- 07 жел. 2021 00:00
- 195
Негізгі улағыш заттарды қалай классификациялауға болады?
Улағыш заттар — адамдарды, малдарды, өсімдіктерді және сыртқы ортаны зақымдауға арналған улы химиялық қосылыстар.
Зақымдаушы әсерінің сипатына қарай улағыш заттар мынадай топтарға бөлінеді: негізінен орталық нерв жүйесіне зақымдайтын, адамдар мен малды жүйке сал ауруына ұшырататын улы заттар (зарин, зоман V-газы); адамдар мен малдардың бүкіл организімін жалпы улағыш заттар (симиль қышқылы, хлорциан); теріні зақымдап-іріңдететін улы заттар, олар тигенде адам денесі алдымен қызарады, кейін ол жерде жара пайда болады (иприт, люизит); адамдар мен малдардың тыныс жүйесін зақымдайтын тұншықтырғыш улы заттар (фосген, дифосген); көзден жас ағызатын тітіркендіргіш улы заттар (хлорацетофенон, С препараты); түшкіртетін улы заттар (адамсит); адамның орталық нерв жүйесін зақымдайтын және адамның психикасының және басқа да органдардың бұзылуына әкеп соқтыратын психохимиялық улы заттар.
Улы заттар зақымдау әсерін сыртқы ортада сақтау ұзақтығына қарай тұрақты және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Тұрақтыулы заттар өздерінің зақымдау әсерін бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін сақтауымен ерекшеленеді (иприт, люизит, зарин, зоман, V-газы). Тұрақсыз улы зит, зарин, зоман, V-газы); заттар зақымдау әсерін бірнеше минут қана сақтайды (синиль кышқылы, хлорциан, фосген, дифосгең). Улы заттар адам организміне әсер етуіне қарай бірден өлтіретін (жүйке-сал ауруына ұшырататын жалпы улы, теріні зақымдап, жарақаттайтын, тұншықтырғыш), уақытша қатардан шығаратын (психохимиялық, тітіркендіргіш) улы заттар болып бөлінеді.