- 03 шіл. 2019 00:00
- 252
Балағат сөздер пайдаланатын адамдар басқаларға қарағанда шыншыл екен
Көп елдің мәдениетінде ауызекі тілде балағат сөздерді пайдалану — ашу мен дөрекіліктің белгісі. Сонымен қатар, әдепсіз лексика әдетте моральдің төмендігінің дәлелі ретінде, ал үнемі ұрыс-керістің ортасында жүретін адамның қоғамда орны төмен деп қарастырылады. Бірақ, соған қарамастан, девиантты лексиканы қолдану адамдарға өзіне және айналасындағыларға шыншыл болуға көмектеседі.
Бейәдеп сөздер сезімнің шынайылығын көрсетеді
Бейәдеп сөздер адамдардың «сүзгіден өтпеген» сезімдерін білдіру және шынайылығын көрсету үшін пайдаланылады. Әрине, нормативті емес лексиканы қолдану кей жағдайларда мүлдем орынсыз, бірақ оны пайдалану адамның өз эмоциясын бақылауда ұстамайтынын және қандай да бір мәселеге қатысты көзқарасы мен пікірін ашық айтатынын білдіреді. Ғалымдар (Frankly, We Do Give a Damn: The Relationship Between Profanity and Honesty) осындай қорытындыға келіп, бірқатар зерттеулер жүргізді. Бірінші кезеңде олар 276 адамға сауалнама жүргізіп, нәтижелерін талдады.
Зерттеуге қатысқан адамдардан олардың ең сүйікті және ең жиі қолданылатын бейәдеп сөздерін жазуды, содан кейін оларды пайдалану себептерін бағалауын сұраған. Осыдан соң ғалымдар қатысушылардың қаншалықты шынайы жауап бергенін арнайы шкала бойынша өлшеді. Нәтижесінде, сауалнамаға қатысқандардың ішінен ең көп бейәдеп сөз жазған адамдардың өтірік айтуға бейім емес екені анықталған.
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қатысушылар қандай да бір себеппен өздерінің шынайы сезімдері туралы айтқанда немесе жағымсыз эмоцияларын жеңуге тырысқан кезде нормативті емес лексиканы қолданған. Сондай-ақ, басқа зерттеу нәтижелері де бейәдеп сөздерді қолданатын күдіктілердің көп жағдайда кінәсіз, сенімді болатынын көрсетті. Күдіктілер тағылған айыпты мойындамаған кезде әдепсіз лексиканы кінәлілерге қарағанда көбірек қолданған. Ал кінәлілер ақталуға тырысқан.
Нормативті емес лексика және сөйлеу үлгілері
Екінші зерттеуде әлеуметтік желіде ұрыс кезінде нормативті емес лексиканы қолданатындардың санын анықтау үшін 74 мыңға жуық фейсбук қолданушыларының статусы талданған. Арнайы бағдарламаның көмегімен барлық статус бір файлға біріктіріліп, олардың шынайылығы мен нормативті емес лексиканы қолданып айтқан сөздерінің санына баға берілді.
Нәтижесінде, қалғандарына қарағанда өтірік жиі айтатын адамдар өз статустарында «мен», «ол», «олар» деген сөзді сирек, ал негативті сөздердің өңін бояп, оларды іс қимыл етістігімен бірге көбірек пайдаланған. Бұл жиі жалған айтатын адамдар өтірік айтудан еркінен тыс бас тартуға тырысатынымен түсіндіріледі, сондықтан сілтемені өзіне қарата бермейді. Осыдан соң ғалымдар фейсбукте жиі ұрысатын пайдаланушылар әрі қарай да осындай сөйлеу үлгілерін пайдаланады деген болжам жасады. Ал айналасындағылармен шынайы қарым-қатынас жасайтын адамдар, керісінше, ұрыс кезінде жіктеу есімдіктерін көбірек пайдаланады. Бұл ретте олар өзін көрсетуге қорықпай, өз эмоциясын білдіруде шынайы болады.