Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Журналистиканың құқықтық негіздері

Тірішілік бар жерде әділдік пен теңдік немесе түрлі мәселерді шешуге арналған ережелер болатыны белгілі. Қоғамның тыныштығы мен бейбіт өмір үшін қазіргі уақытқа дейін түрлі зерттеулер жүргізіліп, көптеген еңбек шығарылып отырды. Бүгінде азаматтың жеке құқықтар және соған жауапты заң өкілдері бар.

Қазақ елінің тәуелсіздік алуы жолында жанын пида еткен зиялы қауым өкілдері журналист болғанынан-ақ ақпараттың ел үшін маңызы зор екенін байқаймыз. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін елімізде біршама өзгерістер орын алды. Ата заңымызға да жаңартулар еңгізіліп, Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. БАҚ өкілдеріне қатысты баптарды қарайтын болсақ:

«Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледі. Цензураға тыйым салынады».

2. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

2-1. Бұқаралық ақпарат құралдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге міндетті» делінген. Десек те бұл заңдар мемлекет тарапынан да, журналистер тарапынан да орындалмай жатыр.  Қаңтар оқиғасының өзі бізге ақпараттың дұрыс таралмауы үлкен қиындықтар алып келетініне дәлел болды. Билік пен халық арасындағы түрлі арандатылған ақпараттардың легінде жазған азғырғандар да, шындық үшін шырылдағандар да заң алдында жауапқа тартылды. Мысалға қоғам белсендісі, журналист Әйгерім Тілеужан қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша 4 жылға сотталған. Бұл іс бойынша тағы төрт адам 8 жылға сотталған. Үкім әлі күшіне енген жоқ. Дегенмен «Әуежай ісі» бойынша сот үкімі қоғамда сынға ұшырады. Әрине, бүгінгі күндері журналистерді қудалау өте көп, дегенмен салдарына көз жұма қарап, қаламымен шайқасып жүрген БАҚ өкілдерінің көбейуі қуантады. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын құқықтық сауаттылық мәселесі көтеріліп, халықтың құқықтық сауаты жөнінде түрлі жобалар қолға алынды.  
Солардың бірі - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2012 жылдың 14-ші ақпанында «Құқықтық журналистиканың бүгін даму бағыты» атты конференция өтті. Алқалы жиында жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров пен Бақ басшылары қатысып, мәселелердің жібін тарқатты. Жиналғандар сот жүйесі судьялардың кәсіби біліктілігі және журналистердің құқықтық мәселесін талқылады. Бекназаровтың айтуынша, сот жүйесінің ашық бұқараға жақын болуы журналистерге толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік. Ал ең бастысы журналистика факультеттерінің студенттеріне заң мен сот жайында дәрістер өткізуді қабылдағаны еліміздің болашағына маңызды қадам болды. Сонда ғана кәсіби білікті маман даярлауға болады. Өз құқығын білетін маман өзгенің құқығын таптамаса, заңды түсінетін халық та, заңмен сөйлейтін журналистерде болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама