Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Ұшады – ұшпайды»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Ұшады – ұшпайды».
Мақсаты: Түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту. Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.
Міндеттері:
а) Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету.
ә) Табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Ұйымшылдыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
орындайды: табиғатта ұшатын, ұшпайтынын;
түсінеді: ұшатын, ұшпайтын заттарды топтастыруды;
қолданады: ұшатын - ұшпайтын заттар туралы сұрақтарға жауап береді;
Көрнекіліктер: Ұшатын құстар мен ұшпайтын заттардың суреттері.
Сөздік жұмыс: көбелек, торғай, ұшақ, үй, ағаш, машина.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезең.
Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
 Тақпақты дауыстап айтады, сонымен қатар ым және ишарамен өздерінің көңілді екенін көрсетеді.
2. Негізгі кезең.
Балалардың назарын суретке аударып, олардың аттарын айтқызу.
– Бұл – құс. Ол ұшады. Ал мынау – ұшақ. Ол да ұшады. Көбелек те ұшады. Себебі олардың ұшуға арналған қанаты бар.
– Балалар, енді мына суретте ұшпайтын да заттар бар. Оларда қанат болмайды. Олар тек бір орында тұрады. Мысалы үй, жиһаз т. б

Сергіту сті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды жаямыз.
Құстарға ұқсап,
Ұшып - ұшып аламыз.
 1. «Топтастыр» дидактикалық ойыны.
2. «Не ұшпайды?» тапсырмасын орындау. Суреттен ұшатын, ұшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу.
– Торғай ұшады,– деп қолдарын көтереді. Қимыл - қозғалыстар жасайды.
Ойыншықтарды бір бөлек, құстарды бір бөлек топтастырады.
– Үй ұшпайды.

3. Рефлексия.
Сұрақ - жауап арқылы оқу қызметінен алған білімдерін бекітеді.
Сұрақтарға жауап береді.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Азамат Таңшолпан

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама