Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Баланың бас ұстазы - ата - ана
Сынып жетекшілерге ұсынылатын тәрбие сағаттар үлгісі
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы - ата - ана
Түрі: тренинг
Мақсаты: Алдымызда отырған оқушының ата - анасымен жақын танысу.
Ата - ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата - ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек схемалар, слайдтар, кестелер, т. б.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар мен ата - аналардың назарын тренингке аудару.
ІІ. Негізгі кезең.
Мұғалім түсіндірмесі:
Ата - анамен жаңаша жұмыс түрлері.
Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан - жақты меңгеру қажет.
Сондықтан мұғалім мен ата - аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі – психологиялық - педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.
Осы міндетті шешу ата - аналар жиналысы, конференциялар, тренингтер, пікірталастар (дөңгелек үстел), сайыстар, үйлестіру кеңесінің шешімдері т. б. шаралар арқылы жүзеге асады.
Ең алдымен ата - ананың өзін - өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлексиялар жүргізіледі.
Әрине кез - келген ата - ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде түсінік - танымын кеңейту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастайды.
Сонымен қатар, жаңа үлгіде өткізілген ата - аналар жиналысының да маңызы айтарлықтай. «Баланың бас ұстазы ата - ана» атты ата - аналар жиналыстарын өткізу жоспары төмендегідей үлгіде ұйымдастырылды.

Жүрісі:
І. Топқа бөліну. (3 топқа).
ІІ. «Ассоциация» жазу.
Әр топтың бір мүшесі қорғайды.

ІІІ. Педагогикалық ойын.
Мақтау мен ұрсу
(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлану).

ІҮ. Педагогикалық ойын.
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз?
(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).
(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім! Қандай қуанышты!)

Ү. Педагогикалық ситуациялардан шығу.
(әр топ мүшелері өз шешімін қорғайды).
ҮІ. Сөйлемді аяқтау.
І топ.
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).
ІІ топ.
4. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).
5. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
6. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).
ІІІ топ.
7. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
8. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).
9. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

ҮІІ. «Сіз қандай ата - анасыз?».
(өз - өздерін тест арқылы тексеру).

ҮІІІ. Маржан сөздер сайысы.
(Бала тәрбиесі туралы мақал - мәтел, нақыл, шешендік сөздер айту.
Әр топтан өз пікірін қорғау)

ІІІ. Қорытынды.
Ата - аналардың өз балаларының жан - дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудырады.
Бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігі артады.
Баланың бас ұстазы - ата - ана. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама