Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Табиғат ғажайыптары: ЮНЕСКО-ның сіз естімеген мұралары

1972 жылы бүкіл адамзаттық құндылықтар мен қолжетпес асыл мұраларды сақтап қалу мақсатында, ЮНЕСКО ұйымы бүкіләлемдік мәдениет пен табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды. 
Табиғаттың қайталанбас  ескерткіштері мен бұрыштары ЮНЕСКО-ның арнайы тізіміне енді. 2015 жылдың соңына таман, бүкіләлемдік мұра тізіміне 1007 обьект кірген, оның ішінде, 779-ы мәдени мұра, 197-сі табиғи, ал, қалған 31-і аралас екен.

Елдер арасында көшбасшылықты Италия, Испания және Қытай мемлекеттері бастайды. Венеция, Ұлы Қытай қорғаны немесе атақты Антонио Гаудидің туындылары көпшілікке жақсы таныс. Десе де, біз бұл туралы емес, сіз естімеген басқа табиғи мұраларды зерттеуді жөн көрдік. Әсемдігі мен  ерекшелігі жағынан аталмыш обьектілерден еш кем түспейтін табиғи мұралар.

Те-Вахипунаму, Жаң​а Зеландия

Жаңа Зеландияның оңтүстік аралында қатарынан 4 ұлттық парк орналасқан. Аймақта ежелгі суперматерик Гондвананың көптеген табиғат ғажаптары сақталған. Парк аумағында мұздықтар, сарқырама мен тығыз ормандар, сондай-ақ, табиғи жағдайда өмір сүретін пингвиндер мен теңіз мысықтарын кездестіруге болады.

Реюньон, Франция

Францияның жеке иелігіндегі бұл арал Үнді мұхитында Мадагаскардан шығысқа қарай, 800 шақырым қашықтықта орналасқан. 2500 шаршы шақырымды құрайтын аумақта қаймағы бұзылмаған ормандар, көз жауын алар шығанақтар, тропикалық өсімдіктер мен Питон-де-ла-Фурнез вулканы орын тепкен. Аралдың 40 пайызын құрайтын ұлттық парк ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұра тізіміне енген.

Сокотра, Йемен

Төрт арал мен екі жартастан құралатын Үнді мұхитындағы бұл архипелаг жырақта орналасуымен белгілі. Ғылыми жорамалдар бойынша, ол Африкадан 6 млн жыл бұрын бөлініп, мұхитта қалықтап жүзіп жүрген. Адам баспас табиғаты мен ешкімге ұқсамас өсімдіктері әлем ғалымдарын әлі күнге дейін, әуре-сарсаңға салып келеді. Сокотраның ең танымал эндемиялық өсімдігі-қызыл Драцена.

Клуэйн, Рангел — Сент-Элайас, Глейшер-Бей и Татшеншини-Алсек, Канада/Аляска

Парктер жүйесі екі ел АҚШ пен Канаданың шекарасында орын тепкен. Парктер аймағында поляр мұздықтары мен Канаданың ең биік таулары мен массивтері орналасқан. Мұхитқа жақын орналасуы мен көлемінің үлкендігі, бұл мекенде ерекше өзіндік табиғат қалыптасуына себеп болған.

Унианга, Чад

Чад елінің солтүстік шығысындағы көлдер тобы 20 шаршы шақырымды құрайтын 18 көлден құралған. Бұл жердің шөлейт мекені үшін таңғажайып гидрожүйе. Мұндағы су тәтті, көлдің түбіндегі әртүрлі өсімдіктер судың тез құрғап кетпеуін қамтамасыз етеді. Зерттеушілердің пікірінше, 5500 жыл бұрынғы Сахардағы алып көлдің қалдығы.

Сираками-Санти, Жапония

1300 шаршы шақырымға ие бұл тау қорығы Жапониядағы Хонсю аралының солтүстігінде орналасқан. Қорықта түрлі шырша, қайың және т. б . ағаштар тіршілік етеді. Сондай-ақ, Шығыс Азиядағы  жалғыз шамшат ормандары көз қуантады. Аймақтың біраз бөлігін ЮНЕСКО өз қорғауына алған.

Фьорд Илулиссат, Гренландия

40 шақырымдық Илулиссат фьорді 5 шақырымдық мұздықтардан сырғитын айсбергтерге толы.Дрейф жасап, сырғанап жүретін мұз бөліктері әртүрлі көлемімен ерекшеленеді. Үнемі қозғалыстағы айсбергтердің сыңғырлаған дыбысы бірнеше шақырым қашықтықтан естіледі.

Альдабра, Сейшел аралы

Бұл Рождество аралынан кейін, көлемі жағынан 2-ші атолл. Аралда тасбақалардың ерекше түрін жолықтыруға болады. Альдабра- өркениет әсер ете алмаған жалғыз кораллдық атолл


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама