Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Күле алмайтын екеу

Бірде жануарлар әлемінде дүркіреген той өтті. Көпшіліктің қуанышты күйде. Тек дастархан шетінде отырған екі шошқа, қарсы алдынағы қонақтың түріне қарап көңіл күйлерінің рәсуасы шықты. Ол, Піл еді. Оның пейілінде еш күмән жоқ, салтанаттың қуанышымен бөлісуде. Екі ағайынды болса, оның күшіне де, денесіне де емес, оның мұрынының ұзындығын қызғанышпен бақылауда. Тілек кезегі үй жануарларына келді. Екеуі тілектерін жеткізе сала тез-тез жиналып жүріп кетті.

Пілдің үйіне баратын жолда жүгіріп келеді. Ойдағы нүктеге жете «Осы жер» деп, тоқтай қалып бірі қазуға, екіншісі жапырақ жинап келуге кетті. Сол, сол екен жолдың бетінде китті де күллі денесімен жұтып қоятын көлемде ор десе ор пайда болды.

Ендігі мәселе сол жерден екіншісін шығарып алу болды. Жоспар бойынша, ордың бетін жауып Пілді сол жерге түсіру. Ол құлаған соң қайта бетін тегістеп кетіп қалу еді. Бірақ, бәрі жоспар бойынша қалды. Оның орындалуына ордың керемет терең қазылғаны бөгет болды. Бірі-екіншісін шығару үшін қолына түскеннің бәрін жұмсады. Бірақ, тартам дегенде екіншісі өзі де күмп етіп, ағасының қасына құлап кетті.

Екі шошқа ордың ішінде күн батқанға дейін жан-жағынан жәрдем шақырып, ақырында үміттерін үзе бастады. Ақыр-соңы қазылған тұзақ ішіндегі екеуді әлдекім, ұзын мұрынын түсіріп шығарып алды. Олар құтқарушыларын көргенде алғыс орынына одан әрі  ызаға бұлығып үйлеріне қашып кетті.

Күндер өте алғыс хат келді. Ашып оқыса: «Ағайынды екеу, көптен бері шомылатын орын қазғым келіп жүрген, көкейімдегіні тапқандарыңа рақмет. Сендерді үйімде көруге әрқашан қуаныштымын.  Құрметпен Піл Мамонтұлы».  Алдындағы бір парақ беттен бар ызаларын алмақ болса да, ашу ырқтарына көнбей, тағы да үдей бастады. Сол күннен бері қабақтары түсіп, ағалы-інілі олар күле алмайтын болды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама