- 09 ақп. 2022 00:00
- 201
Онлайн және оффлайн форматтағы оқудың оң және теріс жақтары
2019 жылдың аяғы 2020 жылдың басы, адамзат жаңа онжылдық құтты болсын деп бір-бірін құттықтап жатқанда, Қытайда жаңа вирус тарап кеткені сөз етіліп жүрген болатын. Сол кезде, не бәрі 2-3 айдың ішінде өміріміз күрт өзгерерін кім білген? Бұл вирустың соңы пандемияға ұласып, «үйде қалыңыздар!»деген хештегтың тарауы, қалыптасып қалған өмір салтының өзгеруіне әкеліп соқты. Ендеше, бүгінгі мақалада білім саласы жайлы, яғни білім алу форматының осы пандемия әсерінен өзгеріп, оқу форматының алма кезек ауысып отыруы жайлы сөз етпекшімін.
Оффлайн оқу форматы дегеніміз не?
- Оқытудың дәстүрлі формасы, яғни мектепке немесе колледжге/университетке барып оқу. Егер де қосымша сабаққа қатысып жүрсеңіз, репетитормен бетпе-бет кездесуіңіз оффлайн форматтың мысалы.
- Дәстүрлі оқудың оң тұстары өте көп. Соның ішінде, ең бастыларын атап өтсем.
Әлеуметтік қарым-қатынасқа түсуі (сабақ барысында топпен жұмыс істей алу, қоңырау уақытында сөйлесу, әңгімелесу, досыңмен бірге отыру)
Тәртіп немесе қадағалау-мұғалім шәкірттің сабаққа ынтасын, жұмыс орындау барысын қадағалай отырып, оқуға салғырт қарауына, еркінсініп кету мүмкіндігін азайтады.
Оқу процессінің жүріп жатқанын сезіну, оффлайн формат барысында оқу процессі белсенді түрде өтетінін айтып өтуге болады. Камераны өшіріп, интернетім нашар деп ұйықтап қалу, дауысын өшіріп тастау сияқты мысалдар оқу процессінің жүруіне кедергі келтіреді.
Әрине, дәстүрлі оқу формасының теріс тұстары да бар.
- Стресс. Мұғалім сыныпты айналып, барлығынан қасына жақындап, емтиханның адал өтуін қадағалауы ойыңыздың жинақталуына кедергі болуы мүмкін. Кейбір оқушылар тақтаға шығып сабақ айтудан қысылады, тіпті фобиясы болуы да ықтимал. Немесе көзге тік қарап сөйлеуден сескенетін жандардың барын да ескерген жөн. Бұл тұста, онлайн формат өте ыңғайлы.
- Уақыт. Мектепке жиналу, бару, қайту барлығы да уақытты талап етеді. Оффлайн формат уақытты үнемдеуге көмектесетіні сөзсіз.
Онлайн немесе синхронды оқу форматының оң тұстары қандай?
- Уақыт үнемдеу.
- Стрессті азайту.
- Сабақ барысында ойын платформаларын, видео, аудио материалдарды еркін қолдану.
- Оқушыларды тәртіпке шақырып, тыныш отыруына уақыт пен энергияны құртпауға болады.
- Сабақты жазып алып, қайта тыңдауға немесе қарап шығуға болады.
- Қашықтықтан оқи алу. Алыста болсаңыз да, сабаққа қатысуға болады.
Теріс тұстары:
- Кері байланыстың болмауы оқу процессіне кедергі болады. Тыныш отырған оқушылар сізді тыңдап отыр ма, әлде ұйықтап жатыр ма білу қиын.
- Интеренеттен алынған материалды оқып беру, көшіру, мұғалімді алдау. Қысқаша айтқанда оқуға салғырттық.
- Денсаулыққа зиян болуы. Компьютер алдында сағаттап отыру көзіңізге де, бүкірейіп отыру жүру қалыбыңызды өзертуі мүмкін.
Қорытындылай келе, оқытудың онлайн және оффлайн форматтарының қандай пайдасы және зияны бар екенін айтылып өтті. Қандай форматта оқысаңыз да, білім сізге керек екенін ұмытпаған жөн. Өзіңіз ізденіп, білім алуға құштар болсаңыз, ешқашан да артта қалмайтыныңызды есте сақтаған жөн.
Авторы: Темиркулова Ақерке Жетекші: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Жанатаев Данат Жанатайұлы