tengrinews.kz
- 13 ақп. 2026 06:30
- 20
Ақмола облысындағы ауыл тұрғындарына ерекше қонақ келді
Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы Азат ауылының тұрғыны үйіне кіріп кеткен жабайы аңның видеосын жариялады. Видеодағы жануар рыське өте ұқсас.
Тұрғынның айтуынша, жабайы аң 12 ақпан күні кешкісін келген. Ол жануарға бірден бірнеше рет тамақ лақтырған.
"Рысь. Азат ауылы. 12 ақпан. Рысь қонаққа келді", - дейді видеода ер адам.
Видеода жануардың ырылдап, бірақ қозғалмай отырғаны көрінеді. Кейіннен ол берілген тамақты қабылдаған.
Неліктен жабайы аң ауылға келді?
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, бұл жабайы мысық бұған дейін көлік астына түсіп қалған. Оның аяқтары зақымдалған.
Жануарды емдеуге тырысқанмен, өкінішке орай, одан нәтиже шықпаған.