Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Отбасының берекесі
Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі
Мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Міндеттері: Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындар
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа әзірлеу. Назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.
III. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтамен жұмыс.
- «Жануарлар әлемін қорғау» мәтіні бойынша мазмұнын айту.
- Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен?
- Біздің халқымыз ежелден жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғаған?
- Осы мәтін бойынша Төле би бабамыз туралы қандай аңыз бар екенін білеміз?
- Қазақ халқы қандай жануарлар мен құстарды қасиетті деп санаған?
- Өте жақсы.
- Ендеше балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын « Кім көп біледі?» ойынын ойнау арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен танысамыз.
« Отбасы» деп айтуға болады.
- Ендеше балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.
- Отбасына кімдер жатады?
- «Отбасы» туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
- Өте жақсы.
- Ендеше, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
« Отбасының берекесі».

IV. Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабақты ойын түрінде өткізіледі. Топпен жұмыс. Оқушыларды топқа бөлу, топ аттарымен және топ басшыларын таныстыру.
- Міне, бүгін біз балалар топпен жұмыс жүргізу арқылы, топпенен таныстырып өтейін. І - топ « Қамқоршы» тобы. Топ басшысы:
Төребаева Нұрай, ІІ - топ «Жәрдемші» тобы. Топ басшысы: Тимрбекова Аружан. ІІІ - топ «Көмекші» тобы. Топ басшысы: Сартай Қуаныш. Топ басшылары мына топты бағалау парағы арқылы өз топтарында ойынға белсене қатысып отырған оқушыларды бағалап отыру керек.
- Осы кезде есік қағылады.
- Балалар, бізге ата мен әже келіп қалған екен, төрлетіңіздер!
- Ата мен әже. Қырықтың бір қыдыр, - деген.
- Кәне, балалар әженің әкелген « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? (Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? (Ананың қолы)
3. Не қатты? (Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? (Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың)
5. Не қымбат? (Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат)

V. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мұғалім оқуы, түсіндіру.
б) Оқушыларға тізбектей оқыту.
Атаның тапсырмасын орындау. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? (27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? (Ана)
9. Отбасының басшысы кім? (Әке)
- Ата, балалар тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бата береді.

VI. Сергіту сәті.
- Балалар, енді « Кім жылдам?» ойыны арқылы бойымызды сергітіп алайық. Ойынның шарты. Отбасы мүшелерінің заттарын жылдам құрастыру керек.

VIІ. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, « Менің отбасым» немесе сурет бойынша эссе жазыңдар.

VIІІ. Қорытынды.
Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін - бірі жақсы көреді және қамқор болады.
Ата - ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық,
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
- Ендеше балалар «ІNSERT» жүйесі арқылы «Не үйрендік?» «Не білдік?»
- Осымен сабағымызды аяқтаймыз.
- Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
- Балалар, сабағымызды қорытындылай келе қай топ көп ұпай жинағанын тексерейік.

ІХ. Бағалау.
- Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.

Х. Үйге тапсырма:
1. «Отбасының берекесі» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
2. Отбасына байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жаттау.
3. Мәтін бойынша сурет салып келу.
Отбасының берекесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама