Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Болашақтың кепілі — инвестиция

Сіздің күнделікті тауып жатқан ақшаңыз, банктік счетқа жинап жүрген қаржыңыздың өзіңізге қайта пайда әкеліп жұмыс жасауы — инвестиция деп аталады. Инвестиция салу, инвестор атану ол қазіргі 21 ғасырдағы ең оңай табыс табу көзі және екінші кәсібіңіздің бір түрі сонымен қатар елдің экономикалық дамуына әсер етуші саланың бірі. Инвестиция әлемдегі ең танымал ақша табудың тиімді жолы. Әлемнің алпауыт елдері Америка, Қытай, Ресей мемлекеттері дәл осы инвестиция арқылы сыртқы және ішкі кірісті есептеп, экономикалық дамудың көзі екенін дәлелдеген болатын. Осы тұрғыда оларды экономикалық дамуға алып келген инвестицияның негізі 3 түріне тоқтала кетсек. Біріншіден жылжымайтын мүлікке қаражат салу. Яғни бұл инвестиция түрі сенімді әрі тұрақты табыс көзіне айналған ауқымды жобасы. Ал екіншісі бәрімізге белгілі құнды қағаздарға (акциялар) салынатын инвестиция. Құнды қағаздарға инвестиция жасаудың артықшылығы сіздің депозитке салған ақшаңыздан қарағанда бірнеше есе пайда әкеліп, пайыздық мөлшерде көбірек қаражат алатын боласыз. Егерде акцияларды сатып алған болсаңыз, қалтаңыздағы қаржыға кемінде 10 пайыздан бастап 300-400 пайызға дейін салынған ақшаңызды көбейтіп алуға және елдің экономикасынының ахуалын көтеруге мүмкіндік болады. Тағы басқа артықшылығы акциялардан біз тұрақты пассивтер алуымызға болады. Ол дегеніміз дивиденттерден түсетін пайда. Мысалы сіз депозитке қаражат салсаңыз сіз жылына тек 1% мөлшерде қосымша табыс аласыз, ал белгілі бір компаниялардың акциясын сатып алған болсаңыз 10-21% тіпті 90% дивиденттерді аласыз. Дивиденттер компанияның беделі мен сенімділігіне қарайды. Егерде сіз құнды қағазыңызды Америка еліндегі компаниядан алсаңыз олар сізге әрбір тоқсан сайын дивидент беріп отыратын болады, ал көрші Ресей мемлекетіндегі компаниялар әр 6 ай сайын, өз еліміздегі бағалы қағаздардан 1 жыл сайын аласыз. Инвестиция жасаудың соңғы түрі ол — бизнес. Бәріміз білетін үлкен тәуекелмен қомақты қаражат алып келетін инвестиция түрі. Оны бастау қиын әрі көптеген кедергілерден өтуңізге тура келеді.

“Сіз тіпті 100 теңге салу арқылы инвестиция жасауға болатынын білдіңіз бе?” 

Ал оны бұл салада инвестициялық пай қоры деп атайды. Инвестициялық пай қоры — ұжымдық қаражат салудың бір түрі. Қор клиенттерінің қаражатын басқарушы компанияның сенімдірек басқаруына беріледі жене ол өз кезегінде оларды бағалы қағаздарда мысалы, облигациялар, ЕТF немесе басқа активтерге инвестициялайды. Пайлық қорларды инвестициялау мақсаты активтер құнының өсуінен табыс болып саналады. Бұл ретте қордың активтері үлес иелерінің меншік иесі болып, оған пайыздық көрсеткіш тиесілі болады. Сіз осылайша инвестиция жасағыңыз келген компания немесе банктің пай қорын таңдап, өзіңіз қалаған үлесті сатып аласыз. Мысалы Қазақстандық Жусан банктің “Достар”, “HarMoney” сияқты пай қорлары бар. Осы арқылы өз пайдаңызды көбейтуіңізге мүмкіндік бар.

Ендігі мәселе көпшілігі ажырата бермейтін облигациялар мен ETF-тің бір бірінен қандай айырмашылығы бар, қай түріне қаражатты салған тиімдірек?

Облигация — қарызға беруге бағытталған құнды қағаз. Оның акциядан басты айырмашылығы — сатып алу кезінде-ақ сіз табыс мөлшері мен оның мерзімі және көлемі жөнінде толыққанды ақпараттарды білетін боласыз. Осы себепті құнды қағаздар нарығында бұл қаржы құралы ең сенімді әрі тиімді болып саналады. Өйткені құжат бойынша компаниялар сізге облигация арқылы қарызды қайтарып беруге міндетті. Дегенмен естеріңізде болса, қаржы саясатында қауіп неғұрлым төмен болған сайын, кіріс те соғұрлым төмендейді. Сондықтан облигациядан түсетін пайда акция секілді жоғары болмайды. 

Келесі қаржылық құрал — ETF. 

(Exchange Traded Fund тіркесінің аббревиатурасы) — бұл қор биржасында сатылатын биржалық қор. Оның құрамы Үлескерлік инвестициялық қорларға ұқсайды, бірақ инвестор үшін әлдеқайда ыңғайлы. Бұл бүкіл салаға ақша салуға мүмкіндік беретін ыңғайлы инвестициялық құралдың бірі. Сонымен қатар мұндай қорлардың бағасы акцияларға қарағанда арзан. Одан бөлек қорды басқарғаны үшін комиссия алады, бірақ ол ETF құнына енгізілгендіктен, инвестордың қалтасына салмақ салмайды. Көп жағдайда комиссия мөлшері өте аз яғни жылына 0,4-0,9% мөлшерде болғандықтан, оған назар аудармай жатады. 

Жалпы инвестор дегенде ең бірінші көз алдымызға танымал кәсіпкер келетінін сөзсіз. Бірақ сіз кәсіпкер болмасаңызда инвестор атанып өз қаражатыңызды көбейтуге мүмкіндік аласыз. Инвестор болу үшін жай ғана осы салада біліміңіз болса жеткілікті. Сонымен жоғары да инвестиция жасау, оның құралдары мен стратегиялары жайлы айтып өттік. Осы орайда қор нарығында өзіңізге ыңғайлы құралды таңдап белгілі бір стратегия бойынша жұмыс жасайтын болсаңыз үлкен қаражатқа жетуіңіз әбден мүмкін. Тек бұл салада бәріне байыппен қараңыз.

Шардарбек Аружан Анарбекқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама