Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бастауыш сыныптан шет тілін оқыту қаншалықты дұрыс?

Бастауыш сыныптан балдарға шет тілін оқыту қазіргі күнгі ең көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл тақырыпқа келгенде қоғадағы ойларда екіге бөлінетіні рас. Кейбірі бастауыш сыныптан шет тілін үйретуге түбегейлі қарсы болса, енді бірі оң көзқараста. Осы мақаламызда осы сұраққа жауап беріп, оның дұрыс және теріс жақтарын атап көрейік.

Қазіргі таңда ағылшын тілін білу заман талабы. Егер ағылшын тілін білсең ,мүмкіндіктеріңде жоғары болады. Шетелде оқу,заманауи технологияларды меңгеру, тіпті шетелде жұмыс істеуде проблема емес. Ал шет тілін меңгеруге адам бала кезде өте қабілетті болады. Бала ерте кезден бірнеше тілде сөйлеуге дағдыланады, тіл үйренуге деген қызығушылы артады. Бірінші сыныптан қазақ мектебінде оқыған балаларды мысал ретінде алайық. Олар қазақ тілінде таза сөйлейді, сонымен қатар өз ана тілінде де еркін сөйлейтінін байқаймыз. Оған қоса бірнеше тілде сөйлейтін көптеген дарынды балдарды да көріп жүрміз. Осылардың барлығы бала кезде шет тілін үйрену оңай екенінің дәлелі деп білеміз. Сондықтан бірінші сыныптан, тіпті балабақшадан шет тілін үйретуге қарсы болмауымыз керек.

Біз бұл мәселеге тек бір жақтан қарамауымыз керек. Кез-келген істің екі жағы болатыны сияқты,  ерте кезден балаға шет тілін үйретудің теріс тұстарында естен шығармауға тиіспіз. Бірінші сыныпта әрине өз ана тілінде бала сөйлей алады, бірақ бұл уақытта қаншалықты өз тілінің құндылықтарын түсіне алады. Кішкентай кезінен шет тілінде сөйлеген, шет тілде ойлайтын бала ұлттық болмысты жоғалтып алмаспа екен деген сұрақ. Менталитеті де өзгеріп, өз салт-дәстүрінен хабарсыз қалмаспа екен? Әрине біз көп тілділікке қарсы емеспіз, бірақ өзге тілді үйренуді 5 сыныпта бастаса кешікпесі анық. Барлығымызға белгілі Жапон елін алайық, 6 сыныпқа дейін мектепте өзге тіл оқытылмайды. Бұл ел білімге жаны құмар екені белгілі. 6 сыныптан шет тілін үйреніп, дамудан артта қалып жатыр деп айта алмаймыз. Сондықтан мектепке жаңа келген, әлі жазуды білмейтін, әліппені енді танып жатқан балаға шет тілін қосып үйреткен қаншалықты дұрыс?

Қоытындылай келе айтқымыз келгені егер адамда қызығушылық болса ,ол кез-келген жаста тілді үйреніп алары сөзсіз. Тілді үйрену үшін сен бірінші сыныпта оқисыңба, әлде 50 жастасыңба маңызды емес. Маңыздысы білімге деген құштарлық, қызығушылық. «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың» - деп Ұлы Абай айтқандай, шет тілін үйренейік, бірақ кім қай кезде үйреніп бастауды жөн көрсе әркімніің өз таңдауына қалдырамыз.

Авторы: Ақсұңқар Темірова. Жетекші: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Жанатаев Данат Жанатайұлы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама