- 13 мам. 2021 00:00
- 332
Театр туралы қызықты деректер
Театр-мәдениет ошағы,өнер ордасы.Әр елдің мәдениетін театрына қарап тануға болады. Елімізде 20жуық театрлар бар.Театрға барған адам рухани ләззәт алып,адам жанын жадыратып,демалу үшін барады.Көріністі театрға барып өз көзіңмен көру дегеніңіз-рухани жаныңызға азық жинау деген сөз.
Ортағасырларда әйел адамдарға тек құлдар мен күлкілі кейіпкерлер бейнесін ғана сомдауға рұқсат берілген.
⠀
Әлемде билет алу жүйесі ерекше театр бар. Ол АҚШ-тың Вирджиния штатында орналасқан. «Бартер Театрына» кіру билетін ақшаға емес, тамаққа айырбастап алады.
⠀
Еуропадағы ең көне театр Хорватия елінде оналасқан.
⠀
Иония театрларында бір қолы жоқ жауынгерлердің қасына тақыр бас құлдарды отырғызатын болған. Қойылым ұнаған жағдайда жауынгерлер шапалақтау үшін бір қолымен құлдың басынан соғады екен.
⠀
Ежелгі Рим театрлары комедияларында тек гректерді күлкіге айналдырса, гректер де өз кезегінде римдіктер өмірін мысқылдайтын болған.
⠀
Сицилияда бір ай шамасына созылатын қойылым көруге болады
⠀
Алғаш рет фонограмма Ежелгі Римде пайда болған. Ливий Андроник есімді драматург пьесалар жазуымен қоса, сол қойылымдарда өзі ойнайды екен. Бір күні оның дауысы шықпай қалып, қойылымды шегерудің орнына сахна артына актер орнына сөйлейтін адам қояды.
Ал, өзі сахнада тек аузын жыбырлатып қана тұрған.
Қазақстанда қазіргі уақытта елуден аса театр бар. Тәуелсіздік алғаннан бері елде 20-ға жуық театр ашылған екен.
Аружан Мақсұт