Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жаппай зақымдаушы қару

Жаппай зақымдаушы қару — адамдар мен хайуанаттардың арасында жаппай шығып тудыратын үлкен зақымдаушы күшке ие. Оның зақымдаушы объектілері — тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге дұшпанның алыстағы тылы, саяси-әкімшілік орталықтары, ірі қалалары мен өнеркәсіп орындары жаппай зақымдаушы қаруды қолдану қалалардың, өнеркәсіп объектілері мен транспорттың қиратылуына, сондай-ақ адамдардың орасан зор шығынға ұшырауына алып келеді. Жаппай зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын ядролық (негізгі қаруы), химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қаруы жатады. Жаппай зақымдаушы қару ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі. Жаппай зақымдаушы қару күтпеген жерден және жаппай қолданылуы мүмкін. Қарудың әдеттегі түрлері, оларда сапалық жағынан жаңа элементтерді, мысалы, аумақты жарылыс оқ-дәрілерін пайдаланған кезде жаппай зақымдаушы қарудың қасиетіне ие болуы мүмкін.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама