Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Баланың дұрыс дамуы тамақтануына байланысты

Барлық ата-ана баласын дені сау, саналы адам етіп өсіруді армандайды. Америкалық ғалымдар көп жылғы зерттеулерге сүйене отырып, баланың интеллектісі көп жағдайда білімнің саны мен сапасына емес, дұрыс тамақтануға байланысты деген қорытындыға келді.

Экспериментке туғаннан 32 жасқа дейінгі ересектер қатысқан. Ерте жастан дұрыс тамақтанудың арқасында бұл балалар ең жақсы танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті. Ғалымдар дұрыс тамақтану балалар миының дамуының белгісі болып табылады деп есептейді, дұрыс тамақтануды қабылдаған балалардың интеллектісі ересек жаста жоғары болып қалады. Интеллект адамның эрудициясы мен тәрбиесінде байқалады. Олар шығармашылыққа, жаңаны жасауға және белгісізді білуге қабілетті. 100 жылдан астам уақыт бұрын ғалымдар адамның интеллектуалдық қабілетінің дамуының негізі туғаннан үш жасқа дейінгі кезеңде қаланатынын анықтады. Бұл кезеңде баланың ойлау икемділігі жоғары және оқуға дайын болады. Алты ай жасында нәрестенің миы ересек адамның қабілетінің 50%-на жетеді. Ал үш жасқа келгенде мидың дамуы 70-80% пайызды құраса, сегіз жасқа келгенде ересек адамның миының қабілетінен еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан туғаннан үш жасқа дейінгі кезеңде нәресте үшін дамып келе жатқан ортаны құру және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру өте маңызды, ал жаңа білімге деген ұмтылыс оған табиғатынан тән. 

Бала ағзасының дамуына және оның денсаулығына үнемі әсер ететін көптеген әртүрлі факторлардың ішінде ең маңызды рөл тамақтануға жатады. Дұрыс тамақтану дегеніміз не және ол балаға қалай әсер етеді? 

Дұрыс тамақтану — адамның денсаулығын, физикалық және рухани күш-қуатын нығайту мен жақсартуды, аурулардың алдын алуды және емдеуді қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда, дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі. 

Балалардың дұрыс тамақтануы олардың толыққанды өмір сүруінің негізін қалайды, олардың өсуін, физикалық және психикалық дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан баланың жасы мен қажеттіліктерін ескере отырып, оның теңгерімді болуы және оның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруы өте маңызды. Осы орайда мына ережелерді ұстаныңыздар: 

Бірінші, ата-аналарға балалрыңызбен бірге тамақтаныңыз деген кеңес беруші еді. Себебі, олар сіздерді үлгі тұтады. Көбінесе біз ата-анамызға дене бітіміміз бойынша ұқсаспыз, ал егер сіз дұрыс және пайдалы тағамды жесеңіз, онда сіздің балаларыңыз «сіздің ізіңізбен» жүруі мүмкін. 

Екінші, фаст-фудтан аулақ болыңыз. Демалыс күндері немесе демалыста кейде гамбургер немесе картоп жегіңіз келсе де, өзіңізді де, балаларыңызды да бұл нәрседен аулақ ұстауға тырысыңыз. Кез келген үйде дайындалған тағам, мейрамханадан әлдеқайда дәмді әрі пайдалы болады.   

Үшінші, балаларды ұнатпайтын нәрсені жеуге мәжбүрлемеңіз. Ұл немесе қызды оларға дәмсіз болып көрінетін пайдалы тағамдарды жеуге мәжбүрлеу арқылы сіз олардың санасында еріксіз ассоциация жасайсыз — пайдалы нәрсенің бәрі дәмсіз.  

Төртінші, мектепке тамақ дайындап беріңіз немесе мектеп асханасының мәзірімен танысып шығыңыз. 

Мысалы, М.Әуезов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Мектеп асханасының тамағы дәмді, уақытымен беріліп отырады. Асханадағы арыз-тілек журналына мұғалімдер мен оқушылар пікір білдіріп, тамақтың ұнаған-ұнамағандығын жазады.  

Дүкен сөрелерінде әртүрлі өнімдердің балаға пайдалы екендігі қалай аңғарамыз? Бала өзін жақсы сезінуі үшін міндетті түрде құрамында темір, кальций, магний, лецитин, мырыш, Омега 3, D дәрумені бар тағамдарды таңдау керек. Кейбір тағамдарды диетаға қосу керек, олардың кейбіреулері: балық және теңіз өнімдері. Олардың құрамында мырыш, фосфор, омега 3 және басқа микроэлементтер көп. Егер баланың рационында мұндай тағамдар болса, ол дұрыс өсу мен дамуға көп көмектеседі. Ал еттің құрамында ағзада түзілмейтін маңызды амин қышқылдары бар; олар бұлшықеттердің өсуі мен жұмысын қамтамасыз етеді, мидың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Ет — ақуыздың негізгі көзі. Табиғи бал да өте пайдалы өнім, бірақ оны аз мөлшерде тұтыну керек, себебі ол аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Балдың құрамында көптеген пайдалы микроэлементтер мен витаминдер бар. Жәнеде ең бастысы жемістерді ұмытпау қажет, соның ішінде цитрустық жемістер мен көкөністер. Балалар оларды жақсы көреді, бұл өнімдерде витаминдердің көп мөлшері бар, оның ішінде С дәрумені иммунитетті нығайтады. 

Дені сау, еңбекқор ұрпақ өсіруде білімнен бұрын, дұрыс тамақтанудың да маңызын ұмытпағанымыз абзал. Қазақ халқымыз «Дені саудың — жаны сау» деп бекер айтпаған болса керек. 

Оқуға кеңес береміз:

Витамин қоры

Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану

Қозғалыссыз өмір салтында тұтынылатын өнімдер


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама