Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
Құлсары балалар өнер мектебі
Кескіндеме пәнінің мұғалімі Елтезерова Нұргүл Қадірқызы

Пәні: Кескіндеме.
Сыныбы: 3 «а» сынып.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда стильдеу амалына композиция заңдылықтарын қолдану.
Дамытушылығы: Оқушылардың қиялдауын, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ізденуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Нәрсеге қарап сурет салу.
Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, кітаптар, мультимедиялық тақта, проектор.
Құрал - жабдықтар: ҚағазА3, гуашь, акварель, маркер, қарындаш, өшіргіш, палитра, балауыз шам, майлы қарындаштар, үтік.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі – 2минут;
2. Өткен сабақтарды қайталау - 8минут;
3. Тәжірибелік кезең – 20минут;
4. Сабақты бекіту – 10минут;
5. Бағалау, қорытынды – 5 минут.

1. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Өткен сабақтарды қайталау сұрақтары:
1. Сабағымыздың тақырыбы қандай?
«Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы».
2. Берілген тапсырма қандай?
Түсі мен формасы әртүрлі нәрседен құралған тақырыптық натюрморттың этюді.
3. Ал мақсат қандай, әдеттегі тапсырмалардан ерекшелігі барма?
Мақсатымыз натюрмортты стильдеу әдісімен немесе басқа да әдістермен түрлі техникада бейнелеуіміз керек.
4. Стильдеу дегеніміз не өзі?
Стильдеу – шығармашылықта нәрсені әсіреңкілеп бейнелеу, оның пішінін, түрін, түсін өзгерту, бірақ сол нәрсенің түпкі болмысын сақтап қалу керек.
5. Стиль сөзінің мағынасы қандай, басқа тағы қандай салаларда кездеседі?
Стиль сөзінің ғылымда көптеген түсінігі бар. Латын тілінен аударғанда «жазу желісі» деген мағына береді. Өнердің барлық саласынан кездестіруге болады. Мысалы, музыка, би, кино, театрда да, бейнелеу өнерінің барлық түрлерінде стильдеу әдісі бар.
3. Тәжірибелік кезең.
Оқушылар өткен сабақтарда бастаған жұмыстарын аяқтайды. Әр оқушы әртүрлі стильде, әртүрлі техника орындайды. Мысалы, энкаустика, пуантилизм, кубизм, абстракцизм, декор және т. б. Әр оқушы өзі бейнелеп жатқан әдіс жайында қысқаша түсінік береді.
4. Сабақты бекіту.
Сабақты бекіту үшін оқушылармен «Супер лото» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Әр оқушыға лотерея билеттері таратылады. Алдымен сыйлық қойылады да, қоржыннан лотерея нөмірі суырылып, сұрақ қойылады. Егер оқушы жауап берсе, сыйлықты ұтады, ал жауап бермесе сыйлық келесі тиражға қалады.
«Супер лото» сұрақтары:
1. Декор сөзінің мағынасы қандай?
Декор – латынша "сәндеу" деген мағына береді.
2. Стилизация дегеніміз не?
Стилизация - нәрсені әсіреңкілеп бейнелеу, оның пішінін, түрін, түсін өзгерту, бірақ сол нәрсенің түпкі болмысын сақтап қалу.
3. Пуантилизм дегеніміз не?
Пуантилизм – пуант деген француз тілінен аударғанда "нүктемен жазамын" деген мағына береді. Алғаш фран. суретшісі Жорж Сера (1859 - 1891) осы әдіспен бейнелеген.
4. Кубизм дегеніміз не?
Кубизм – куб фр."төртбұрыш" деген мағына береді, яғни геометриялық пішіндерге ұқсатып бейнелеу. Алғаш кубист суретші испандық Пабло Пикассо (1881 - 1973).
5. Абстракционизм дегеніміз не?
Абстракционизм – лат."кесемін, жоямын" деген мағына береді, шынайы бейнелеуден бас тартып, тек геометриялық пішіндер, өрнек, түс, дақ, рең арқылы бейнелеу әдісі. Алғаш абстракционист Василий Кандинский (1866 - 1944).
6. Қазақ халқымызда стильдеу әдісі қашан дамыған?
Халқымыз стильдеу әдісін өте ерте заманнан қолданады, оған дәлел біздің ою өрнегіміз. Өсімдік, жануар тектес, геометриялық, космогониялық ою өрнектер осы стильдеу әдісі арқылы бейнеленген.
7. Реализм дегеніміз не?
Реализм дегеніміз – латынша "шынайы" деген мағына береді. Өмірді, қоршаған ортаны бүкпесіз шынайы бейнелеу. Мысалға халқымыздың ұлы суретшісі Әбілхан Қастеевті (1904 - 1973) айтуға болады.
Суперойын: Энкаустика дегеніміз не?
Энкаустика - грекше "күйдіру, еріту" деген мағына береді. Алғаш энкауст - суретшілер Ежелгі Египеттіктер.
5. Бағалау, қорытынды.
Оқушылардың жұмыстары тізбектеле қойылып шағын көрме жасаймыз. Әр оқушы өз пікірін береді. Сонымен қатар жалпы сабаққа атсалысып отырған оқушылардың еңбектері ескеріліп бағаланады.
Бүгінгі сабақты қорыта келіп, стильдеу әдісіне байланысты халқымыздың мына бір мақалы сәйкес келеме деп тұрмын,
«Қазаншының еркі бар,
Қайдан құлақ шығарса», дегенмен өмірдегі өз болмысымызды, әр нәрсенің болмысын, шынайылықты ұмытпайық дегім келеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама