Photo: Sam Ebanezer (https://www.pexels.com/@sam-ebanezer-384426) / Pexels
- 15 қаң. 2026 04:03
- 24
Атыраулық хакер: «Мен ешкімді өлтірген жоқпын»
Атыраудағы белгілі хакер өзіне тағылған айыптауларға қатысты мәлімдеме жасады. Ол Интерпол арқылы халықаралық іздеуде жүргенін, бірақ бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хакердің мәлімдемесі
Хакердің айтуынша, егер ол хабарсыз кетсе, бұл оның Қазақстанға экстрадицияланғанын білдіреді. Ол ешкімді өлтірмегенін және Интерпол арқылы іздейтіндей қылмыс жасамағанын мәлімдеді.
Қаржылық дау
Хакердің сөзінше, мәселе қаржылық дауға байланысты болуы мүмкін. Бұрын арызданушыларға "іс тоқтатылды" деген хабарлама келгенімен, қарыз мәселесі толық шешілмеген.
"Менің ойымша, себеп осы қарызға байланысты болуы мүмкін, бірақ бұған да күмәнім бар. Себебі бұған дейін ел ішінде жүргенімде де іздеуде болғанмын. Сол кезде қарыздарды жауып, маған сұрақ туындамас үшін қаржы жинау мақсатында қор ашпақ болдым. Бірақ қаражат жиналмады. Мүмкін, басқа есепшот көрсетілген соң адамдар сенбеген шығар. Бәрі Алланың қалауымен. Егер жазмыш болса, одан қашып құтыла алмайсың", – дейді ол.