Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
Қазақстан татулық пен бірліктің Отаны
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен мектеп - гимназиясы
ағылшын тілі мұғалімі Раметулла З. М.

Сыныптан тыс шара тақырыбы: «Қазақстан татулық пен бірліктің Отаны»
Мақсаты:
• Ұлттық, дәстүр - салттар нәрінен сусындауына, тәлім - тәрбие, тағылымдарын адамгершілік қасиеттердің өнегелі үлгісі ретінде бойына еркін сіңіруіне мүмкіндік туғызу
• Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдерінің бірге үлес қосуына ықпал ету
• Ел бірлігін қамтамасыз етуде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрудың маңыздылығын ұғындыру.
Көрнекі - құралдар: Мемлекеттік рәміздер, слайд «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр», фотосуреттер
Қатысушылар: 11 - 10 сынып оқушылары
Сыныптан тыс шара түрі: полиглот сайысы
Сыныптан тыс шара әдісі: сұрақ - жауап

«Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына бізден – қазақтардан артық мүдделі кім бар?! Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ»

Нұрсұлтан Әбішұлы

Жүру барысы
І. Кіріспе
Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаятын болады. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп - өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз. Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс.
Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты. Ендеше, тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату - тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым - қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн.

I кезең. « Жылдар және сандар сыр шертеді» Years and numbers are speaking. Тақтада жылдар мен сандар ілінеді, оқушылар жылдар мен сандардың мағынасын ашуы тиіс: 1920, 1936, 1995, 1997, 550, 20, 265, 362
In 1920 Kazakhstan became an Autonomous Soviet Republic (ASSR)
In 1936 became a Union Republic of the USSR.
On 30 August 1995, a new Constitution of the Republic of Kazakhstan was adopted.
In 1997, the capital of Kazakhstan was moved from Almaty to Astana

ІI кезең. «Сөз сарасы» Қазақ халқының отан, жер, ел туралы мақал - мәтелдері және нақыл сөздерін үш тілде қолдану
1. Ел боламын десең бесігіңді түзе. Бесік -
2. Бірлік болмай, тірлік болмайды. Бірлік -
3. Ел жасымен көрікті, жас -
Тау тасымен көрікті, тас -
Аяқ асымен көрікті. Ас -
4. Беліңнің мықтысы бір басыңа, мықты -
Еліңнің мықтысы бір ғасырға.

Жат елдің қаршығасынан, қаршыға -
Өз еліңнің қарғасы артық. Қарға -

Жеті атасын білмеген ұл жетесіз. Жетесіз -

Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл құлағы мен жағын жер. құлақ мен жақ -

Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. қадір
Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт - берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат

ІІI кезең. «Қазақ елі» Оқушылар Қазақстан Республикасы жөніндегі сұрақтарға ағылшын тілінде жауап береді.
About Kazakhstan
Emblem and Flag of Kazakhstan. Republic of Kazakhstan. Information on Kazakhstan. Kazakh language. Population of Kazakhstan

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама