Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сырбай Мәуленов

Сырбай Мәуленов (1922 — 1993)  Ұлы Отан соғыс ардагері. Абай атындағы Алматы мемлекеттін университетін 1973 жылы бітірген. 1943 — 1950 жылдары Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болып істеді. Тұнғыш өлені Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдерім" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді.

С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қазыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеуі де 1979 жыл). "Жанбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981 жыл); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар жоғары бағаланды. 1958 жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы. 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 1981 — 1984 жылдары "Таңдамалы шығармалары", "Алтың тасқын" 1 т. 1981, "Өлендері" 2 т., 1983 жыл; "Өлендерім", 3 т., 1984 жылы жарияланады.

Мәуленов — белгілі журналист. Мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 жылы республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жылы кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 жылы Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары, лениндік ұлт саясатының бағыта баяндалаған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963 жыл), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды. Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А.А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығынаң лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.

Оқуға кеңес береміз:

Сырбай Мәуленовтың өлеңдері

Сырбай Мәуленовтың нақыл сөздері


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама