Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Неліктен әуежайда зарядтаудың USB-станцияларын пайдалануға болмайды

Біз қандай да бір қызметті төлей отырып, қиындық туғызған мәселелерді шешуге үміттенеміз. Мысалы, әуежайда тасымалдаушыға ақысын төлей отырып, біз ауыр чемодандарды көтеруден құтыламыз. Бірақ, өкінішке орай, қоғамдық орындарда қызмет әрқашан тиісті дәрежеде көрсетіле бермейді: әуежайда қалтаңыздан ақы төлеп, ұялы телефоныңызды зарядтай отырып басыңызға бәле тілеп алуыңыз ғажап емес. 

Қаскүнемдер қоғамдық USB-станцияларды қорғаудан ілік таба отырып, телефонға оп-оңай қосыла алады, сонымен қатар оған түрлі зиянды бағдарламалар орнатып, тіпті сіздің жеке мәліметтеріңізді жүктей алады.

IBM Security-дегі X-Force Threat Intelligence-нің  вице-президенті Калеб Барлоу: «көпшілікке қолжетімді USB-портқа қосылу жолда біреудің тіс щеткасын тауып, оны пайдаланғаныңызбен пара-пар. Сіз оның бұрын соңды кім пайдаланып, қайда жатқанын білмейсіз ғой. Қоғамдық  порттар деректерді жібере алатынын ескере жүріңіздер» — дейді.

Айта кету керек, 2019 жылы жарияланған көрсеткіштерге сәйкес, киберқылмыскерлер соңғы бірнеше жылда қоғамдық USB-станцияларды қорғаудағы кемшіліктерді белсенді түрде пайдалана бастады. 2018 жылдың қаңтарынан бастап телефон зарядтау станциялары арқылы 566 миллион дерек ұрланған екен.

Ал бұндай келеңсіздіктен құтылудың жолы бар ма? Әрине бар. Зарядтау шнурына дейін зарядтау құрылғысына салынған арнайы адаптер бар және ол арқылы деректерді жіберу бұғатталады, ол арқылы тек ток өтеді. Бірақ өзіңізбен бірге портативті зарядтау құрылғыларын алу немесе әуежайда бос тоқ көзін тауып, өзіңіздің зарядтағышыңызды пайдаланғаныңыз жақсы. Сондай-ақ Калеб Барлоу әуежайдағы  әлдебіреудің ұмыт қалдырған зарядтау құрылғысын қолданбағаныңыз жөн екенін атай кетті. Зарядтау сымына түрлі зиянды бағдарламаларды телефонға тарататын чипті енгізіп қоюы да мүмкін. Ал алаяқтар мұндай бағдарламалардан құтылу үшін қаржы талап етуі ғажап емес.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама