- 13 мам. 2021 00:00
- 283
Қазіргі қазақ киносы
Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыздысы – кино. Бұл өнер маңызы күн өткен сайын үдей түсуде. Өйткені, әлемдік ықпал үшін күрес жаңа ғасырда жаңа сипатқа ие болды. Жер-жаһанды қаруға жалындырмақ пиғылдың күні өтіп, ендігі жерде ол әрекет әлемді ауызға қаратудың жаңа тәсіліне аяқ басты. Оны мәдени-идеологиялық майдан дер едік. Ал осы сайыста Қазақстан қаншалықты өз күшін көрсете алады?
30-жылданрдан өз бастауын алған қазақ киносы бүгінгі күнге дейін көрермен көңілінен шығатын талай кино туындаларын шығара білді. Кеңес уақытындағы режиссерлар кино айдынында еркін жүзе алмасада қайталанбас шедеврларды шығара білді. Соның ішінде “Атаманның ақыры” , “Гауһартас”, “ Менің атым қожа” секілді бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындалар бар.
Ал тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қазақстандық кино дамуында айтарлықтай өзгерістер болды. 1999 жылдан бастап «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен жыл сайын «Жаңаша қараймыз» атты жастар киносының фестивалі өтіп бастады. Бұл фестивальде Алматы театр және кино институтының студенттері мен түлектерінің жұмыстары көрсетіді. 2000-жылдары республикада кинотеатрлар құрылысы басталып, 2005 жылдан бастап олар ашыла бастады. 2008 жылы киномотографияны дүр сілкіндірген Рэкэтир фильмінің премьерасы болды. Ақан Сатаев режиссерлік еткен бұл фильм көрермен тарапынан да кинотанушылар тарапынан да үлкен мадаққа ие болды. Осыдан кейінде киносүйер қауымның көңілінен шыққан “Розовый заяц”,” Жау жүрек мың бала”, “Шал” тәрізді кинолар кинотеатрарда үлкен касса жинай бастады.
2016 жылы жарық көрген “ Анаға апарар жол” туындысы көрерменнің көңілінен шығып қана қоймай шетелдік бірнеше марапаттардың иесі болды. Ал 2018 жылы жарық көрген “Бизнес по-казахски” киносы Қазақстандық кинотетрларда кассалық есеп бойынша американдық “МСтители “фильмін басып озды.
Қазіргі таңда Қазақ киосы үлкен мән беріліп, кино түсіретін жекеленген компантялар мен режиссерар саны артып келеді. Әрине кез-келген салада маман саны саны артқан сайын бәсекелестік те арта түседі. Ал бәсекелестік шығарып жатқан дүниенің сапасын арттырады. Алдағы 10 жылда кино саласындағы бәсекелестік Қазақ киносын әлемдік аренаға шығаратын дүниелер алып келеді деген сеніміміз мол.
Батырхан Толғанай