Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өрттен сақ болайық!
От - тілсіз жау!
Тақырыбы: Өрттен сақ болайық!
Мақсаты:
- Оттан дұрыс қорғана білуге үйрете отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға үйрету.
- Адам өміріне қауіп төндіретін заттар туралы білімдерін кеңейту.
- Оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жеттік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа, зеректікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Өрт қауіпсіздігі ережелерінің суреттері, сіріңке қорапшасы және газ.

Сабақтың барысы:
Жұмбақ:
Есіктен кіреді,
Тесіктен шығады.
(От)
Жүрген жерін жалмайды,
Тілінен жарық тарайды.
(От)
Сары атым аунаған жерге шөп шықпас.
(От)
- "От - дос, от - жау" дегенді қалай түсінесіңдер?
- "От әр түрлі болады" дегенді қалай түсінесіңдер?
Ойын: "Не істейді?" (жылытады, күйдіреді)
- Өрт сөндірушілердің телефон нөмірі қандай? (Өрт шыққан жағдайда дереу 101 нөміріне телефон шалып, өрт сөндіру қызметің шақыру керек.)
- Қалай ойлайсыңдар, неліктен осы сандарды таңдаған?(Бұл нөмір қарапайым, әрі теруге жеңіл.)

Ой тастау;
- Өртті болдырмау үшін не істеу керек?
- Абайсызда өрт шығып кетсе бөлмеден тез шығып керу керек пе, әлде өрт сөндірушілерді күткен жөн бе?
- Өрт туралы кім хабарлау тиіс; балалар ма әлде үлкендер ме? Неге?
- Өрт бола қалған жағдайда, сен үйде қалып қойдың делік, есік құлыптаулы, сенің іс - әрекетің қандай?
- Ал телефон істемей қалған жағдайда не істер едің?(Онда сен айқайлап көршілерден көмек сұра.)
- Үйден өрт шыққан жағдайда, есікті қалай жабу керек? Неге?
- Үйдің іші түтін болған жағдайда не істер едіңдер?
- Неге тасаға немесе шкафтың ішіне тығылуға болмайды?
- Егер киімің жана бастаса, не істеу керек? Неге?
- Егер інің сіріңке тауып алса, сен не істер едің? Неге?
- Білесіңдер ме, балалар, жер бетінде әрбір 5секунд сайын өрт болып тұрады екен. Өрт көп зиян келтіреді.

Мақал - мәтелдер мағынасын түсіндіремін:
1. Отпен ойнама.
2. Ойыннан өрт шығады.
3. От пен су - тілсіз жау.
4. Отпен ойнама - өртенесің.
Күз кезінде айналаның бәрі қурай бастайды. Қурап тұрған қурай, шөп от тисе болды тез өртеніп жүре береді. Бір - бірінен тұтанып талай жерлер өртеніп кетеді. Шөптің арасында талай жәндіктердің, құрт - құмырсқалардың илеуі, ұсақ аңдардың індері т. б болуы мүмкін. Олардың бәрі күйіп кетеді. Өрт - табиғаттың жауы. Ол айтып келмейді. Сондықтан да оны тілсіз жау деп атайды.

Қорытындылау: Сабаққа белсенді қатысқан балаларды жеке атап өтіп мақтау, мадақтау.

Абай ауылындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталықпен КММ Балапан тобы
Мырзахметова Меруерт

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама