Шектеулердің өнімді және тапқыр болуға қандай пайдасы бар?
Адамның көбі шектеулердің тек теріс жағын көріп, арманға қол жеткізудегі кедергі деп біледі. Олар өздеріне «егер ешқандай кедергі болмаса роман жазар едім, тіл үйренер, бизнес бастар едім немесе көбірек саяхаттар едім» деп айтып жатады. Ал егер де бәрі керісінше болып, дәл осы кедергілер адамның мақсатына жетуіне көмекші болып шықса ше?
ХХ ғасырдың беделді композиторларының бірі Игорь Стравинский бірде былай дейді: «Сізге қаншалықты көп шектеу қойылса, соншалықты сіз еркін бола түсесіз». Шектеулердің болмауы адамды тоқтатып қояды. Себебі сізде тым көп таңдау мен тым көп мүмкіндік бар.
Шектеулер шығармашылық үдерісті мақсатқа қарай бағыттайтын құрылымын және шегін белгілейді.
Шұғыл прототиптер
«Yahoo!»-ның бүгінгі президенті және бас атқарушы директоры Марисса Энн Майер «шектеулер мәселелерді анықтап, оларға назар аудартады және ол мәселелерді шешу үшін нақты тапсырмалармен жабдықтайды» деп түсіндіреді. Ол «Google»-дің іздеу өнімдері мен қолданушылары бойынша вице-президенті болғанда мынадай шектеулер қойғанын айтады:
- Шектеулі уақытта дайын прототиптер құру: кейде жеті күнге дейін, кейде тіпті бір күнге дейін.
- Командадағы адамдар санын үшке дейін шектеу.
Марисса Энн Майер
Майердің айтуынша, қабылданған идеялар бойынша қысқа уақыт ішінде кішігірім командамен жұмыс істеу арқылы олар бұл идеяның жақсы немесе нашар екенін тез анықтайтын болған. Егер шұғыл прототип идеяның жұмыс істемеуі мүмкін екенін көрсететін болса, олар одан бас тартатын. Және бас тарту аса ауыртпалықсыз өтетін, себебі инвестиция аз құйылған.
Бюджеттік шектеулер
«The Houdini Solution: Why Thinking Inside the Box is the Key to Creativity» атты кітабында Эрни Шенк былай дейді: «Көп жағдайда өмірдегі барлық нәрсе — қорап (жанама түрде сөз «thinking outside the box» метафорасы жайлы)». Яғни өмір шектеу мен кедергілегре толы.
Бұл біздің қарым-қатынасымызға, жұмысқа, тұратын жерімізге, банк шоттарына және тағы басқаларына қатысты. Осыған орай мынандай сұрақ туындауы мүмкін: осындай шектеудің ішінде қалайша барынша жасампаз бола аламыз? Эрнестің айтуынша, дәл осы шектеулер бізді азат етуші болып табылады.
Блэрлден шыққан жалмауыз фильмінің постері
Ол түсіріліміне 50 мың доллар кеткен «Блэрлден шыққан жалмауыз» үрейлі фильмін мысалға келтіреді. Нәтижесінде ол прокатта 240 млн. доллар табыс тапты. Осы бюджеттік шектеулер бұл фильмді табысты етті. Оқиғаны жасанды ақ-қара деректі фильм арқылы баяндайтын және тәжірибесіз оқушылармен түсірілген бұл еңбек, аудиторияға нағыз қажетті және көрермендерді шын мәнінде қорқытатын туынды болып шықты.
Уақыт шектеулері
NaNoWriMo деп аталатын сайт 30 күнде роман жазатын қолданушыларға арналған. Көп адам мұны түкке тұрғысыз идея деп есептеуі мүмкін, алайда бұл қарапайым шектеу сайттағы мыңдаған автор үшін жұмыс істейді.
NaNoWriMo қойған 30 күндік шектеу мәтін жазуды кейінге шегеріп жүрген әлеуетті жазушыға бар мүмкіндікті жасайды:
- Ол жазуды бастауға мәжбүрлейді
- Жазуға уақыт табуға мәжбүрлейді
- Ол тәртіпке үйретіп, жазу әдетін дамытуға көмектеседі
- Ол идея табуға және роман жазуға көмектеседі
NaNoWriMo шешімі — роман жазу туралы ойлай бермей, іске кірісуге тамаша әдіс.
Құрылыс блоктарындай шектеулер
Фрэнк Гери өзінің эклектикалық постмодернизмдік жобаларымен таныс. Олардың қатарында Уолт Дисней Концерт залы және Бильбаодағы Гуггенхайм мұражайы бар. Гери шектеулерді шығармашылығының іргетасы деп есептейді.
Ол нөлдік шектеулермен үй жобалауға тапсырма алғанда, бұл оның ең үлкен архитектуралық тапсырысы екенін аңғарған. Гери ол туралы былай дейді: «Бұл бір қиын кезең болды. Мен айнаға қарап, өзіме ұзақ уақыт бойы: «Мен кіммін? Не істеп жүрмін? Мұның бәрі не үшін керек?» деген сұрақтар қойдым».
Гериді шабыттандыратыны — Disney Hall-дағы акустика сияқты қатаң стандарттарды ұстану. Гери кедергілерді құрылыс блоктары ретінде көреді.
Уолт Дисней Концерт залы
Әрекет ету аймағындағы шектеулер
Дэвид Гаффни жазушы болуды қалайтын. Жазуға уақыты жоқ екенін ол жақсы білді, бірақ арманын іске асырмай қоймады. Ол күніне 150 сөзден тұратын бір-ақ оқиғадан жазып отырды. Осындай қысқа әңгімелерді көптеп жазып, жариялайды.
Бүгінде Гаффнидің қысқа әңгімелер жинағы жақсы сатылады, ал ол өз арманына жетті — жазушы болды. Бұған ол жолында кездескен шектеулер және оларды өз пайдасына асыру арқылы жетті.
Креативті ойлау
Шығармашылық бойынша автор және кеңесші Роджер фон Ох (Roger von Oech), өзінің кейбір үздік идеялары ойлары ұшы-қиыры жоқ шекарадан асып кеткенде емес, қорапта болғанда келетінін айтады. Яғни басшылық ететін нақты принциптер бар, тек соған еріп отыру керек.
Ол 64 шектеу ойлап тауып, олардың әрқайсын карточкаларға жазып қояды. Енді оған шығармашылық жоба бойынша жұмыс істеу қажет болғанда ол бір карточканы суырып алып, идея өндіру үдерісі кезінде қолданады.
Өзіңді әрекетке мәжбүрлеу
«The White Stripes» тобының әншісі Джек Уайт өзін әдейілеп шектейтінімен және өзін солардың шеңберінде жұмыс істеуге мәжбүрлейтінімен де танымал: «Өзіңізді мәжбүрлеңіз. Студияны 4 күнге жалдап, альбом жазыңыз. Шектеулі мерзім сізді шығармашыл ете түседі. Алуан түрлілі еркіндікшығармашылықты жояды».
Сонымен қатар Уайт сапасы төмен аспаптарды жиі қолданады. Олардан өзіне қажетті дыбысты алу үшін бар жігерін салады. Уайт үшін шектеу мен креатив бір-бірімен біте қайнасып жатыр.
Ақын сияқты ойлау
Неліктен ақын сияқты ойлау керек? Себебі ақын, өзі таңдаған қалыбы мен ұйқасы арқылы шектелген. Дәл осы шектеулер шығармашылыққа қажетті қиялға дем беруге, ой жинақтауға көмектеседі.
Сәттілік тілейміз!