Балабақшада қолданылатын тиімді технологиялар

Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалано отырып жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.
Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс әрекеттің психологиялық механизімі жеке бастың өзіндік талап - талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарлы жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. Ойын баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Ойын технологиясын оқу іс - әрекетмде қолдану:
Мен өзімнің ортаңғы «Ақ көгершін»тобында Таным және Коммуникация білім беру салалары кіріктірілген «Жабайы жануарлары» тақырыбында оқу қызметін өткіздім. Оқу іс - әрекетінің ұйымдастырушылық, оятушылық кезеңінде ауылға бару мақсатында ауылдың көрінісін жасау керек болды. Бұл жерде үйлерді әр түрлі - түсті геометриялық пішіндер болды және балаларға да сондай пішіндер таратылды. Сол арқылы олар орындарын тауып, түстері мен пішіндеріне қарай сәйкестендіріп отырады. Бұл жерде баланың танымдық қабілеті, жылдам ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
Ауылға жеткенше ән айтайық деп «Қошақаным» әнін айтқызу арқылы шығармашылық қабілеттері мен тілдерін дамыту.
ТРИЗ – технологиясы
ТРИЗ - дің мақсаты тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайлықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады. Балалық шақтағы ТРИЗ баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейіннің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген білім мен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, қатынас т. б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Одан кейін жабайы жануарлары туралы білімдерін бекіту үшін ТРИЗ технологиясы бойынша ТРИЗ сағаты қолданылатын «Анасын тап» ойыны ойнатылады. Бұл жерде бала ұзын тілімен бір жабайы жануарын таңдап, атын атап, оның үй немесе жабайы жануар екенін айтып, қысқа тілімен төлін көрсетеді. Сергіту кезеңінде тақпақ айта отырып, мысықтың қимылдарын көрсетеді.
Қорыту кезеңінде өтілген тақырып бойынша алған білімдерін бекіту үшін және кері байланыс жасау үшін тағы да ТРИЗ технологиясы бойынша «Лулия шеңбері» қолданылатын танымдық ойын ойнатылды. Балаларды үш топқа бөліп, жарыстыру.
(Лулия шеңберінің құрылысымен таныстыру)
Оқу қызметі барысында неғұрлым ойын технологиясы көп қолданылса, соғұрлым меңгерілген білім жақсы болады.
Қорыта келгенде мектеп жасына дейігі балалардың дамуында ойын технологиясы маңызды рөл атқарады. Ойындар қолданылған сабақтарда балалар өздерін еркін сезініп, ұялшақтықтан арылып, қиялдары дамиды. Танымдық қабілеттерінің деңгейі өседі.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№26 «Нұрай» бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Кылышбаева Раушан Узакбаевна.