Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Молекула кинетикалық теорияның негізгі ережелері, және оларды тәжірибелік негіздеу
Күні___________ Пәні: Физика Оқу тобы: 1 «а», «б», «в» Сабақ реті ______
Сабақтың тақырыбы: Молекула кинетикалық теорияның негізгі ережелері, және оларды тәжірибелік негіздеу.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға газдардың МКТ негізгі қағидалары, зат құрылысы туралы оның ерекшеліктерін түсіндіру.
2. Дамытушылық: МКТ негіздерін оқып – үйренуде оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау.
3. Тәрбиелік: Өмірдің барлық ағымы физикалық заңдылыққа қатысты екендігін көрсету. Оқушыларды еңбектене, іздене білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, проектор, слайд
Пәнаралық, пәнішілік байланыс: физика 9 сынып
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма беру
VI. Қорытындылау, бағалау
І Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеу
ә) топты екіге бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Блиц - турнир
1топқа сұрақ:
1. Заттың агрегаттық күйлерін ата? (қатты, сұйық, газ)
2. Сұйық пен газға ортақ қасиет қандай? (формасын сақтамайды)
3. Сұйықтар сығыла ма әлде газдар сығыла ма? (газда)
4. Бір қалыпты атмосфералық қысымның мәні? (10ПА)
5. Заттың газ күйіне тән қандай қасиет? (Пішіні мен көлемін сақтамайды)
6. Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? (тамшы)
7. Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің (ауа)
8. Аспандағы алып топ, жарқырайды жарық боп (күн)
9. Идеал сұйық деп қандай сұйықты айтады? (Ішкі үйкеліс күштерін ескермейтін сұйықтық)
2 топқа сұрақ
1. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (барометр)
2. Ламинарлық ағыс деп қандай ағысты айтады? (Сұйық бөлшектерінің жылдамдықтарының барлық жерде түтік бойымен бағытталған және сұйықтың цилиндр түріндегі түтікпен қозғалысы)
3. Әр түрлі қималары бар көлденең құбырдан ағып жатқан сұйықтың жылдамдығы қай жерде жоғары болады? (диаметрі кіші қимада)
4. Судың химиялық формуласын айт 20)
5. Судың үш агрегаттық күйін айт. (Мұз, су, бу)
6. 1 тонна мақта ауыр ма, әлде 1 тонна темір ауыр ма? (Тең болады)
7. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (жарық)
8. Дүние жүзінде көп тараған сұйық (су)
9. Бернулли теңдеуін жазу (p+Pgh+pv2/2=const)
Жаңа сабақ түсіндіру.
Физикада 18 ғасырдың басында заттардың табиғаты туралы бірнеше көзқарас болды. Осы кезде ғалымдар көптеген еңбектер жазды. Оның ішінде орыстың көрнекті ұлы ағартушысы М. В Ломоносовтың да еңбектері болды. Ол барлық денелер өте ұсақ материалдық бөлшектерден немесе олардан тұратын ірілеу бөлшектерден тұрады деп есептеді. Ол заттың үш күйінің ерекшеліктерін түсіндірді.
Сонымен молекула дегеніміз заттардың негізгі химиялық қасиеттерін иеленуші ең кіші электрлік бейтарап бөлшек. Ол атомдардан тұрады. Атомдар дегеніміз молекулалар құралатын ең ұсақ бөлінбейтін бөлшек.
Бір заттың молекулалары бір бірінен айнымайды, әр түрлі заттардың молекулалары өзінің құрылымымен, құрлысымен яғни атомдырының санымен және түрімен ерекшеленеді.
Молекула кинетикалық теорияның негіздеріне үлес қосқан ғалымдар: 
Ашқан ғалымУақытыҚай елдің ғалымыЕңбегі
Тит Лукреций КарІ ғасырРимЗаттардың тегі жайлы
ДемокритV ғасырГрекияАтомистикалық ілім
ЭпикурV ғасырГрекияАтомистикалық ілім
ГассендиXVIII ғасырФранцияАтомистикалық ілім
ЛомоносовXVIII ғасырРоссияМКТ жасады
Қазіргі уақытта атомдық молекулалық ілімнің шынайылығы көптеген тәжірибелердің негізінде дәлелденді. Сондықтан ғылыми молекулалы кинетикалық теқрия толығымен мойындалды.
Заттардың құрылысы туралы молекулалы кинетикалық теорияның (МКТ) негізгі қағидалары мыналар:
1. Кез келген зат өте ұсақ бөлшектерден арасында бос аралықтар бар молекулалардан немесе атомдардан тұрады.
2. Молекулалар мен атомдар әрқашанда үздіксіз бей берекет, ретсіз қозғалыста болады.
3. Молекулалар (атомдар) арасында тартылыс және тебу күштері әрекет етеді.
Заттар құрылысының МКТ негізгі қағидаларын растайтын көптеген бақылаулар мен тәжірибелерді жүзеге асыруға болады.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Зат құрылысы туралы қандай түсініктер болды?
2. Табиғаттағы барлық зататрдың алуан түрлілігін ежелгі грек философтары қалай түсіндірді?
3. МКТ негізгі қағидалары қалай айтылады?
4. Молекула дегеніміз не?
5. Атом деп нені атайды?
«Адасқан әріптер» ойыны (2 МИН)
1. АССЕНДИГ - ГАССЕНДИ
2. КРИТМОДЕ - ДЕМОКРИТ
3. ПИЭКУР - ЭПИКУР
4. ЮТОНЬН - НЬЮТОН
5. УКРЕЦИЙЛ – ЛУКРЕЦИЙ
Үйге тапсырма: § 20 Заттардың құрылысына көзқарас. Молекула кинетикалық теорияның негізгі қағидалары тақырыбын оқып келу.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Физика – 10 оқулығы. 2. Физика курсы 3. МФ, ФА журналдары.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама