- 13 мам. 2021 00:00
- 281
Қызғалдақтай қыз қадірін ескерсін!
Алланың ғаламаты шексіз де шетсіз. Әр жаратылыстар өз ерекшелігімен әйгіленеді. “Адамзат”, “табиғат”, “аң-құстар” мейлі тағы-тағысында тылсым күшпен көрнектілендіріп, өз қасиеттерімен өмірлік болымыстарын дараландырып бергенді.
Адамзатқа ақыл-ой берсе, аң-құстарға еркіндік беріп, ал бәрімізді табиғат құшағына тәуелді етті…Бір-бірімен тылсым байланыста жатқан осы бір өмірдің жазылған заңынан ешкімде асып кете алмайды. Бұл өмір заңы Алланың жазымышы.
Ескере кетер болсақ қазіргі күнде біз осы өмір заңының арнасынан ауытқып, өз идеямызбен қолдан жасап алған заңдарға бағынышты болып барамыз.
Естеріңіздеме?
Өткенде алты тал қызғалдақ үшін тоғыз миллион айып пұлға қалған ағамыздың ашынышты жағыдайы барша жұртты бір дүрліктіріп алғаны... сол әңгімеден кейін осы жағыдай маған қатты бір ой салған еді.
Қызғалдақтың ғұмыры тым нәзік қой.
Көктеммен бірге гүл ашып, күз келе көркінен айырылатын осы бір гүл шоқтары Алланың табиғатқа силаған сиы. Қызғалдақты адам қолымен жұлмасада, табиғаттың құбылысымен, маусымдардың алмасуыменде сабағынан үзіліп қалатыны айдан анық.
Әрине. Қоршаған ортамызды қорғауымыз дұрыс. Бірақта, қорғаудың жөні осы екен деп бір тал жабайы қызғалдақтың құнын бір жарым миллион деп бағалау тым масқара. Мемілекетіміздің заңымен сөйлер болсақ, бір қызғалдақ құны үш адамның құнына тең келеді.
Сонда адам құны жабайы гүлденде құны төмен болғаны ма?
Бұл туралы өткенде Алматы қаласында оздырылған асыл домбыра айтысында Нұрлан ағамызда:«жердің бәрін жат елдерге сатып беріп, жер бетіндегі қызғалдақты қоруың кімге керек?» деген өлең шумақтарын айтып көрермен көңіліне әдемі ой салып берген болатын. Жат табанына кетіп жатқан жерді жоқтамай желмен бірге жоғалар гүлді жоқтау шынымен күлкілі жағыдай ғой!...
-Жарайды. Мұның бәрін қоя тұрайық.
Қызғалдақты да қориық. Ойлап қараңыздаршы қыз ғұмыры қызғалдақтың ғұмырындай нәзікте көркем ғой. Ендеше осы нәзіктіктің нарқы қанша?
Мына қара түнек қаптап бара жатқан қоғамда қызғалдақтай сабағынан үзіліп жатқан қыздар қаншама? …
Солардың тағдырын кім ойлап, кім құнын ескерді?... Негізігі айтар идеямда осы болатын.Қыздардың тағдырына балта шапқан кейбір есерсоқтарға қарағанда, гүл жұлған ағамыздың қылмысы неге тұрмақ?...
Қызғалдақтың ғұмырын қорып, құнын кескен ағаларымыз, енді қашан қыз тағдырын қорғап, қыздың құныдылығын ескереді екен? …
Гүлжан Ыхыласқызы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенті