Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов

Сұлтан Баймағамбетов 1920 жылы Қостанай облысының Семиозер ауданындағы Қояндыағаш аулында туады. Қызыл Армия қатарына 1940 жылы шақырылады. КПСС мүшесі. 67-армияның 43-Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы 147-атқыштар полкі 2-пулемет ротасының бөлімше командирі Сұлтан Баймағамбетов өзінің өшпес ерлігін Синявино-Мгинск учаскесінде Ленин қаласы үшін болған ұрыста көрсетті. Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ оған қайтыс болғаннан кейін 1944 жылдың 21 ақпанында берілді.

Сұлтан — кеңес мектебі мен Ленин комсомолының түлегі. Ауыр жорықта, азапты ұрыстар оның қайрат-жігерін шынықтыра түсті.сүйкімді жолдас, тамаша мерген, таңдаулы пулеметчик, жауынгер коммунист Баймағамбетов Сұлтанды бәрі ұнататын-ды. Сондықтан да оның рота парторгі болып сайлануы кездейсоқ емес еді.

Сұлтан Баймағамбетовтың соғыстағы екі жылы ұрыстың от-жалыны ішінде өтті. Осы уақыт ішінде от төрт рет жараланды, бірақ госпитальда ұзақ жатпады; әюден айықпай-ақ Отанымыздың қымбат та сүйікті жері үшін қанын бірге төккен жауынгер достарына оралып отырды.
Ленинград майданының Синявино-Мгинск участогіндегі Сұлтан қызмет атқарып жүрген бөлімше шабуылға шығу жөнінде бұйрық алды. Фашистер пулеметтен күшті оқ жаудыып, біздің шабуылымызды кідіріп қалды. Осы кезде аға сержант Баймағамбетов дзотқа қарай еңбектей жөнелді. Жауынгерлер демін ішіне тартып, оның әр қимылын қадағалаумен болды. Дзотқа 20-25 метр қалған кезде ол амбразураға дәлдеп бірнеше гранат лақтырды. Жау пулемет расчетының үні өшті. Кеңес жауынгерлері алға ұмтылды, бірақ тап осы кезде жаудың басқа дзотынан оқ атылды. Сұлтан Баймағамбетовтың бір де гранаты қалмады. Ол амбразураға бірнеше дүркін оқ атты, бірақ ештеңе шықпады; жау пулеметі біздің жауынгерлерімізге ажал оғын өршелене жаудыра берді. Жауынгрелер қайтадан жата қалуға мәжбүр болды.

Қазақстандық жауынгре мұны көріп, қайткенде де фашист пулеметінің үнін өшірмек болды. Ол дзотқа еңбектеп барып, кенет ұшып түрегелді де өзінің денесімен амбразураның аузын жапты. Жау пулеметінің үні өшті.

Сұлтанның жауынгер досы, рота командирі Иван Филиппов: «Біздің Сұлтан үшін, алға!» — деп ұран тастап, өз жауынгерлерін шабуылға бастай жөнелді. Ұрыста біз ұттық.

Отан үшін күресте қаза болған Батырдың даңқы ешқашан да өшепйді. Оның даңқты есімі өзі қызмет атқарған бөлімше жауынгерлерінің тізіміне мәңгі жазылған. Қояндыағаш ауылының еңбекшілері өз қаржыларына Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов атында танк жасатты. Қостанайдың, Құсмұрынның көшелері мен Сұлтанның туған совхозы Батырдың есімімен аталды. Халық ақындары Батырдың есімі мәңгі өшпейтіні жайлы жыр толғады. Қазақстандық Сұлтан Баймағамбетов мәңгі өмір сүретіндер сапында келеді.

Оқуға кеңес береміз:

Әлия Молдағұлова

Беда Леонид Игнатьевич


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама