Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Оның байы әртіс

Күйеуі көрші бөлмеде телефон бетіне қарап, арасында «тырқ-тырқ» күліп қояды. Кешкі тамақ қамына кірісейін десе, жасынан асқан баласы етегінен жабысып мазасын қашырып қоймады. Ұлын қолына алып жарының қасына жындана келді.

— Ең болмаса балаңа қарап тұрсаңшы. Басқа еш нәрсе сұрап жатқан жоқпын. Күнде осы жағдай! Не дұрыстап тамақ іше алмайсың, не ұйқы жоқ. Не деген адамсың?!

— Мен Әртіспін!

— Әртіс болсаң өзіңе. Жұрттың байы көрермендерден гүл шоқтарын жинап әйелдеріне алып келуші еді. Сенде ол да жоқ! Сенің әртістігіңді меннен басқа біреу біледі ме?!

— Ой, әлі менің жұлдызды сәтімді көрген жоқсың!

— Оны көруге өмірім жетпей қалады деп қорқамын. Мына ритм мені өлтіретін шығар. Жұмысқа бар, кел. Баланы қара, еміз, ұйықтат, шомылдыр. Ол жетпегендей сенің қас қабағыңа қарау керек! Үй жұмыстары жайлы жақ ашпай-ақ қояйын.

— Күшті емес, өсек айтуға уақытың жоқ — деп, ішек сілесі қатып күлді. Оған шыдай алмаған ол перзенттін киеуінің қолына ұстатып:

— Мен де жұрттың қатыны ұқсап өмір сүргім келеді — деп, ашуға булыға дәретханаға кіріп кетті. Артынан киеуі:

— Онда саған жұртқа байға шығу керек еді... — деді де үндемей қалды. Үйде шыбынның ызыңы ғана естілетін тыныштық орнады. Ол бәрін әдейі істеп отыр деп, қалтасынан телефонын шығарып шұқып отырып алды. Қолындағысы түрлі әлемдерге есік ашатын секілді. Ішінде жоқтың бәрі бар. Бір кезде сыртқы есік «тарс» ете қалғанда ұйқыдан шошып тұрғандай селк ете қалды. Не болғанын білуге шықты.

Тура бір басқа үйге кірген тәрізді. Жаңа ғана қабырғаға ілулі тұрған сурет жоқ. Орынында кішкентай кілемше ілулі тұр. Қолданыс заттары сол қалпы болса да, орындары өзгерген. Көрші бөлмеде күйеуі отыр. Бірақ, түрі өзгеше. Яғни, біраз қартайған. Түкке түсінбей дел-сал.

— Шықтың ба, кемпір?! Мә, немереңді ұстай тұр! Сен шықанша қысылып қалдым — деп, бірге де толмаған баланы ұстатып дәретханаға кіріп кетті. Басы айналып диванға жайғасты. Қолындағы немересінің түріне қарайды, ұлына біраз ұқсайды. Сонда да өз көзіне өзі сенер емес. «Өмірім дәретханада өтіп кетті ме?» деген ой мазалай бастады.

— Әй, бай-ау?! Не боп кетті тегі?

Үнсіздік. Ол әлі басты бөлмеден шықпаған көрінеді.

— Өмір қысқа дегені осы шығар... — деді сыбырлап, киеуінің қарасын көріп: — Әй, сен осы жұлдызды сәтіңе жеттің бе? Есіме салып жіберші...

— Не айтып тұрсың?! Мен әртістіктен кеткелі қай заман?

— Ойба-а-ай-ау, неге?

— Өзің емес пе жұрттың байына қызығып: «анау мынандай, мынау анандай» дейтін. Содан кейін пенсияға мебель шығаратын фәбрикәдан шықтым ғой.

— Біздің неше баламыз бар?

— Сен кемпір әбден есің ауысқаннан саумысың?! Өзің бір баладан соң «Тумаймын, пигурам бұзылады. Ептей алмаймын» деп, зарлап қоймадың емес пе?! Немене есіңде жоқ па?! — деген сөзі, өзіңе жат екенін, бұл жерде бір гәп барын сезген ол:

— Әй, шал-ау мына бөлмедегі айна қайда?!

— Жоқ. Сатып жібердім — деп күліп, кейін тамағы қышып жөтеліп кетті. Сол сәтте жатын бөлмеден баласының күлген дауысы естілді.

— Есіттің бе? Мен қазір — деп, орынынан тұрмақшы еді. Зорға келе жатқан шалы қасына оқтай ұшып жетті. Бірақ екі метрдей қашықтық сақтап тоқтады.

— Не дейсің? Құлақ үйреніп қалған. Мен де баламыздың кішкентай кезін сағынғанда осындай дауыстар естимін.

— Кәне, бері жақындашы...

— Ой, баяғы күш жоқ. Қойсаңшы, келініңмен таласып...

— Күйдіргі, адамның жүрегін шығара жаздадың ғой. Бар бетіңдегі гриміңді жу. Әртіс десе әртіссің! — деген, әйелінің наласына құмары қанғанша жатып алып күлді. — Жұлдызды сәтің құтты болсын! Айтпақшы, мына бала кімдікі?

— Жігіттер қыздар, шыға беріңдер бәрін біліп қойды! Уақыт та болды.

Ас және жатын бөлмелерден қыз-жігіттер түрлі шарлар мен әдемі безендірілген торт көтеріп «Туған күніңмен» деп, ән шырқап кіріп келе жатты. Қалғаны гүл шоқтарын көтеріп сыртқы есіктен кірді. Сөйтсе, күнделікті күйбеңмен жүріп, өз туған күнін ұмытып кетіпті. Тез дастархан жайлып, бәрі жайғасты. Ол баласының маңдайынан иіскеп, жұрттың өмірінсіз де бақытты екенін сезінді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама