай бересің», — говорил ваш предшественник. А почему бы не посмотреть в ретроспективном плане, чтобы во всеоружии понимать всю глубину настоящего и обоснованно помечтать о будущем? Разве это не современно?

Благородные традиции, этические, эстетические взгляды, моральные нормы наших предков, воспитывающие молодежь в духе благородства, добропорядочности, патриотизма не являются современной темой? Разве лучшие страницы романа «Абай» является не современными?

Разве лучшие произведения на тему ВОВ не являются современными?

Гали Орманов говорил: «Сары жамбас болған соғыс темасын қоялық та», это – невежество и кощунство над историей, над народным подвигом.

Подготовка и проведение XX летия победы выявило доселе неизвестные имена, неизвестные события, а сколько еще не выявленных подвигов, эпизодов на фронтах ВОВ, в партизанском движений, в рядах движения сопративления (в Польше, во Франции, в Италии, в Югославии), бывшими военнопленными и в самих концлагерях. Разве это не современная тема? А трудовые подвиги в тылу в годы ВОВ, и в послевоенный, восстановительный период?

Как можно писать историю, не зная истории? Как можно написать книгу, не зная самой жизни?

Гастроли бригады писателей — это не изучение жизни, а увеселительная прогулка, почетные встречи, обильные угощения, банкетные обещания, торжественные проводы. Что в этом делового?

Мы часто встречаем слабые произведения...

«Жаным саған құрбан», «Жарым саған құрбан», «Қаным саған құрбандық» деп тұншыға, қылқынып жазылған өлеңдерде қандай патриотизм, тереңдік бар?

Біздің жазушылардың көбі Алматыда тұрады. Олар астанадан көшірілсін деп отырған мен жоқ. Облыстар да, аудандардағы қызметтер де шалажансар деуге болады.

Әдебиет кадрларының баулынып, өсу жағынан сатыларға қамқорлық жоқтың қасы. Жергілікті талапкерлерге жетекші жұмыстары өте нашар.

Болашақта әдебиетіміз кімдермен нәрленбек. Қала жастарының жөні бөлек. Ауыл, аудан жастарына көңіл бөлінуі өте жөн болар еді.

Әдеби үйірме, қабырға газеттер, оқырмандар конференциялары, әдеби тәрбие болашақ әдебиетшілерді баулудың бірінші сатысы емес пе?! Содан бастап әдеби құрамдардың істері ойдағыдай жандандырылып, өз орындарын алып, қалыптарына келтіріле басталғаны жөн болар еді. Ол туралы менің пікірлерім Жазушылар одағына жазба түрде берілген болатын. Сол ұйымдастыру мәселесін кең қарап шығып, жергілікті жерлердегі істі дұрыс арнаға салған дұрыс болар еді.

— Ондай ұсыныстарды қаралық.

— Ол қағаз кезінде жазылған еді, оны мен алып келгенім жоқ. Онда нақты ұсыныстар бар еді.

— Мен оны алдырып көрейін.

— Значимость 1941 года весьма велика. Подвиг 1941 года не имеет себе равных. Он был проявлен в самый критический период, нависшей смертельной опасности для нашей родины — подвиг носил стихийно-общенародный характер. Я принес вам этот проект письма, чтобы посоветоваться с вами, разрешите прочесть.

— Оқыңыз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама