Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Үздік жас маман
«Үздік жас маман!»
І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Диляра әрқашан
Бақытын тауып жүр еңбекпен.
І жүргізуші: Хибасова Диляра Газизовна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажымуханқызы
ІІ жүргізуші:
Бастауышта сабақ бересің.
Құтты болсын қадамың
Айгүль саған сәт - сапар
І жүргізуші:
Койбағарова Айгүль Бектемисовна бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы: «Білім кілті ізденісте»
Тәлімгері: Арзиева Құралай Байрамқызы
ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Шынтемірдей ақын жанды жігіттер
І жүргізуші:
Есенкулов Малик Ендірбайұлы,
Ұстанымы:
«Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан - ағай
ІІ жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Гүлсүм біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І жүргізуші:
Агибаева Гүльсүм Ұстанымы «Білсе білім - күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Мауленова Айгуль Ізтелуовна
ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Әсель біздің гүліміз
Танысыңыз, біліңіз.
І жүргізуші:
Жунусова Әсель қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:«Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
ІІ жүргізуші:
Әсем әннің шебері.
Әрбір сөзі мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Ляззат біздің өнерлі
І жүргізуші:
Калилаева Ляззат Қолдасқызы география пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ.»
Тәлімгері: Айтжанова Дина Теңізбаевна
ІІ жүргізуші::
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі сондай байсалды
Тарих тану ұстазы
Жансая біздің жан - жақты.
І жүргізуші:
Тоқсанбаева Жансая Маратовна тарих пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Тәлімгері: Джумабаева Асель Ажмухамбетовна
І І жүргізуші:
Даярлық топтың сабағын
Қызықтырып өткізген
Эльмираның
Бар бойынан табасың
І жүргізуші:
Ізмұхан Эльмира даярлық тобының тәрбиешісі
Ұстанымы:
«Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Бахытжанова Дамегүль Үмбетовна
ІІ жүргізуші:
Шешілмеген есептің
Жауабын іздеп табатын
Айданадай маманнан
Шәкірт ұғып алады
І жүргізуші:
Бекмағанбетова Айдана бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы:«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап»
Тәлімгері: Қыпшақбаева Тазагүль Маденқызы
ІІ жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Аманжол
Шығады әлі талай биік шыңға.
І жүргізуші:
Лепесов Аманжол Абужанович дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Тек қана, Алға!»
Тәлімгері: Амеркулов Нурлан ағай

ІІ жүргізуші::
«Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры Керімбаев Ардагер Амангельдиевичті шақырамыз.
І жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән::
ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
1. Керімбаев А. А. мектеп директоры
2. Айнакожаева Ш. К. оқу ісінің меңгерушісі
3. Сабырова А. С. тәрбие ісінің меңгерушісі
4. Байбекова М. О.- әлеуметтік педагог
5. Джумабаева А. А. кәсіподақ комитетінің төрайымы
ІІ жүргізуші:
Олай болса, сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.
І тур Таныстыру
Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы
ІІ тур - Ширату
1. Жүргізуші: Бұл кезеңде әр қатысушыға үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
1 - ойыншы:
1. А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы
(Әліппе)
2. Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, жүйрік ат, құмай тазы, берік мылтық. Қыран бүркіт.)
3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма
(Үй тапсырмасы)

2 - ойыншы:
1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
(Халық қаһарманы)
2. Жеті атаны атаңыз.
(бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, төрежат.)
3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн
(1992 жыл, 4 маусым)
3 - ойыншы.
1. Қазақтың соңғы ханы
(Кенесары)
2. Білім беру мекемесінің басты құжаты
(Мектеп жарғысы)
3. Жеті жоқты атаңыз.
(Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, Таспақада талақ жоқ, жерде өлшеуіш жоқ )
4 - ойыншы.
1. Я. А. Коменскийдің еңбегі
(Ұлы дидактика)
2. Бес арысты атаңыз
(М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов,
Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы.)
3. Қазақтан шыққан суретші қыз
(Г. Исмайлова)
5 - ойыншы
1. Білім беру жүйесі немен анықталады?
(сапа, дағды, нәтиже)
2. Жеті ғаламды атаңыз.
(шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғарғы ғалам, жер – ортаңғы ғаламы, жер - асты төменгі ғалам.)
3. Тарихтың атасы
(Геродот)
6 - ойыншы
1. Жеті ғашықты атаңыз.( Ләйлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Тахир - Зухра, Арсу – Қамбар, Уәки – Күлшән, Жүсіп – Залиха, Қанат – Майра.)
2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды
(тобылғы)
3. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген?
(Үркер)
7 - ойыншы
Жеті жетімді атаңыз. (тыңдалмаған сөз жетім, киюсіз тозған боз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, жерінен айырылған ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.)
2. Үш бәйтеректі атаңыз
(Сакен, Ілияс, Бейімбет)
3. 350 жылдығын тойлағалы тұрған биді атаңыз
(Төле би)
8 - ойыншы
1 Педагогиканың негізі ( философия)
2 Отызыншы ақпанда не болады? ( ештеңе)
3 Оқушының сабақтағы белсенділігін қалай арттыруға болады? (оқытудың дәстүрлі формаларын қолдана отырып

9 - ойыншы
1. Қазақстанның жеті кереметін ата. (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Айша бибі мазары, Тамғалы кешенді жартас суреттері, Алтын адам, Домбыра, Күлтегін ескерткіші.)
2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон
инсулин
3. Елбасымыздың мамандығы
инженер - металлург
10 - ойыншы
Секіру жеңіл атлетиканың түріне жата ма? ( иә)
Жылдық жұмыс жоспарын бекітетін орган: ( педагогикалық кеңес)
Құлагер кімнің аты ( Ақан сері)
11 - ойыншы
Толып келіп бос кетеді. (қасық)
Бес қаруды ата ( садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
Бір – біріне қарама - қарсы сөздер. ( антоним)
Үшінші кезең – Көкпар. (1 ұпай)
2. Жүргізуші: Мақал - мәтел – сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі
Қарапайым қазақ тілі - өз тілім
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

Мақалды аяқтау.
1. Найзасыз ер болмайды (Таңбасыз ел болмайды)
2. Екпей егін шықпас (Үйренбей білім жұқпас»)
3. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
4. Ақыл азбайды (Білім тозбайды)
5. Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ)
6. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болма, кішіден сұра)
7. Ақыл жас ұланнан (Жүйрік тай құнаннан)
8. Оқу білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
9. Ұқыптының тоңы тозбас (Ұқыпсыздың ісі оңбас)
10. Білекті бірді жығады (Білімді мыңды жығады)

1 Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Төртінші кезең. Өнер өрге жүзгізер 5ұпай) Келесі кезекте өнер сайысы:
- Өнер өрге жүзгізер деп, жас мамандарымыздың өнерлерін тамашалайық
Ұстаздар өз өнерлерің ортаға салады.
Ескеріледі: - Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайылығы
- Көрерменді баурап алуы
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)
1. Жүргізуші:– Бесінші кезең
«Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят ), 5 ұпай)
Ескеріледі: - Жағдайды шешу шеберлігі
- Педагогикалық - психологиялық сауаттылығы
- Түсінікті баяндауы
- Жедел әрі нақты жауап беруі
- Өзіне, жауабына сенімділігі

Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір - бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.

1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды, не істейсіз?
3. Сізді бір жоғары сыныптың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды.
Сіздің әрекетіңіз?
4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді.
Апай:
- Не болды? Неге қайтардың?
Самат:
- Ол жыртық.
Сіздің пікіріңіз...
5. Бір оқушы дәптерін бүлдіріп тастайды. Сіз, әрине, мықтап сөктіңіз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды.
Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді.
“Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты,”- деп есіктен кірер - кірместен
айқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кіріп келді. Тақтада өзінің карикатурасын көрді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Ата - ана кеңес алуға мұғалімге келді. Оның 13 жасар қызы өте жақсы оқиды, үлгерімі жақсы. Бірақ соңғы кезде қыз бен ата - ана арасында кейбір мәселе туындап жүр.
Ескертулерге қыз:
- Сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін,- дейді.
Ата - ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Бұл жиі қайталанады. Ата - анаға берер кеңесіңіз?
8. Сіздің сыныбыңызда бір оқушы қыз Мемлекеттік емтиханға боянып келді. Емтихан алушы бір үлкен апай бояуын сүртіп келуді ескертіп, шығарып жіберді.
Оқушы үйіне кетіп қалды да, қайтып келмей қойды. Сіздің әрекетіңіз...
ІІ жүргізуші:
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
І жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара - пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
ІІ жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «Үздік жас маман» атты сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама