Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қиярдың емдік қасиеті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

 №103 жалпы орта мектебі

Ғылыми жоба

Қиярдың емдік қасиеті

 

Бағыты: Таза табиғи орта – «Қазақстан-2050»                         стратегиясын іске асырудың негізі

Секция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

Жетекшісі:                 Турсунжанова Л.

Ғылыми жоба     

орындаушысы:          Оразбай Диас 5 "г" сынып              оқушысы

 

Қиярдың емдік қасиеті

Қияр – ең ежелгі көкөністі өсімдіктердің бірі, ол үш мың жыл бойы танымал. Ол – кәді, самсар сияқты асқабақ тұқымдас бір жаздық дақыл. Орта ғасырда гректерден славян халықтары «қияр» деген атты алғаны белгілі. Гректердің «аугурос», «огурец» аорос піспеген, пісіп жетілмеген деген мағына береді. Жаңа жыл санауымызға дейінгі бес мың жыл бұрын осы аймақтарда өсіре бастағаны белгілі. Осы аймақтардан Жерорта теңіз елдеріне, Батысқа да, Шығысқа да тарала бастаған. Ертедегі Египетте, Гректерде, Римдіктерде қияр өсіруді әдеттегідей қарапайым жұмыс деп есептеген. Олар қиярды дәмді тағам деп санаған.

Қиярдың емдік- шипалық қасиеттерін Антик дәурінде-ақ білген. Гиппократ  жас қиярдың жемісін өкпе ауруын емдеу үшін тағамға көбірек пайдалану пайдалы деп есептеген. Қияр жемісіндегі пайдалы калий элементі (148 мг%) адам ағзасынан артық су мен ас тұзын шығаруға әсерін тигізеді және жүрек тамыр жүйесінің нығайуын күшейтіп жақсартады. Қияр жемісін тағамға пайдаланғанда атеросклерозға, толысып семіруге, қан қысымының көтерілуіне қарсы қолдануды ұсынады, сондай – ақ  асқазанды жеңілдетіп босатуға, өт пен зәр жүргізуге жақсы әсерін тигізеді. Адам ағзасының буындарында тұз жиналғанда қиярды бал немесе қант қосып тағамға пайдалануды ұсынады. Қияр жемісінен алынған жас шырынды ішу де өте пайдалы. Қияр жемісінің шырынындағы болатын органикалық қышқылдарды басқа дақылдардың құрамынан кездестіруге болмайды, сондықтан осыны ертедегі Римдіктер зәм – зәм суына теңестірген.

            Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Мысалға, Х- ғасырда жазылған «Прохладный ветроград» атты орыс кітабында қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Халық медицинасында ішек – қарын, асқазан шаншып ауырғанда тыныштандыратын, әрі ауруды басатын дәрі ретінде қияр шырынын ұсынады және шеменді жүрек ауруларына байланысты ісінгенде емдеуге пайдаланылады. Жоғарғы тыныс жолдарына, жөтелге қарсы қияр шырынына бал қосып ішкенде жақсы әсер тигізетінін анықтаған (2-3 ас қасықтан тәулігіне 2-3 рет). Қиярдың шырынын ауыр қол жұмыстарындағыларды инфаркті миокардадан сақтандыру үшін өте пайдалы деп ішеді, оның үстіне ол нерв жүйесін тыныштандыруға және оны нығайтуға әсерін тигізеді деп тұжырымдайды. Тәулігіне 100 мл қияр шырынын ішуді ұсынады. Осыны басқа қара қарақат, алма, қызанақ (2:2:1) және (20:1) шырындарымен қосып пайдаланғанда әсерлік күштері арта түсетіндігі анықталған .

            Кавказ халықтарының медицинасында пісіп жетілмеген қияр жемісінің және сабақ – жапырақтарының қайнатпасымен сары ауруды, бауырдың ауруын емдеуге ішкенді ұсынады. Қияр тұқымдарының қайнатпасын бүйрек және қуық ауруларын емдеуге сүргі дәрі ретінде пайдалануды ұсынады.

            Жас қияр шырыны емдік – сақтандырғыш және әдемі – сәндік дәрісі ретінде жоғары бағаланады: бет терісін ағартуға, уылжытып тонусын жақсартып, оған күліңгір барқат түс беруге әсерін тигізеді және осымен қатар бөртпелерді, секпілдерді, безеулерді, пигмент дақтарын жоюға жақсы әсерін тигізеді.

            Соңғы кездері қияр жемісінен және басқа да асқабақ тұқымдас дақылдардан табылған кукурбитационды паталогиялық ткань рак ауруының өсіп, тарауын тоқтататын мүмкіндігі анықталды, осыған байланысты жаман ауруды емдеуге пайдалануда.

            Қиярдың тамырынан алынған сығындысын СПИД-тың дамуын тежеп, тоқтататындығы мерзімді баспасөз мәлімдемелерінде жарнамаланып жүр .

            Қазіргі медицина мамандарының тұжырымдамасында қиярдың құрамындағы никотин сияқты зат бар, темекі тартуды қойғысы келгендерге қиярдың жас жемістерінен бастап, маринадталған, консервіленген және т.б. тағамға пайдалануды ұсынады. Осымен қатар тағы да осы зат альцгеймер ауруына қарсы тұратындығының анықталғанын қорытындылайды.

            Қияр жемісіндегі күкірт шаштың түсуінен сақтандырады, тістің, тырнақтың жағдайын жақсартады дейді мамандар.

            Қияр жемісінің тағы бір құндылығы құрамындағы йодтың жеңіл сіңірілуінде, ал осы микроэлемент қалқанша безінің жақсы жұмыс жасауын қамтамасыздандыратындығы анықталған.

            Арықтаудың ең оңай түрі - қияр жеп арықтау, - дейді.Бүлай арықтау еш қиындық тудырмайды. Жасыл қияр дәмді ғана емес, денсаулыққа өте шипалы.Қияр ағзадағы зат алмасуды реттеп, ішектерді тазалап, теріні нәрлендіреді. Қиярдың құрамында

калорий аз болады, сондықтан ол майлы тағамдардың ағзаға екі-үш сағатта сіңіп кетуіне мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, көкөністің бүл түрі -белгілі мөлшерде ағзаға қажетті дәрумендерді береді. Қияр жеп арықтауды қолға алған адам, үш күннен соң, артық салмақтан арыла бастағанын байқайды.

            Қарапайым қиярдың күнделікті пайдасы

            Ауыр жұмыс күнінен шаршап келдіңізбе?  Кофені қоя тұрыңыз. Тоңазытқыштан  бір балғын қиярды тазалап, жеп көріңіз. Құрамындағы В дәрумендер топтамасы көмірсүтектер сізді бірнеше сағатқа энергиямен қамтамасыз етеді.

            Кішкене әжім мен целлюлитке  қарсы  қымбат  кремдерді  алудың  қажеті жоқ.  Қиярдың   бір  тілімімен  теріңізді  сүртуді  әдетке  айналдырсаңыз , келешекте  бұл  сіз  үшін  қиын  мәселе  болмайды . Қияр  құрамындағы  фитохимиялық  заттар  теріні  берік  қылып , целлюлит   пен  әжімдерден  сақтап  қалады .

Кешке отырысқа барып, көп қыдырып , шаршадыңыз ба

            Ұйқы  алдында  бір  қияр жеп алыңыз. Ол  ағзаңызға  қажетті мөлшерде  қант , дәрумендер  мен  электролиттер  береді . соның  арқасында  таңертең  көзіңіз  іспей ,  басыңыз  ауырмай  оянасыз.

Үйге шаршап келдіңіз бе?

            Қиярды  текшелерге  бөліп , қайнап  тұрған  суға  бір  қайнатыңыз . Осы  судың  буымен  дем  алсаңыз , қиярдағы  пайдалы  заттар  бумен  беріліп , бойыңызды  сергітеді.

                Жағымсыз иістен қалай құтыламыз?

            Түскі  астан  кейін  қол  астыңызда  сағыз  табылмады  ма? Қиярдың   бір  тілімін тіліңізбен  таңдайыңызға  жабыстырып, осылайша  30  секунд  тұра  тұрыңыз.  Осылайша  ауыздағы  жағымсыз  иісті  қоздыратын  бактерияларды  өлтіресіз.

Бас ауруынан құтылу үшін, бірнеше тілім желінеді.

            Шаршағаныңызды тез арада басу үшін бір қияр, кофеден, шәйдан немесе  сусыннан жақсырақ.

            Шиеленіс пен қалжырағандық сезілгенде, қайнаған судың ішіне бір қиярды жіңішке тілімдермен кесіп салып, бөлмеге қойылады.

Аяқ киім кремі бітіп қалса; аяқ киімді кесілген қиярмен сүртуге болады.

            Шұңғылша(раковина) мен айналарды тазалау үшін бір тіліммен ысқылауға болады.

Құрт-құмырсқа үшін: бірнеше тілімді алюминді табаққа немесе қабыршық қағазға (фольга) немесе топыраққа орналастырылады.

            Қорыта айтқанда, адам ағзаларының қалыпты қызмет етіп, қолайсыз жағдайдан қорғаныштық қасиетінің арта түсуінде қиярдың орны ерекше.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. « Көкөніс дақылдарының сорт айырмашылық белгілері» Құсаинова Г.С Кәмпитова Г. А Өтешқалиев А. Ө 2009 жыл « Агроуниверситет»
  2.  « Айғақ» газеті №47 Денсаулық беті 12-бет 21.02. 2012 жыл.
  3. Құлжабаева Г.Ә «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені.
  4. «Көрікті болғыңыз келсе... қарапайым косметика» Ә. Қоңырбекұлы «Алтын алқа» баспасы Шымкент 2010 жыл

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама