Бақбақ - дəрілік өсімдік
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№103 жалпы орта мектебі
Ғылыми жоба
Бақбақ - дəрілік өсімдік.
Бағыты: Таза табиғи орта-«Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың негізі
Секция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
Жетекшісі: Турсунжанова Л.
Ғылыми жоба орындаушысы: Зұлпыхар Ақниет 2 «ә» сынып оқушысы
Бақбақ адам денсаулығына тигізер пайдасы көп, дəрілік өсімдік.
Бақбақтың біз білмейтін тұстары
Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдікті зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Мал бағумен ықылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткеен ықпалдары зор болды.
Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері бар. Бақбақ (Taraxacum) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік Бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз Бақбағы (T. koksagnuz). Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп. Еліміздің солтүстігінде ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі. Дәрілік бақбақ түймедағы мен мыңжапырақ сияқты күрделі гүлдер тұқымдастарына жатады. Ұзын, дұрыс емес түрдегі қалақты және тістес жапырақтары сабақтың айналасында дамиды, оның атауы француздық «dent de lion» сөзінен шыққан. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады
Емдік қасиеті
Кәдімгі бақбақ – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадір тұтып, сүйіспеншілікпен «жер күні»,«денсаулық эликсирі» деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Грецияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған.Көптеген елдерде ( Швейцарияда, Чехияда, Словакияда ) бақбақ тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда егіп өсіреді. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар «писанли» ( pissentli ) деп атайтын, жас жапырақтары ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады. Тұқымдастың латынша « taraxic » ― көз ауруы атынан алынған, өйткені орта ғасырда дәрігерлер сол ауруды осы өсімдікпен емдеп жазған көрінеді. « tarassein » ― тыныштандыру деген сөздің басқа да туындылары болуы мүмкін. Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөністердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат ― гликозид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, ашқылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.
Бақбақ – дәрілік өсімдік. Гүл сабағын, жапырақтарын сындырсаң сүт тамшылары шып-шып шығады. Жапырақтары түп жағында топтасып орналасады.Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар мол. С және В2 витаминдері де оның бойынан табылады. Ал жапырақтарынан – инозит табылған.
Бақбақтың шөбін, тамырын дәрі үшін жинайды. Бақбақ асқа тәбетті ашып, ас қорыту жүйесінің жұмысына көмектеседі. Жалпы бақбақтың біз білмейтін денсаулыққа тигізер пайдасы мол.
*Омырау безі қабынған кезде 31 г кептірілген бақбақ гүлін 250 г суға бір қайнатамыз. Сосын оны бұқтырып ішеміз. Ал бақбақтың шөбін омырауға жылы күйінде жаншып тартып қоямыз.
*Көздің мүйіз қабаты қабынған жағдайда гүл шөбінен 10 г, ақ гүлден 10 г қосып, қайнатамыз. Қайнатпа салқындаған кезде онымен көзді жуамыз.
*Бадамша безіңіз қабынған болса. Бақбақтың 15 г, ошаған тұқымынан 3 г, борпылдақ саңырау құлақтан 3 г, қызылмия тамырынан 3 г қосып, қайнатамыз. Содан оны бұқтырып ішіңіз. Сонда ауруыңыздан оңай айығасыз.
*Созылмалы іш қатуға бақбақты суға қайнатамыз. Содан онымен ауырып тұрған жерді дәке арқылы ысқылап, орап тастаймыз. Ол іштің жұмсаруына көмектеседі.
*Өт қалтасының қабынуына бақбақ тамырынан 62 г, ақ жусаннан 31 г, мысық жалбыздан 15 г қосып, қайнтамыз. Дайын болған қайнатпаны үздіксіз ішіп отырамыз. Осылайша аурудан тезірек сауығамыз.
*Ал құлағыңыз ауырса, 2-5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады. Бақбақ пен оның ащы заттарының сіріндісі Имупрет® препаратында бар, және басқа алты дәрілік өсімдіктермен бірге ол қабынуға қарсы қасиеті арқылы иммундық қорғану жүйесін нығайту үшін пайдаланылады.
Мұнан өзге кейбір елдерде бақбақтан тосап, шарап сынды сусындар жасайды. Енді бір елдер осы гүлді отбасы мүшелерін сәтсіздіктерден сақтайтын қасиетті өсімдік ретінде құрметтейді. Сонымен қатар, бақбақты ақшаның нышаны ретінде санайтындар да жоқ емес. Ал біршама ел бақбақты «күннің егізі» деп атайды. Дегенмен, кейінгі кездері бірқатар топ адамдар оны «күн мен айдың балалары» деп атап жүр. Оның сыры, гүл шығыстан көтерілгенде, бетін сол бағытқа алады. Тас төбеге келгенде, басын тік көтереді. Ал батысқа батқанда, сол жаққа мойнын бұрады да, күн ұясына батқанда, ол да жабылып қалады. Оның үстіне, бақбақтың келбеті мен түсі тап бір күннің өзінен айнымайды.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 II- том;
Шаңырақ энциклопедиясы