- 05 нау. 2024 04:11
- 168
Күмбірлеген күміс күй. Дәулеткерей Шығайұлы
Сабақтың тақырыбы: Күмбірлеген күміс күй.
Сабақтың мақсаты: оқушы музыканы сүюге, әр музыкалық шығарманы түсіне тыңдап орындауға, өнерлі тұлға болуға құлшындыру. Халық күйлері, аспаптық музыка арқылы өз халқының салт дәстүрін, туған жерін құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: музыкалық қабілетін дамытып, музыкалық - эстетикалық қабілетін ашу.
Есту, есте сақтау, сезіну қабілеттерін өз білімдерін тереңдету үшін қолдануға машықтандыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: дауыс ашу, ән айту, музыка тыңдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
Дауыс жаттығуы: (Демді дұрыс ала отырып, дауыс жаттығуын жасау ).
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақтар:
- Кешегі сабақта біз Мұңды дыбыстар туралы өткенбіз.
Көңіл күй дегеніміз не?
Музыкалық дыбыстарға не жатады?
Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?
Жаңа сабақ:
Дәулеткерей Шығайұлы
Шығайұлы Дәулеткерей (1814 - 1887 ) — қазақтың әйгілі күйші композиторы, төкпе күйлерінің негізін қалыптастырушы. Бұрынғы Бөкей ордасында, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде дүниеге келген. Дәулеткерейді академик А. Жұбанов «төкпе күйлерінің атасы» дейді. Дәулеткерей алғаш рет жастық сезімнің қарлығашы сияқты «Ақжелең», «Қосалқа» сияқты күйлерін шығарған. Дарынды күйшінің жарқын сезімге, сұлу суреттерге бай өзіндік қолтаңбасы осы күйлерінің өзінен ақ айқын аңғарылады. Жастық шағында ұлы күйшінің жақсыға қызыққанын, жүйрікке құмартқанын, сұлуға сүйсінгенін, тіптен жастыққа жарасатын жалын сезімге бой алдырған сәттерінің аз болмағанын байқау қиын емес. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың дыбысы, күйлер жатады. Көңіл күй дегеніміз түрлі сезім – қуаныш, мұң, тамашалау, тамсану, көңілді, көңілсіз сәттеріміз. Ал музыкалық көңіл күй – осы сезімдердің музыкада бейнеленуі. Музыканың көмегімен ән, жыр, күйлер мен бидің түрлі көңіл күйін білуге болады. Музыканың мол мүмкіндігінің арқасында біз әсем табиғатпен адамдардың, құстар мен жан - жануарлардың көңіл күйін, көңілді - көңілсіз дыбыстар ажырата аламыз.
Музыкалық сауат:
Биік Төмен
Музыкада биік, төмен дыбыстар бар. Биік дыбыстар - жіңішке, төмен дыбыстар - жуан естіледі.
Дәптермен жұмыс:
Жаңа тақырыпты және әннің сөзін ұмытып қалмау үшін дәптерге жазу.
Ән үйрену: Ән үйрену барысында дауыс бояуына (тембр), дыбыс биіктігінің таза орындалуына назар аударылады.
Музыка тыңдау:
Сергіту сәті: Қимылды жаттығу.
Менің елім – Қазақстан (қолды жүректің тұсына қойып, алға созып, шапалақтау).
Менің Республикам – Қазақстан (қолды жүректің тұсына қойып, жоғары созып, шапалақтау).
Сабақты қорытындылау:
Дәулеткерей Шығайұлы кім?
Күй дегеніміз не, күйдің сөзі болама?
Биік, төмен дыбыстар қалай орындалады?
Үйге тапсырма беру:
«Көктем келді» әнін жаттау. «Наурыз мерекесі» тақырыбына сурет салу.