Балалардың қауіпсіздігін қалай сақтаймыз?

Өмір қауіпсіздігі негіздері, ережелерінің мақсаты: өмір сүрудің қауіпсіз және қатерсіз жағдайын құру үшін;
жүйенің қызмет көрсету объектісін ескеріп, жаңа техника мен технология үрдестерін қазіргі заманғы экологиялық талаптарға сай жоспарлау;
тұрғындар мен өндіріс қызметкерлік, ауылшаруашылық объектісін төтенше жағдай кезінде апаттар және оларды залалсыздандыру кезіндегі жоспарлау мен сауатты шешім қабылдау үшін қажет.
Тәрбиеші топқа кіретін әр баланың өмірі мен денсаулығы үшін дербес жауапкершілікке ие. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмауға тиіс.
Жарақаттану профилактикасына назар аудара отырып, барлық күн тәртібі сәттерінде баланың әрекетіне бақылау жасайды.
Сабақ өткізу, ойнау, серуендеу, сауықтыру іс - шаралары барысында, бөбекжай - бақша бөлмелерінде, аумағында және бөбекжай - бақшадан тыс жерлерде іс - шаралар өткізу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бөбекжай – бақшасы аумағынан тыс жерде серуендеу немесе саяхат өткізу жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтау.
Балаларды бөгде адамдарға, кәмелетке толмаған балаларға, ішімдік ішіп келген жағдайдағы адамдарға бермеу.
Егер баланы ата - анасынан бөгде адам алып кететін болса, ата - анасы немесе сенімді адам қол қойған сенімхатты рәсімдеу қажет.
Ересек адамдарға жұмыс істеуге қажет барлық өткір және қауіпті заттар (ине, түйрегіш, қайшы, жуу және дезинфекциялаушы құралдар) балалардың қолы жетпейтін орында тұруы тиіс.
Сабақ өткізу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау.
Белгіленген нұсқаулыққа сәйкес балаларды техника қауіпсіздігі ережелеріне үйрету.
Жылдың ыстық мезгілінде күн өтуден сақтау үшін балалар жеңіл бас киім киюі қажет;
Кенеттен сырқаттану немесе бақытсыз жағдайда алғашқы көмек көрсете білу қажет;
Топ бөлмесіндегі балалардың жабдығы, портреттер, суреттер, шкафтар, сөрелер қабырғаға немесе еденге бекітілуі тиіс;
Балалардың бойымен деңгейлес жерге ілгек, шеге қағуға болмайды;
Еденге және қабырғаға бекітілмейтін өсімдіктер бөлмесін е арналған тұғырлардың тұрақтылығын тексеру;
Баспалдақтарда, шкафтардың үстінде, қабылдау бөлмесінде дәретханаларда гүл отырғызылатын түбектерді қоюға болмайды;
Эвакуациялық шығу жолдарының есіктерін бекітпеу керек. Олар баланың бойынан жоғары деңгейде іштен ашылатын ілмекпен жабылуы тиіс.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты білу мен қатаң сақтау;
Бала кенеттен ауырған, жарақат алған немесе бақытсыз жағдайда, бөбекжай - бақша меңгерушісіне және медбикеге тез арада хабарлауы керек,
Бөлмені рәсімдеуге ине, түйреуіш, қыстырғыш және басқа да өткір заттарды пайдаланбау қажет;
Серуен кезінде
Серуендеу кезінде тәрбиешісіз кетіп қалмау;
Баламен серуендеген кезде, оған көлік астына түсу қауіпі бар орындарды көрсету маңызды.
"Бейтаныс адаммен сөйлеспесе, одан алыстау, көп адамдар бар жерге барып тұр!" деген дәлелденген, тиімділігі бар ережені жақсы меңгерсе, онда баланы "қақпанға түсіретін" қылмыскерлерден сақтандыру мүмкін.
Балаңыз шабуыл объектісі болмас үшін, оның қауіпті жерлерде жүрмеуі абзал. Олар: жаңа салынған үйлер, жертөле, тасталған үйлер, жол жиегіндегі орман саяжайлары.
Балаларға шабуылдайтын қылмыскерлер қарапайым адам сияқты көрінеді. Олардың басқалардан еш айырмашылығы жоқ. Олар өздерін сыпайы әрі мейірімді ұстайды. Міне осындай шын қауіпті адам және оның жақсы бейнесі арасындағы айырмашылық балаларды шатастырып, олардың қақпанына түсуге септігін тигізеді.
Баланың жасы мен оның ерекшеліктерін ескеріңіз. Бала өз атын, тегін, мекен - жайы мен телефонын білу керек.
Қыс кезінде серуенге шығу алдында балалардың ойын қызметіне арналған учаскені дайындау: қардан, мұздан сыртқы баспалдақтарды, орындықтарды жолдарды тазарту;
Жолдар мен орындықтардағы қарды тазарту үшін жасы үлкен балаларды ғана пайдалануға болады, бұл үшін балаларға арналған ағаш күректер қажет.
Мұз тауда сырғанау үшін тәрбиешінің рұқсаты керек.
Тәрбиеші серуендеу кезінде суықтап қалмауын бақылау.
Балалардың өз бетінше бөбекжай - бақшасы аумағынан тыс жерге кетуіне жол бермеу;
Балаларды жалғыз өзін үйіне жібермеу;
Серуендеу орынын кесуші және тесуші заттардың, улы өсімдіктер;
Топта және дәлізде жүру
Бір – біріне түрлі заттарды және оның ішінді өткір, ауыр, металл, шыны заттарды лақтырмау;
Терезеге, үстелге, партаға, столға жәнеде басқа жиһаздарға шығуға болмайды;
Қажетсіз жағдайда дәретхана, шешіну және жататын бөлмеге кірмеу;
Магнитофон, аквариумды өз бетінше қоспау;
Дәретхана және жуынатын бөлмесінде өзін сабырлы ұстау, су шашпау;
Қалам, қылқалам, қайшымен жұмыс істегенде абай болу, мұқият жұмыс жасау, қолын сермемеу, жан – жағына бұрылмау;
Дәліздерде өзін сабырлы ұстау, ұйымдасқан түрде қатарға тұрғызып, балалармен бірге серуендеуге шығу;
мен саңырауқұлақтардың, тікенді ағаштардың болуын білу үшін алдын ала қадағалау
Бөбекжай – бақшасында өрт қауіпсіздігін сақтау жайындағы нұсқау:
Іс – шаралар барысында өрт қауіпсіздігінің сақталуына тәрбиешілер жауап береді;
Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында іс - шара өтетін жерде, бөбекжай - бақшасынан шығатын жерлерде еркін жүріп тұруға жағдай жасалуы тиіс;
Іс – шара барысында жарық және химиялық жарылғыштарды қолдануға тиым салынады;
Киім тазалайтын тез жанғыш заттарды қолдануға болмайды;
Үйдегі жағдай
Балаңыз өзіңізге толықтай сеніміне ұмтылыңыз. Егер сіз балаңыздың қиын сәтте өзін дұрыс ұстағанын білсеңіз, мақтау сөздерін аямаңыз. Бұл баланың өзіне деген сенімділін арттырады. Егер қателік жасаса, ұрыспай, қатесін айтып, оның неге әкеп соғатынын атап көрсетіңіз.
Баламен тұрақты қарым - қатынаста болғанда ғана, сіздің көмегіңізге қаншалықты мұқтаж екенін, балаға қаншалықты сенімділік білдіріп, оған «бостандық» беруіңізге болатынын білуіңізге болады (үйде жалғыз қалдыру, дүкенге барып келуін сұрау, досының үйіне бару, т. б.).
Егер бала ата - анасымен қарым - қатынаста болмай, оларға сенім білдірмесе, ол түсіністікті, жан жылуын басқа адамдар мен әр түрлі жерлерде іздейді. Қылмыскерлер бұл жағдайды жиі пайдаланып, «мейірімді ағай» рөлін сомдайды.
Баланың өзіне - өзі сенімді болуын үйретіп, егер ол белгілі ережелерді ұстанса, ешқандай қауіп төнбейді. Қауіп төнгеннің өзінде тығырықтан шығу жолын табады.
Баламен жүйелі түрде дайындалыңыз. Қауіптен қорғау әдісі біртіндеп үйретіліп, баланың түсінгенін тексеріңіз. Түсініксіз жерлерді анықтаңыз. Қауіпсіздік ережелерін сақтау автоматты түрде жатталуы тиіс. Сонда ғана баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Балаға үйретудің әр түрлі тәсілдерін қолданыңыз: қуыршақпен ойнау, көрініс көрсету, дұрыс іс - әрекет жасаған бала туралы әңгіме, сұрақтар. «Сен қалай істер едің, егер.....?»
Өз балаларыңызға үлгі болыңыз. Егер есікті ашар алдында сіз есіктің ар жағында кімнің барын тексермесеңіз, баланың да бұл жағдайда дұрыс істеуіне кім кепіл?!
Өзге балаларға қамқорлық көрсетіңіз. Егер сіз баланың қауіпті жағдайға (жоғалғанда, оны еріктен тыс алып кетіп, көлікке отырғызуы) тап болғанына куә болсаңыз, бейжай қарамаңыз. Егер бөгет жасауға күшіңіз жетсе, іске кірісіңіз. Қолыңыздан келмесе, күдіктілердің түрін, көлік нөмірін есіңізге сақтап, 102 нөміріне хабарласыңыз.
Тәрбиеші: Шахаманова К. Н.
Балалардың қауіпсіздігін қалай сақтаймыз? жүктеу