
- 12 жел. 2017 00:00
- 333
Алматыда оқушыларға кәсіпкерлік сабағы оқытылатын болды
Қазақстан мектептерінде тұңғыш рет «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіледі. Пилоттық жоба Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы №159 көп салалы гимназиясында басталады.
Алғашқы сабақ 10-11 сынып оқушылары үшін қазақ тілінде өтеді.
Оқушылар үшін арнайы дайындалған таңдау пәнін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп әзірледі.
Жаңа пән 2018-2019 оқу жылында республика мектептерінің оқу бағдарламасына енгізіледі.
ҚазАқпарат