Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Қош бол, Әліппе
«Қош бол, Әліппе!»
Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау.
2. Тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Тыңда, халқым, ертегі,
Ертегі сыр шертеді.
Бүгінгі мынау заманда
Жер шары деген ғаламда
Балаларға білім беретін,
ХХІ ғасыр аттас
«Мектеп» патшалығы өмір сүріпті. (Слайд мектеп )
- Патшалықты өте ақылды, ойлы Ардагер Амангельдіұлы (сурет) атты патша басқарыпты. Ол патшаның үш уәзірі болыпты. Біріншісі – патшаның оқу ісінің орынбасары, келбеті әсем келіскен, білімін елмен бөліскен Сабырова Ақмарал Сейіловна атты ханым (сурет), балалардың тәрбиесімен шыңдап айналысқан халқының қамын ойлаған Айнақожаева Шолпан Құатовна ханым (сурет), ал үшіншісі – балалардың құқығын қорғап жүрген Алтаева Рауза Айдарбаевна ханым екен.(сурет)
- Патшаның кеңесшілер бастауыш сынып сарайында білім беру ісінде үздік саналған, өз ісінің шебері атанған көптеген ұстаздар қызмет етіпті.(суреттер)
«Мектеп» патшалығында іші балаларға толы шағын - шағын бірнеше сарай болыпты. Ардагер Амангельдіұлы патша патшалық табалдырығын жүрексіне аттап, ішке енуге батылдары бармай тұрған 1 - ші сарай балаларын Лазат Советовна деген мұғалімге тапсырыпты. Мұғалім 1 - ші қыркүйектен бастап сол сарайдағы 23 баланы алаңсыз білім алсын деп өз бауырына басады. слайд
Би «қыздар тобы»
(9 - ші сынып оқушылары 1 - ші сынып оқушыларын кіргізеді)
- Күндердің күнінде сол кішкентай балалар білім жолына есік ашқан «Әліппе» деген оқулығымен танысады.
Мұғалім
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
2 - жүргізуші - Рамазан
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1 - жүргізуші - Айдана
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Слайд: Әліппе кітабі
Келесі бет ашылады Назарбаевтың сөздері Айналайын ( ұл оқиды)
Ердос
1. «Айналайын» деп тіл қатты
Президенті елімнің
Намысын қорғап өтемін
Қасиетті жерімнің
Азизхан
2. Бақытты мен ұланмын
Әр күнім күліп ататын
Елбасшы Нұрсұлтан атаның
Алдым мен ақ батасын
Мұғалім:
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балғынға нұр шашқан,
Қандай кітап жол ашқан?
Оқушылар: «Әліппе!»
Әліппе
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: – Осы сендер қандайсыңдар?
- Талабы биік таудаймыз. - Аянат
- Мың бұралған бишіміз.- Арайлым
- Біз шеберміз.- Диас
- Ақылдымыз.- Айдын
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.- Бексултан
- Көп оқимыз.- Бекарыс
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Төрт ай бұрын олар мектеп табалдырығын жүрексіне аттап, кіп - кішкентай жүректері бұлқына соққан балғын бүлдіршіндер еді. Қолдарына алған тұңғыш оқулықтары Әліппеге тамсана қарап, оның әр бетін қызыға парақтаған болатын. Ал қазір ше? Қазір олар бойлары да, ойлары да толысқан, әр бетін тамсана тамашалаған Әліппе оқулығындағы 42 әріпті жатқа білген, кез - келген әңгіме, ертегіні өзі оқи алатын дәрежеге жеткен оқушылар. Әліппені аяқтау – барлық әріптердің таңбасын толық тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз.
- Уақыт... Уақыт – жарыса ескен жел секілді, бір күннің артынан екінші күннің қалай туып жатқанын білмей қаласың.
- Уақыт – жарыса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 4 ай немесе 2 тоқсан тез - ақ зымырап өте шығыпты. Ол біреуге аз, ал біреуге көп көрінер. Десек те, 4 ай бұрынғы сәттерің кімнің есінде екен?
Азалия:
- Ол менің есімде.
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Мұғалім
- Иә, ол кезде сендер әр үйдің мәпелеген кіп - кішкентай ерке балалары едіңдер. Тіпті кейбіреулерің мектепте әндетіп жылағансыңдар. Кейін үйренісе келе барлығымыз бір - бірімізге бауыр басып, бір отбасының балаларындай достасып кеттік емес пе?!
Айсүлу:
- Рас, рас есімде.
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 ай уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден
Сауаттанған азамат бір - бір мықты.
әнін қабыл алыңыздар.
Нурдаулет
- Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.
Мадина
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
. Айым
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Саят
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Аянат
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
Аяна
Орындаймыз әліппе ақылыңды,
Жарысқанда жазамын тақымымды.
Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,
Арттырамын ғылымға құштарлықты.
Ән « Әліппе»
Бекарыс:
- Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетіммен оқитын болдым. - Біз көптеген ертегілерді оқып, олардың қызығына баттық. Енді сол оқыған ертегілерімізді сахналап береміз. Тамашалаңыздар!
Автор:
Ерте ерте ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында бақшаның жемісін жинап жүріп, шалқанды көреді шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.

Ата (Рамазан): Ой бәрекелді, менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта бастайды, тартып – тартып шалқанды жұла алмайды.
Автор: Осы кезде шалқанға тіл бітеді де, сөйлей бастайды.
Шалқан (Азизхан) Ата, сіз мені суырып алу үшін менің тапсырмаларымды орындау керексіз.
Автор: Ата тапсырманы алып оқиды
1 - ші тапсырма: Дыбыстар нешеге бөлінеді
Автор: Ата бүлдіршіндерден көмек сұрайды. Келесі тапсырманы алып оқып жауабын таба алмай кемпірін көмекке шақырады.
Ата (Рамазан ): Кемпір - кемпір маған келші көмекке қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сен маған көмектесші.
Кемпір (Айбану): Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.
Ата: жо - жоқ бүл шалқан сиқырлы екен – тапсырманы орындау керек екенбіз.
2 - ші тапсырма:
Логикалық тапсырма:
Емен ағашында 5 алма өсіп түр еді, 1 алманы жұлып алдым. Неше алма қалды
2. Адам есектен неге құлайды? (жерге).
3. 10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
4. Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
5. Сен және мен, біз екеуміз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
6. Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
Автор: Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орнынан қозғалта алмайды. Балаларға рахметін айтып, келесі тапсырманы алады. Екеуі жауабын іздейді. Кемпір қызын шақырады.
Кемпір Айбану: Қызым – қызым бізге көмекке келші! Атаң екеуміз шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз (Арайлым ): Жарайды, әже сіздерге көмектесейін. Тапсырманы алып оқиды.
3 Тапсырма: «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық, әрі жұмбақтың шешуін табайық.
1) Құйрығы сүйір, Алаботаға үйір Оның аты (Сиыр)
2) Тастан тасқа секірген, Шұнаңдап ойнап есірген
Құйрығы келте шұнақ, Оның аты (Лақ)
3) Теңбіл түсті, өзі ширақ,
Ұзын мойын, ұзын сирақ, Білгің келсе, аты(Жираф)
4) Тоны түкті, Түрпі, Оның аты (Кірпі)
Автор: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет – ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады.
Қыз (Арайлым): Ақтөс - ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз
Ит( Саят) Аф - аф - аф көмектес десеңдер көмектесейін.
4 тапсырма: Би Әйгөлек
Автор: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, ары тартады, шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит (Саят ): Мысық – мысық бізге көмекке келші біздер шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық (Айым ): Мяу - мяу - мяу көмектесіп жіберейін. тапсырманы алып оқиды
Автор (Азалия ): Шалқан сиқырлы тапсырмасын орындау керек.
5 Тапсырманы: оқу туралы мақал — мәтел
Күш білімде
Оқу білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы
Ғылым таппай мақтанба,
орын таппай баптанба
Автор (Азалия ) Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, әрі бері жұлқиды бірақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық (Айым ): Тышқан - тышқан бізге көмектесіп жіберші.
Тышқан( Шынтас): Әрине көмектесіп жіберемін.
6 Тапсырманы: жұмбақ
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті қолын жуады. (Мысық)
Жылт – жылт еткен
Жыралардан өткен. ( су)
Автор(Азалия ): Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанның сабағынан ұстап тарта бастаған кезде шалқанды жерден суырып алады. Сөйтіп, достықтың, бірліктің арқасында отбасы мүшелері мен достары жеңіске жетті.
Бексултан:
- Біз көп нәрсені – кітап оқуды, есеп шығаруды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.

би орындайтын Ендірбай Саян Джентельмен биі
Мұғалім: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек,
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Слайд Ана тілі
Ана тілі:
- Армысыздар, жас достар! Бүгінгі думанды кештерің құтты болсын! Осы қуанышты сәтті мен асыға күткен едім. Егер қатесіз, шапшаң оқи алатын болсаңдар, мені игеру аса қиын емес.
Әліппе:
Ана тілі бауырым, мына балғындарды өзіңе аманат етемін. Бойымдағы 42 әріпті, буындар мен сөздерді, тіпті әңгіме, ертегілерді оқи алатын дәрежеге жеткіздім. Ендігі кезек сенікі. Балалардың сүйіп оқитын оқулығына айналатыныңа сенімдімін.
Айдын
Туған елдің тілімін
Ақылыммен таныламын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Орын Айдын
Ана тілі ұраным
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.
- Енді міне ені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсе үйретемін. Барлық қазына байлық оқу - білімде. Сондықтан келесі орындау үшін ортаға қолында әріптері бар оқушылар мен ұстаздарды шақырамын.
- Осы әріптерден сөз құраймыз.
- 2 - ші тапсырма Осы сөздің әр әрпін саралап айтып көрейік.
- А - аманат
- Н - намыспен
- А - абыроймен
-
- Т - тәуелсіз
- І - ізгі
- Л - лебізбен
- І - іске асырамыз
- Мұғалім
Жандос Ана
Мұғалім:
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер.- дей отырып алдағы жолдарың ақ болсын, бағаларың бес болсын, біздің еліміздің биіктен көрінетін ұл - қыздары болыңдар.
Құттықтаулар.
«Мектеп» патшалығының уәзірлеріне сөз кезегін берейік.
марапаттау
Ата - аналарға сөз беру.
Мұғалім:
- Біздің ертегіміз сіздерге ұнады деп ойлаймыз. Осымен ертегіміз аяқталды. Ертегідей болған әйбат әліппе – қош бол! Армысың аяулы ана тілі!
Назарларыңызға көп рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама